Саржал ауылдық округі әкімі Әкімбаев Ерболат Сәлімұлының халық алдында есеп беру баяндамасы

Саржал ауылдық округі әкімі Әкімбаев Ерболат Сәлімұлының халық алдында есеп беру баяндамасы

            Өткен жыл Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығымен есте қалмақ.           

Өткен жыл біздің ауыл үшін де оңай болған жоқ. Оның үстіне әлемді шарпыған COVID-19 індеті облыс, аудан тіпті ауылымызда атқарылмақ                           іс-шараларға өз кесірін тигізбей қойған жоқ.

         Ауыл әкімдігі пандемияға байланысты Шығыс Қазақстан  облыстық  бас санитарлық дәрігерінің  қаулысымен қабылданған шектеулерді  дер кезінде ауыл тұрғындары мен кәсіпкерлерге насихат, түсініктеме жұмыстары арқылы жеткізіп отырды.

Халықты жұмыспен қамту орталығымен бірлесіп жасалған  нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» бағдарламасының орындалуының кешенді жоспары толығымен орындалды деуге болады. Мысалы, жыл көлемінде, ақылы қоғамдық жұмыспен 21 адам, жастар практикасына 4 адам, әлеуметтік жұмыс орнымен 4 адам, қысқа мерзімді  кәсіптік оқуға 3 адам, 200 айлық есептік көрсеткіштік грантқа 12 адам қамтылды.

 Өткен жылғы қатаң мал азығын дайындау жұмыстары өз уақытымен жүріп, жоспар толықтай орындалды. Сондықтан ауылымызда жаңа трактор алушы қожалықтар  МТЗ-82М маркалы тракторлар алуда. Бүгінде ауылымызда 10 жаңа трактор, 2 погрузчик,2 рулон пресін алды. Бұл да ауыл үшін де пайдасы зор техника.  

 Ауылымыздағы Ж. Екібаев және Мотыш Қуандықұлы көшесінің жолдары орташа жөндеуден өткізіліп,  жұмыс талапқа сай  орындалды.  Ауыл ішіндегі жолдардың жөнделуі жол көлік оқиғасын туындатуы да мүмкін. Сондықтан осы жол көлік оқиғасының алдын алу мақсатында жөнделген жол бойына және жаяу жүргіншілер көп өтетін жерлерге жол белгілері орнатылды.  Соның өзі көше қозғалысы тәртібінің сақталуына үлкен септігін тигізері сөзсіз. Сонымен қатар «Қаражыра»  жақтан  келетін тура жолдарға да ауыр жүк машиналарына ауылды айналып өту керектігін ескертетін жол белгілері де қойылды. Семей-Қайнар тасжолының бойында орналасқан 15 шақты шаруашылықтардың жылқы малдары  жол-көлік оқиғасын туындатпау үшін мойындарына  түнгі мезгілде жарыққа шағылысатын ленталар байлаттық. Көше жарығына тоқталсақ биыл ауылымызда Мотыш баба және Ж. Екібаев көшесінің жарықтары толықтай жаңадан орнатылып ,пайдалануға берілді.         

        Балаларға арналған футбол алаңы, «Ер Төстік» және «Жеңіс» парктерінің де қоршаулары толықтай жаңа бояумен қайта боялды. Жылдың аяғында 45 шырша егіліп, қоршалды. Ендігі жылы кішігірім саябаққа айналдырмақ ойымыз бар. Хоккей алаңына  жылдағыдай өткен желтоқсан айында да мұз айдыны құйылды. Бұл екі нысанды да ауыл балалары толық пайдаланып отыр. Қыста хоккей, жазда футбол алаңы пайдаланылуда.

           Ауылымыздың азаматы, кәсіпкер Ақылбеков Ұлан өз қаражатына  120 орындық «Толғанай» бала бақшасын салып, қолданысқа берді.

           Өздеріңізге белгілі ауылымызда салынған мешіт ғимараты өткен жылғы пандемияға байланысты уақытында ашылмай қалғандықтан, биылғы жылдың 10 желтоқсан күні «Мотыш баба» мешітінің құжаттары толықтай жасалып ашылу салтанаты  жоғары деңгейде өтті.

Шаруашылықтарда құдық мәселесі де қолға алына басталды. Өткен жылы 2 шаруа қожалығы және жаңадан салынып жатқан арнайы мал сою алаңы жиыны 3 құдық қаздырса биыл тағы 4 құдық өз қаржыларына қаздырылды. Барлығы да пайдалануға жарамды болып отыр. Бұлар өз қаражаттарына қаздырғандар. Егер мемлекеттің тарапынан берілетін субсидиялық көмек болған жағдайда құдық қаздырушылар бұдан да көп болушы еді. Себебі мемлекеттік қолдаумен құдық қаздыруға өтініш берген қожалықтар саны 20 ға жетті.

