Пресс-релиз
Шығыс-Қазақстан облысы, Абай ауданында
2022 жылғы 3 ақпандағы Дүниежүзілік сайлау күнін өткізу туралы
Жыл сайын ақпанның бірінші бейсенбісінде барлық елдерде 2005 жылы Будапештте (Венгрия) сайлау органдарының кәсіби мерекесі ретінде құрылған Дүниежүзілік сайлау күні атап өтіледі. Дүниежүзілік сайлау күнін атап өту дәстүрі Қазақстан Республикасы толық құқылы мүшесі болып табылатын Еуропа елдерінің сайлауын ұйымдастырушылар қауымдастығымен (ЕЕСҰҚ) басталған.
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының бастамасы бойынша 2022 жылғы 3 ақпанда Абай аудандық аумақтық комиссиясы Ашық есік күнін өткізді, сайлау комиссиялары мүшелерінің оқу орындарының оқушыларымен «Таңдау және сайлану Конституциялық құқығы» тақырыбында кездесу жоспарланған.
Абай ауданында 14 сайлау комиссиясы құрылған, оның ішінде 1 аумақтық және 13 учаскелік сайлау комиссиялары, жалпы саны 82 адам.
Ұйымдастырушылардың алдына қойған негізгі міндеті-сайлаудың негізгі демократиялық қағидаттар мен постулаттарды біздің еліміздің азаматтарының санасына сіңірудегі рөлін ашу, жас сайлаушылардың өз құқықтарын білуі және түсінуі және Конституциямен кепілдендірілген демократиялық бостандықтарды жүзеге асыру аясында тікелей немесе еркін сайланған өкілдері арқылы мемлекетті басқаруға қатысу мүмкіндігі.