Бір кезек - бір талон: автосақтандыруды мамандандырылған ХҚО-да рәсімдеу мүмкін болды
Енді автокөлікті мамандандырылған ХҚО-да тіркеу немесе қайта тіркеу кезінде клиент сақтандыру полисін сатып ала алады. Енді басқа терезелерден кезекке тұрудың немесе «көмекшілерден» сақтандыруды ресімдеудің қажеті жоқ.
Қазіргі таңда бұл қызмет Өскемен және Семей қалаларында қолжетімді.
Автокөлікті қайта тіркегеннен кейін клиенттерге ақпараттық жүйелері бір-бірімен біріктірілген сақтандыру ұйымын таңдау ұсынылады.
«Мамандандырылған ХҚО-да автокөлікті сақтандыруы автоәуесқойлардың уақытын үнемдеуге мүмкіндік береді. Бір терезеде олар көлікті қайта рәсімдеп, оны бірден сақтандыра алады", - дейді филиал директоры Азамат Есембулов.
Мемлекеттік корпорацияда автокөлік иелеріне автокөлікті мобильді банктік қосымшалардың көмегімен қайта ресімдеуге болатындығын еске салады.
Мобильді банкинг арқылы көлік құралдарын қайта тіркеу сервисі Kaspi және Halyq Homebank қосымшаларында онлайн қолжетімді. Автокөлікті сату немесе сатып алу үшін қосымшаны ашып, «төлемдер» санатын таңдау керек. Бұдан әрі – «мемлекеттік қызметтер, айыппұлдар мен салықтар» төлем түрі. Тізімде «автомобильді қайта ресімдеу» қызметін табыңыз. Келесі әрекеттердің екі нұсқасы ашылады: сатушы мен сатып алушы үшін.
Тіркеу барысында сатып алушы мемлекеттік баж салығын төлейді және нөмірді таңдайды. Машинаны сатып алушы тіркегеннен кейін арнайы шоттан ақша автоматты түрде сатушыға аударылады. Осылайша, бірнеше рет басу арқылы мамандандырылған ХҚКО-ға жүгінбей, көлікті қайта ресімдеуге болады.
"Азаматтарға арналған үкімет" ШҚО
бойынша филиалының баспасөз қызметі