Медеу ауылдық округінің әкімі Жақсылықов Роллан Маратұлының есепті баяндамасы

 Медеу ауылдық округінің әкімі Жақсылықов Роллан Маратұлының есепті баяндамасы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 5 ақпанындағы                                  № 190 «Орталық атқарушы органдар басшыларының, әкімдердің, ұлттық жоғарғы оқу орындары рекорларының халыққа есеп беру кездесулерін өткізу туралы» Жарлығына сәйкес еліміз бойынша барлық деңгейдегі әкімдердің есеп беру кездесулері жүргізілуде.

Коронавирус пандемия кезінде Медеу ауылдық округіне  қарасты шаруа  қожалығының жетекшілері ауылымызға көмек жасады. 3 бас МІҚ,               4 бас жылқы және де азық-түліктей ауылдағы жалғыз басты аналарға, көп балалы отбасыларына, аз қамтылған жанұялар мен тыл ардагерлеріне жалпы жины 44  отбасына арнайы құрылған  комиссияның  ұйғарымымен теңдей үлестірілді.

Жеңіс саябағы  күрделі жөндеуден өткізілді, бұған жергілікті бюджеттен 1 млн теңге қаралып, қалған жетпеген қаражатты  Ұлы отан соғыс ардагерлерінің ұрпақтары қосылып демеушілік жасады. Ауылымыздың маныңда орналасқан «Нысан абыз» кесенесін мектеп бітіргенде 30 жыл болған 1974 жылғы түлектері өз қаражаттарына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізді.

        Медеу ауылдық округ әкім аппараты ғимаратының сыртқы қоршауы жаңадан жасалып койылды.  Ендігі кезекте жастар саябағы мен Жеңіс саябағын  қоршауын толықтай ауыстыру жоспарда түр. Ауылымызда көптен бері шешілмей келе жатқан мәселенің бірі интернет желісі, бұл бағытта жұмыстар толығымен журуде, қазіргі танда жер учаскілерінің құжаттары рәсімделді.

                                                           Бюджет

         

 Бюджеттен бөлінген қаражат мақсатты жұмсалып, мемлекеттік сатып алу процедурасы заң аясында өткерілуде. «Медеу ауылдық округі әкімінің

аппараты» мемлекеттік мекемесіне 2021 жылға қаралған– 22 млн 695 мың теңге болса, оның – 22 млн 695 мың теңгесі игерілді немесе орындалуы пайызы 100 пайызды құрады. Жергілікті өзін-өзі басқаруға қаражат орындалысы да 100 пайыз.           2021 жылғы салық бойынша жеке тұлғалардың жер, мүлік, жеке меншік көлік, табыс салықтарын жинау 100 пайызға орындалды.

 

Ауыл шаруашылығы

Медеу ауылдық округінің жер көлемі 231552 гектар, ауылшаруашылық жерлер  гектар, жайылым 143186 гектар.          Ауылда ауылшаруашылық өнімдерін өндірумен 51 шаруа қожалығы және 71 жеке меншік қосалқы шаруашылық айналысуда. Ауылымызға қарасты «Айбар» шаруа қожалығы қазіргі танда сүт өнімдерімен  аудан орталығын толық қамтуда, өнім түрлері; сары май, ірімшік, қатық, құрт, ендігі жоспарда тандем сусының шығару.

          Округтегі негізгі шаруашылық күн көріс көзі мал шаруашылығы. Бүгінгі таңда ауылдық округ бойынша МІҚ- 7750 ,  қой-ешкі – 7018,  жылқы 5516  малдары  өсірілуде. 4 шөп бригадасы қатаң мал азығын  дайындады.     

Ауыл бойынша 40 техника тіркеуде тұр. 10 ауыл шаруашылық техникасы бар.

 

Ветеринария

          Мал ауруларының алдын алу мақсатында бекітілген жоспарға сәйкес ветеринарлық профилактикалық іс-шаралар жүргізілді. 

          Медеу ауылдық округінде 3 мал дәрігері тұрақты жұмыс істеуде.

Серологиялық әдіспен бруцеллез ауруына қарсы:

          а) МІҚ-  9376 бастан бруцеллез ауруына қарсы қан алынды «оң» нәтиже бергені 1 бас.

          б) Қой –ешкі малдарынан 12196 -бастан  бруцеллез ауруына қарсы қан алынып,тексерілді ауру мал анықталған жоқ.                        .

          в) Ет қоректілерден - бастан бруцеллез ауруына қарсы  қан алынды.                                               «Оң»  нәтиже бергендері жоқ.

  1. Аусыл ауруына қарсы МІҚ- 17700 бас, Қой-ешкі    19530 бас  егілді.
  2. Сібір жарасы  ауруына қарсы:    жылқы   4300 –бас, МІҚ  8800 бас, ұсақ малдан 9400 бас  егілді.
  3. МІҚ дерматитіне қарсы - 7900 бас егілді.
  4. Қарасан ауруына қарсы МІҚ – 5900 бас егілді.

Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау

Жұмыспен қамту бойынша өкілетті органдарда есепте тұрған жұмыссыздардың саны 5 адам. Жаңадан  жұмыс орыны ашылды. 4 адам жұмысқа орналасты. Қоғамдық жұмысқа 14 адам, әлеуметтік жұмыс орындарына 2 адам тартылды.

Округ бойынша 2021 жылы атаулы әлеуметтік мемлекеттік жәрдемақы барлығы – 4 отбасына 40 адамға 1 млн 794 мың 324 теңге,

Округ бойынша 1 әлеуметтік қызметкер 2 адамға үйде арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетеді.

Тұрғын үй көмегі 2 отбасы 62751 теңге

 

2021 жылғы салық жинау

Жеке тұлғалардың жер салығы жоспар бойынша 2213 теңге, орындалысы 100 пайыз, мүлік салығы жоспар бойынша 11574 теңге, жеке меншік көлік салығы жоспар бойынша 740685  теңге, Орындалысы жоспардан жоғары пайызда яғни 754472 мың теңгеге орындалды.

 

Санитарлық тазазалық, көгалдандыру және аббатандыру  жұмыстары

Санитарлық тазалық жұмыстары бойынша елді мекендерді көріктендіру, көгалдандыру, санитарлық және экологиялық жағдайын жақсарту мақсатында 2021 жылдың сәуір, мамыр айларыаралығында  "Елді мекендерді санитарлық тазалау,көркейту және көгалдандыру жөніндегі көктемгі екі айлық тазалық айлығы" өткізілді.

Екі айлық тазалық айлығы аясындағы жұмыстарға Медеу ауылдық округі бойынша жалпы 4 ұжымнан 70-ге тарта адам қатысты, 2 техника оның ішінде 1 тиегіш, 2 жүк тасымалдайтын техникалар тартылып, 1500 тонна күл-қоқыс шығарылды.

Жастар саябағына гулдер және ағаштар отырғызылды. Демалыс орындарына жаңадан шамдар қойылды. Балалар ойнайтын орын толықтай боялды.

                                 

                                                 Денсаулық сақтау саласы

Медеу фельдшерлік  - акушерлік пункті -430 ауыл тұрғынына  медицналық  көмек  көрсетеді. Коронавирус пандемиясы індетіне қарсы игілу жұмыстары бойынша  Медеу ауылдық округінің тұрғындары толықтай вакцинациядан өтті. Осы сәтті пайдаланып фельдшерлік пунктың қызметкерлеріне үлкен алғысымды білдіремін.

          ФАП-та 2адам  жұмыс жасайды.    

          Туған  бала саны-5. 

          Қайтыс  болған   адамдар  саны -3.                    

          Емханаға қаралған  адамдар  саны  -400. 

          Қатерлі ісікпен ауырған 0- адам.

           

Білім беру саласы

«Медеу орта мектебі» КММ-і  бойынша 2021-2021 оқу жылында мектепте 39 оқушы болды. Оның 5 оқу озаты, 19-оқу екпіндісі. Оқу сапасы 67 пайыз болды. 2020-2021 оқу жылында мектепті 2 оқушы бітіріп,1-уі «Алтын белгі» иегері.ҰБТ-ң нәтижесі бойынша орта балл-92. «Алтын белгі» иегері Қабышева Айзере ҰБТ-н 123 балл жинап Астана қаласындағы «Евразиялық ұлттық университетінің » І курс студенті.Жанарбекұлы Елзат Алматы қаласындағы энергетика және байланыс университетінің І курс студенті. 2021-2022 оқу жылында 11-сыныпта екі оқушы оқиды. І тоқсанның қорытындысы бойынша екеуіде оқу екпіндісі болды. Бақытбекқызы Сымбаттың таңдауы шығармашылық жұмыс.Семей қаласындағы Шәкәрім университетінің фиология факультетіне бармақшы. Омарова Әлемнің таңдау пәні физика.

2020-2021 оқу жылында мектепке бюджет тарапынан ақша бөлініп 19 млн 395 мың теңгеге  мектептің жылу қазандығы ағымдағы күрделі жөндеуден өтті.

 

             

Қоғамдық тәртіп

       Округке 1 учаскелік полиция инспекторы бекітілген және округ тұрғындары арасында құқық бұзушылық пен қылмысты болдырмау мақсатында профилактикалық жұмыс тұрақты негізде өткізіледі. Мүлік және  мал ұрлауға жол бермеу, абаттандыру бойынша, аулалар мен іргелес аумақтарды тазалау және тазалық бойынша округ елді мекендерінің тұрғындарымен профилактикалық жұмыстар өткізіледі.

Рухани психологиялық ахуал округте тұрақты. Округ бойынша                мал ұрлығына байланысты 1 қылмыс тіркелді.  

 

2022 жылы атқарылатын жұмыстар:

  1. Еңбек бағдарламасын толықтай орындау берілген жоспарға сәйкес;
  2. Әлеуметтік дүкен салғызу;
  3. Шаруа қожалықтарына лизингке техника алуға көмек жасау;
  4. Орталық көшедегі жарықтандыруды қалпына келтіру;
  5. Интернет мәселесін шешу;

 

                                 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 




 

 

 

Дата публикации
19 января 2022