АБАЙ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ Н.О.АБДЫКАРИМОВТЫҢ АУДАН ХАЛҚЫ АЛДЫНДА ЕСЕП БЕРУ БАЯНДАМАСЫНЫҢ ТЕЗИСТЕРІ

 

АБАЙ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ Н.О.АБДЫКАРИМОВТЫҢ

АУДАН ХАЛҚЫ АЛДЫНДА ЕСЕП БЕРУ

БАЯНДАМАСЫНЫҢ ТЕЗИСТЕРІ

 

Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы
5 ақпандағы №190 «Орталық атқарушы органдар басшыларының, әкімдердің, ұлттық жоғары оқу орындары ректорларының халыққа есеп беру кездесулерін өткізу туралы» Жарлығына сәйкес еліміз бойынша барлық деңгейдегі әкімдердің есеп беру кездесулері жүргізілуде.

Бүгінгі есепті кездесуге ауылдық округтердің әкімдері, тиісті мекеме басшылары, жергілікті мәслихат депутаттары, ауыл тұрғындары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері  қатысуда.

Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К.Тоқаевтың «ХАЛЫҚ БІРЛІГІ ЖӘНЕ ЖҮЙЕЛІ РЕФОРМАЛАР – ЕЛ ӨРКЕНДЕУІНІҢ БЕРІК НЕГІЗІ» атты Жолдауынан туындайтын міндеттерді және облыс әкімінің тапсырмаларын орындауда өткен 2021 жылы ауданда біршама жұмыстар атқарылды.

Абай ауданы бойынша халық саны 14 980 адам, 9 ауылдық округ, жер көлемі 2 млн 9 мың 391 гектарды құрайды.

 

 

АБАЙ АУДАНЫНЫҢ 2021 ЖЫЛДЫҢ

ӘЛЕУМЕТТІК – ЭКОНОМИКАЛЫҚ

ДАМУЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ.

Р/с

Көрсеткіш атауы

Көлемі, индексі

 

1

Бюджет

         Ауданның нақтыланған бюджеті – 5  млрд. 658 млн 068 мың теңге.

         Бюджет 12 айға 5 658 018,0 мың теңгеге жоспарланып, ол 5 613 712,4 мың теңгеге орындалды немесе 99,2 пайыз.

         Меншікті кірістер - 854 млн 343 мың теңге.

12 айда меншікті кірістер 850 873,0 мың теңгеге жоспарланып, 1 025 315,5 мың теңгеге орындалды немесе 120,5 пайызды құрады.

2

Ауыл шаруашылығы

          Ауыл шаруашылық өнімдерінің жалпы шығарылымы 34 353,3 млн. теңге, индексі 105,0 пайыз.

          Ауылшаруашылығы құрылымдары мен жеке жеке меншік  тұлғалар осы мерзімге тірі салмақта ет- 32 455,8 тонна немесе былтырғы жылмен салыстырғанда  106,7 пайызға, сүт  45 904,2 тонна немесе 107 пайыз,  жұмыртқа 1429,1 мың дана өндіріп  106,1 пайызды құрады.

Бүгінгі күні аудан бойынша  117 941 бас қой-ешкі малы қолда бар, былтырғы жылмен салыстырғанда 74,8%-ға кеміген, 72387 бас мүйізді ірі қара, былтырғы жылмен салыстырғанда 108,8%-ға, 52042  бас жылқы малдары, былтырғы жылмен салыстырғанда 114,1%-ға өсіп отыр.

3

Инвестиция

Негізгі капиталға инвестиция көлемі осы мерзімге 3 666,9 млн.теңгені, индексі 50,7%  құрады.

Бөлшек сауда тауар айналымы 2 200,0 млн. теңгені құрады, индексі 101,2 пайыз.

4

Өнеркәсіп

2021 жылдың қаңтар-желтоқсан айы бойынша өндіріс орындары қазіргі бағамен  5 000,0 млн. теңгенің тауарлық өнімдерін өндірген, өндірілген өнім көлемінің индексі 108,0 пайыз.

Оның ішінде 4 545 млн.теңге (былтырғы жылмен салыстырғанда 101 пайыз) тау-кен өнімдері, 455,0 млн.теңге (103,2 пайыз) өңдеу өнеркәсібі.

