Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданы әкімінің 2019 жылғы 29 тамыздағы № 19 " Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданы бойынша сайлау учаскелерін құру туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

 

                                                                                                                                     ЖОБА

 

                                           

 

 

 

 

 

 

Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданы әкімінің 2019  жылғы 29 тамыздағы № 19 " Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданы бойынша сайлау учаскелерін құру туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

 

 

          «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 26-бабына сәйкес, ШЕШТІ:

  1. «Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданы бойынша сайлау учаскелерін құру туралы» Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданы әкімінің 2019 жылғы 29 тамыздағы  № 19 шешіміне  (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6137 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін.

Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Абай ауданының сайлау учаскелері жаңа редакцияда жазылсын.

  1. «Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы шешімнің Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы шешім мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін Абай ауданының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жолданылуын;

3) осы шешімді ресми жарияланғанынан кейін Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

  1. Осы шешімнің орындалуын бақылау жасау Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданы әкімінің аппарат басшысы Д.Маратұлына жүктелсін.
  2. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Лауазымы                                                            Аты-жөні

 

                  Келісілді:

Аумақтық сайлау комиссиясының

төрағасы Т.Ерденбеков_________

«___»__________20__ж.

Дата публикации
23 февраля 2022