Абай ауданының 2021 жылдың 12 айлық әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы

Абай ауданының 2021 жылдың 12 айлық

әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы

 

Өнеркәсіп.  2021 жылдың қаңтар-желтоқсан айы бойынша өндіріс орындары қазіргі бағамен  5 500,1 млн. теңгенің тауарлық өнімдерін өндірді, өндірілген өнім көлемінің индексі 105,9 пайызды құрады. Облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау тарапынан берілген жоспар-тапсырма 110,0 пайызға орындалды. Оның ішінде 4 728,0 млн. теңге (былтырғы жылмен салыстырғанда 102,7 пайыз)  тау-кен өнімдері,  401,9 млн. теңге (95,1 пайыз) өңдеу өнеркәсібі.

Ауыл шаруашылығы. Ауыл шаруашылық өнімдерінің жалпы шығарылымы 33 723,9 млн. теңгеге орындалды, индексі 105,2 пайыз. Жоспар-тапсырма 100 пайызға орындалды.

Инвестиция. Негізгі капиталға тартылған инвестиция көлемі 3 673,3 млн.теңге, индексі 50,4 пайызды құрайды. Жоспар-тапсырма 104,9 пайызға орындалды.

Бөлшек сауда тауар айналымы 2 282,2 млн. теңгені құрайды, индексі 104,7 пайыз. Жоспар-тапсырма 104,4 пайызға орындалады.

Тұрғын үй. Қаңтар- желтоқсан айында 6 420 шаршы метр жеке тұрғын үй құрылысы салынды, былтырғы жылмен салыстырғанда – 108,8 пайыз. Жоспар-тапсырма 100,0 пайызға орындалды.

4 179,8  млн. теңгенің құрылыс монтаж жұмыстары атқарылады,  индексі 49,4 пайыз. Жоспар-тапсырма 139,3 пайызға орындалды.

Кіші және орта бизнес. Қаңтар-желтоқсан айында жұмыс істеп тұрған кіші және орта кәсіпорындар саны 1 101 бірлік, былтырғы жылмен салыстырғанда 106,3 пайыз. Берілген жоспар-тапсырма 103,9 пайызға орындалды.

2021 жылғы  бюджеттің игерілуі туралы. Абай ауданы бойынша         

1 қаңтар 2022 жылға бюджет жоспары  5 658 068,0 мың теңгеге жоспарланған, орындалуы  5 613 712,4  мың теңге.  Қалған қаржы  44 305,6  мың теңге немесе 99,2  пайыз.

          Ұлттық қор есебінен ТҮКШ және АЖ бөлімінде  44 130,0 мың теңге үнемделген қаржы қалады, оның ішінде Ұлттық қор есебінен Қарауыл ауылындағы Тоқтамыс көшесіндегі 2 пәтерлі 1 қабатты үйлерге  ИКИ  (су құбыры желісі мен электр жүйесі) құрылысынан 27 736,1 мың теңге, облыстық бюджет есебінен 16 393,9 мың теңге. 175,6  мың теңге ұсақ қалдықтар есебінен  қалды.

           12 айда меншікті кірістер 1 025 315,5 мың  теңгеге орындалды, былтырғы жылмен салыстырғанда 126,4 пайыз.

Жұмыспен қамту. Жұмыспен қамту бойынша өкілетті органдарда есепте тұрған жұмыссыздардың саны 57 адам. Ресми жұмыссыздықтың деңгейі 4,2 пайыз. Жаңадан 417 жұмыс орыны ашылды. 647 адам жұмысқа орналасты. Қоғамдық жұмысқа 385 адам тартылды.

Орташа еңбек ақы 184 281 теңге, 2020 жылмен салыстырғанда 126,9 пайызға жоғары.

Қоғамдық тәртіп. Жыл басынан 54 қылмыс тіркелген (ашылуы 72,9 пайыз), былтыр осы мерзімге 59 қылмыс тіркелген болатын. 2021 жылы         8 ауыр қылмыс тіркелді (ашылуы 50 пайыз), 2020 жылы 14 ауыр қылмыс тіркелген.

Рейтинг. Шығыс Қазақстан облысы бойынша ауданның әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері рейтингісінен 2021жыл қорытындысында аудан 6 орында, яғни даму қарқыны жоғары аудан қатарындамыз.    

 

Экономика және қаржы

бөлімінің басшысы                                                                                 Қ.Қариев

 

Дата публикации
15 февраля 2022