Абай аудандық мәслихатының «Абай ауданында мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» 2021 жылғы 3 қарашадағы № 14/3-VІІ шешіміне өзгеріс енгізу туралы

          Абай аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

  1. Абай аудандық мәслихатының «Абай ауданында мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» 2021 жылғы  3 қарашадағы  № 14/3-VІІ  шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 25141 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:

          көрсетілген шешіммен бекітілген Абай ауданында мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды  жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу мөлшері мен тәртібін айқындау туралы Қағидаларында:

          7-тармақ келесі редакцияда жазылсын:

          «7. Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу мөлшері оқу жылы ішінде ай сайын әр мүгедек балаға төрт айлық есептік көрсеткішке тең.».

  1. Осы шешім  оның алғашқы  ресми  жарияланған  күнінен  кейін  күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Лауазымы                                                                            Аты-жөні

Дата публикации
24 января 2022