Жылда көктемгі тазалық айлығында тазарту жұмыстары ұйымдастырылып тұрады. Орта есеппен жылына 1000-1500 тоннаға дейін қоқыс шығарылады.   Көктемгі тазалық айлығына 2 МТЗ-82 тиегіш тракторлары,  бір 5 тонналық тиегіш тракторы,  1 ГАЗ-53 және 2 Камаз автомашиналары  тіркемелерімен тартылды. Ауылдағы бос тұрған 4 үй бұзылып, орны тазартылды.Жеке аулаларда жаппай сылау, ағарту, сырлау жұмыстары жүргізілді. Көше бойындағы банерлер мерекелік тақырыптарға сай ауыстырылып тұрады. Өткен жылы ауыл тұрғындарының барлығына ЕСКЕРТУ ПАРАҚТАРЫН тараттық. Тазалықты бүгін өзіміз сақтасақ ертеңгі ұрпақ та соған қалыптасады.

Саржал ауылдық округі бойынша 01.01.2021 жылға 1670 адам тұрады. Округтің жер көлемі 265285 га жерді алып жатыр. Ауылымызда соңғы алты жеті жылда үлкен –үлкен құрылыстар жүргенін баршаңыз білесіз. Мектеп, мәдениет үйі, мешіт, асфальтты көше, таза су, көше жарығы, наубайхана, «Толғанай» бала бақшасы салынды.  13 дүкен, 2 кітапхана, 1 дәріхана, 1 пошта бөлімшесі, 265 телефон байланысы нүктесі, 1 «Казтелерадио» пункті, «Билайн», «Актив», Теле2 мобильді байланыс жүйесі, 2 қоғамдық монша, 2 тамақтану орны, 1 тойхана, 1 жанар жағар май құю станциясы, 1 өртсөндіру тірек пункті , 1 шаштараз, 2 техника дөңгелегін жөндейтін орын бар. Бәрі де адам игілігі үшін халықтың тұрмыс тіршілігін жақсарту үшін қызмет жасап жатыр.  Ауылымыз негізінен мал шаруашылығымен шұғылданатын болғандықтан, негізгі даму бағытымыз да осы шаруашылықты  дамыту, өркендету болып табылады.  Осы бағытта  73 шаруа қожалығы жұмыс жасауда. Сонымен бірге 379 жеке ауланың 280 ауласында мал бастарын өсірумен шұғылданады. Олардың ішінде мемлекеттік бағдарлама бойынша несие алып, мал бастарын өсірумен шұғылданып отырғандар да бар. 1-қаңтар 2021 жылға Саржал ауылы бойынша  9500 бас МІҚ –мен, оның 4750 басы аналық сиыр, 5000 бас қой малымен, оның 3540 басы саулық, 100 бас ешкі, 11243 бас жылқы малымен, оның 6403 басы аналық бие малдарымен келіп отыр.     

Мал басы 2021 жылмен салыстырмалы түрде мына таблицадан көруге болады:

 Ауылдық округ бойынша мал  басы төмендегідей:

 

 

                       Мал

басы

2020 ж

Салыст-а

+ , -

 

01.01.2021

01.01.2022

1

МІҚ

8933

9500

+567

2

Қой мен ешкі

9467

5000

-4467

3

Жылқы

10736

11243

+507

 

      Ауылымыз мал шаруашылықты ауыл болғандықтан кейінгі жылдары шаруашылықтар мал басын асылдандыру бағытында жұмыс жүргізуде. «Бек» шаруа қожалығы және «Жарылғасын»шаруа қожалығы асыл тұқымды қой шаруашылығын дамытуда. «Құрмет» шаруа қожалығы 267бас, «Майкен» шаруа қожалығы 107 бас, «Бейсенғазы» шаруа қожалығы 269 бас, «Әлен» шаруа қожалығы 86 бас қазақы ақ бас асыл тұқымды аналық сиырларын, «Тұма» шаруа қожалығы 205 бас герофорт  асыл тұқымды аналық сиырларын өсіріп, асыл тұқымды шаруашылықтарға айналып отыр. Биыл  оларға «Жарылғасын» шаруа қожалығы қосылып жиыны округте 6 асыл тұқымды мүйізді ірі қара шаруашылығы   бар. Сонымен ауылымызда жиыны 8 асыл тұқымды  шаруашылықтар бар. Олардың екеуі асылтұқымды қой шаруашылығы.  Ал жылқы шаруашылығын асылдандыру бағытында «Жарылғасын», «Құрмет» шаруа қожалықтары айналысуда.

     Жалпы алғанда әкімдік өзінің жұмыстарын ауылдағы мекемелермен бірлесіп атқаруда. Бүгінгі таңда Саржал ауылының интернетпен қамту мақсатында жұмыстар жүргізілуде. Жарма ауданы  Еңрекейде таудың басындағы орналасқан ұзындығы 60 м антенналық байланыс мачтасын Абай ауданының баланысына берілді. Құрылғыны қою кординаты анықталды  және көшіруге  орнату жұмыстарын жүргізіге бюджеттен қаржы қарастырылуда. Бұл байланыс құрылғысын орнату арқылы Медеу және Саржал ауылдарын интернетпен қамтамасыз ету жоспарланған.   

 

Дата публикации
19 января 2022