Азаматтық хал актілерін тіркеу саласындағы жекелеген мемлекеттік қызметтерді көрсету туралы ақпарат.

Қазақстан Республикасында төтенше жағдайдың енгізілуіне байланысты, азаматтардың денсаулығын қорғау мақсатында, азаматтық хал актілерін тіркеу саласында жекелеген мемлекеттік қызметтерді «электрондық үкімет» веб-порталы (www.egov.kz) арқылы алу мүмкіндігі бар екендігіне азаматтардың назарын аударамыз (туу мен қайтыс болуды тіркеу, қайталама куәліктер беру).

Сонымен қатар, ҚР Әділет министрінің 2020 жылғы 19 наурыздағы            № 103 бұйрығымен Азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеуді ұйымдастыру, азаматтық хал актілерінің жазбаларына өзгерістер енгізу, қалпына келтіру, күшін жою тәртібі қағидаларына толықтыру енгізілді.

Толықтыруға сәйкес, «Неке (ерлі-зайыптылықты) қию, ерлі-зайыптылардың бірлескен өтініші негізінде неке (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы алғашқы рет берілетін куәлік, баланың ата-анасының бірлескен өтініші негізінде әкелік (аналық) анықталғаннан кейін берілетін алғашқы немесе қайталама туу туралы куәлікті қоспағанда, куәліктер мемлекеттік қызметті алушының өтінішінде көрсетілген тұрғылықты жеріне пошта байланысы арқылы жолданады».

Дата публикации
16 апреля 2020