Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шығыс Қазақстан облысындағы Әдеп жөніндегі кеңесінің 2022 жылғы 28 қаңтардағы отырысының қорытындысы туралы
Ағымдағы жылдың 28 қаңтарында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шығысқазақстан облысы бойынша департаментінің басшысы Н.Т.Еркебаевтың төрағалығымен ШҚО Әдеп жөніндегі кеңесінің отырысы өтті.
Әдеп жөніндегі кеңестің отырысында облыстық ауылшаруашылығы басқармасының басшысы В.Х.Гайламазянға қатысты тәртіптік іс қаралып, оның қорытындысы бойынша Әдеп жөніндегі кеңестің мүшелері кәсіпкерлермен өткен кеңестердің бірінде қызметтік әдеп нормаларын бұзғаны үшін, сондай-ақ лауазымдық міндеттерін атқару барысында субсидиялар төлеу мәселесіне байланысты бұзушылыққа жол бергені үшін облыс әкіміне оған лауазымын төмендету түріндегі тәртіптік жаза қолдану ұсынуды шешім қабылдады.
Сондай-ақ, кеңес отырысында Тарбағатай ауданының ауылдық округтерінің бірінің әкімі С.Б.Қалиевке қатысты мемлекеттік қызметке кіркелтіретін тәртіптік теріс қылық жасау белгілері бойынша тәртіптік іс қаралды.
Мән-жайларды талқылау және жан-жақты қарау нәтижелері бойынша тәртіптіктер іс қылық құрамының болмауына байланысты Әдеп жөніндегі кеңес оған қатысты тәртіптік істі тоқтатты.
Сонымен қатар, Әдеп жөніндегі кеңестің отырысында Әдеп жөніндегі кеңесте қаралған шешімдерге талдау жасау қорытындылары және мемлекеттік органдарда мемлекеттік қызмет саласындағы заңнаманы сақтау мәселелері бойынша жүргізілген тексерулерге талдау жасау қорытындылары қаралды.
________________________________________________________
ШығысҚазақстаноблысындағыӘдепжөніндегікеңестіңХатшылығы