«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға жалпы конкурс туралы хабарлама

«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға

жалпы конкурс туралы хабарлама

 

«Шығыс Қазақстан облысы Абай аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі, 070100,  ШҚО Абай ауданы, Қарауыл ауылы, Құнанбай көшесі 14, анықтама телефоны 8(72252) 9-21-76, электронды пошта: e.makhat@akimvko.gov.kz (1 файлдың барынша рұқсат етілген өлшемі 30 мб)  «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға жалпы конкурс жариялайды.

«Шығыс Қазақстан облысы Абай аудандық мәслихатының аппараты»  ММ, Ұйымдастыру, кадр және құқық бөлімінің бас маманы Е-4 санаты, «А» блогы, (№01-04-1) 1 бірлік, орташа лауазымдық айлықақы 243700 теңге. 

           Функционалдық міндеттері:

Аудандық мәслихаттың шешімдерін, өкімдерін, қаулыларын және қорытындыларын қабылдаған кезде Қазақстан Республикасы заңнамасының сақталу мәселелері бойынша аудан әкімі аппаратының заң бөлімімен, аудандық прокуратурамен, ауданның ішкі істер бөлімімен, әділет департаментімен өзара байланысты қамтамасыз етеді.

Құқықтық жалпы оқуды ұйымдастыруды қамтамасыз етеді.

Қазақстан Республикасының «Құқықтық актілер туралы» Заңына сәйкес әділет департаментіне тіркеу үшін аудандық мәслихаттың шешімдерін дайындайды және әділет департаментіне мемлекеттік тіркеуден өткен нормативтік құқықтық актілердің бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауына бақылау жасайды.

Нормативтік құқықтық актілердің мониторингін жүргізеді.

Әділет департаментіне  мемлекеттік тіркеуден өткен нормативтік құқықтық актілердің бұқаралық ақпарат құралдарында және аудан әкімінің ресми сайтында жариялауына бақылау жасайды.

Құқықтық нормативтік актілердің қағаз түрінде және электрондық тіркелімін жүргізеді.  Мәслихат қабылдаған актілердің тоқсан сайынғы тізімдемесін дайындайды.

Аудандық мәслихат шешімдерін тіркеу журналын жүргізуді қамтамасыз етеді.

Сессияны дайындау және өткізуге қатысады.

Сессияның тұрақты және уақытша комиссиялардың материалдарын және  басқа да аудандық мәслихаттың қызметтік құжаттарын мемлекеттік тілде басып шығаруды қамтамасыз етеді.

               Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Жоғары, мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайды орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі «Құқық» (құқықтану), барларға рұқсат етіледі.

Жоғары білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

      Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару.

Жалпы конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар тапсырылады:

1) «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;

 2) 3х4 үлгідегі түрлі түсті суретпен осы қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес нысанда толтырылған «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына кандидаттың қызметтiк тiзiмі;

3) бiлiмi туралы құжаттар мен олардың көшірмелерінің нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi;

«Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленуші, сондай-ақ өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын Қазақстан Республикасының азаматтарына шетелдік жоғары оқу орындары, ғылыми орталықтары мен зертханалары берген білім туралы құжаттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдік білім беру ұйымдарында алған білімі туралы құжаттарының көшiрмелерiне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды нострификациялау немесе тану куәліктерінің көшірмелері қоса беріледі.

«Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленушілерге берілген бiлiмi туралы құжаттарға «Халықааралық бағдарламалар орталығы» Акционерлік қоғамы берген Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясы бойынша оқуды аяқтау туралы анықтаманың көшірмесі қоса беріледі.

Өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын бiлiмi туралы құжаттардың көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды тану туралы анықтаманың көшірмелері қоса беріледі.

Персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) «Е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесі арқылы кандидаттың (осы Қағидалардың 79-тармағында көрсетілген адамдарды қоспағанда):

1) құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификаттың;

2) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы қорытындының бар болуын тексереді.

Осы Қағидалардың 76-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсынуға рұқсат етіледі.Бұл ретте, персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) құжаттардың көшірмелерін түпнұсқалармен салыстырып тексереді.

Жалпы конкурсқа қатысу үшін мемлекеттік қызметші және Заңның 27-бабы 8-тармағы бірінші бөлігінде көрсетілген адам келесі құжаттарды тапсырады:

1) Өтініш;

2) тиісті персоналды басқару қызметімен құжат тапсырғанға дейін бір айдан аспайтын уақытта расталған қызметтік тізім.

Жалпы конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар «Шығыс Қазақстан облысы Абай аудандық мәслихатының аппараты»  ММ құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Құжаттардың толық пакетін қолма-қол тәртіпте немесе почта арқылы тапсырған кандидаттарға конкурс комиссиясының хатшысы осы Қағидалардың 5-қосымшасына сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдау туралы қолхатты береді.

Құжаттардың толық емес пакетін немесе дәйексіз мәліметтерді ұсыну комиссияның хатшысымен оларды қабылдаудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Құжаттардың толық пакетін электрондық түрде электрондық почта мекенжайына тыпсырған кандидаттарға қолхат электрондық түрде кандидаттың электрондық почта мекенжайына жолданады.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Құжаттарды қабылдау мерзімі (7 жұмыс күні), ол жалпы конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі. Құжаттарды мына мекен-жайға тапсыру қажет: Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданы Қарауыл ауылы Құнанбай көшесі 14, «Шығыс Қазақстан облысы Абай аудандық мәслихатының аппараты»  ММ, 2 - қабат, №20 кабинет, e-mail: e.makhat@akimvko.gov.kz

Конкурс қатысушылардың дәйексіз мәліметтерді ұсынуы оларды әңгімелесуге жіберуге бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Жалпы конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны әңгімелесуге кандидаттарды жіберу туралы оларды хабардар еткен күнннен бастап үш жұмыс күні ішінде «Шығыс Қазақстан облысы Абай аудандық мәслихатының аппараты»  ММ-де өтеді.

Жалпы конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттармен әңгімелесу қажет болған жағдайда қашықтық бейнебайланыс құралдары арқылы өткізілуі мүмкін.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады. Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде он сегіз жасқа толған Қазақстан Республикасының азаматтары, оның ішінде мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның жұмыскерлері қатыса алады.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының немесе персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) шешiмiне шағымдана алады.

Конкурс комиссиясының шешімі қабылданған күннен бастап бес жұмыс күннен кешіктірмей уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне конкурс комиссиясының немесе персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) шешіміне шағым беру, уәкiлеттi органның немесе оның аумақтық бөлiмшесiнiң келіп түскен шағым бойынша тиісті шешім қабылдауына дейін конкурс комиссиясының шешімінің қолданылуын тоқтата тұруға негіз болып табылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
16 февраля 2022