5

Тұрғын үй

Қаңтар-желтоқсан айында 6 420 шаршы метр тұрғын үй құрылысы салынды, былтырғы жылмен салыстырғанда – 108,8 пайыз.

3 866,7 млн. теңгенің құрылыс монтаж жұмыстары атқарылды, индексі 46,4% құрады. 

6

Жұмыспен қамту

Жұмыспен қамту бойынша өкілетті органдарда есепте тұрған жұмыссыздардың саны 57 адам. Ресми жұмыссыздық денгейі 4,2 пайызды құрайды. Жаңадан 417 жұмыс орны ашылды. 647 адам жұмысқа орналасты. Қоғамдық жұмысқа 385 адам тартылды.

Орташа еңбек ақы 184 281 теңге, 2020 жылмен салыстырғанда 126,9 пайызға жоғары.

7

Кіші бизнес

1 227 бизнес субъектілері тіркеуде тұр, былтырғы жылмен салыстырғанда 111,5 пайыз. Жұмыс істеп тұрғаны  1 070, былтырғы жылмен салыстырғанда 103,3 пайыз.

 

 

 

КӘСІПКЕРЛІК ЖӘНЕ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ

Ауданымыздың негізгі бағыты ауыл шаруашылығы саласы, оның ішінде мал шаруашылығы.

Ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірумен 543 шаруа қожалығы және 3257 жеке меншік қосалқы шаруашылықтар айналысуда.

Ауданда асыл тұқымды шаруашылық саны 42-ке жетті. оның ішінде қоймен - 21, ірі қарамен - 20, жылқымен - 1 шаруашылық айналысады.

Мүйізді ірі қара малдарының тұқымдық түрлендіру бағдарламасы бойынша өткен жылдың көрсеткішіне сәйкес 17 мың аналық мал асыл тұқымды бұқалармен қамтамасыз етілді.

Ірі қара малының генетикалық әлеуетін арттыру мақсатында ауданымыздың 235 шаруа қожалықтары 1644 бас ет бағытындағы асыл тұқымды бұқалар және асыл тұқымды аналық малдарын сатып әкелді.

2021 жылы 591 млн 397 мың теңге мал шаруашылығын дамытуға арналған субсидия қаражаты игерілді.

Шалғайдағы мал шаруашылығын дамыту және жайылымдық жерлерді суландыру бағдарламасы аясында 2021 жылы 32 скважиналық құдық қазылды және субсидиялау жұмыстары жүргізілді. Жұмыстар әлі де жалғасын табатын болады.

Семей және Нұр-Сұлтан қалаларында жыл сайын өтетін ауыл шаруашылығы жәрмеңкелеріне ауданның шаруа қожалықтары жиыны 6 жәрмеңкеде 59 тоннаға жуық ет өнімдерін апарып, төмендетілген бағада саудалады.

Ауданда азық-түлік бағасын тұрақтандыру мақсатында «Агрофирма Приречное» ЖШС өзара меморандумға сәйкес былтырғы жылы 4 мәрте ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Жәрмеңкеде өнімдер нарықтағы құнынан төмен бағамен сатылды.

Аудан бойынша бүгінгі таңда 654 ауыл шаруашылығы техникалары тіркелген. Ауыл шаруашылығы техникаларын жаңарту мақсатында 2021  жылы 30 трактор және 45 қосалқы техникалары жалпы құны 338,1 млн. теңгеге сатып әкелінді.

 ««Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасының екінші бағыты бойынша 28 кәсіпкер жиыны 128 млн. теңгеге несие қаражаты игерілді.

«Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасымен аграрлық несие корпорациясы арқылы 9 кәсіпкер 231 млн 900 мың теңге қаражатын алды.          

         Архат ауылына қарасты 6, Тоқтамыс ауылына қарасты 2 шаруа қожалығына электр желісін тартуға жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленді. Бүгінгі күні аймақтық координациялық кеңестен өтті.

 

ЖЕР ҚАТЫНАСТАРЫ 

Ауданның жалпы аумағы 2009391 гектар, оның ішінде: ауыл шаруашылығы құрылымындарының пайдаланымындағы  жер 1223213 га, елді –мекен жері 175241 га, көлік, байланыс, өндіріс, қорғаныс және басқа да ауыл шаруашылық мақсатына арналмаған жер 1433 гектар, ерекше қорғалатын табиғи аумақ жері 6400 гектар, орман қорының жері 8522 гектар, аудандық жер қоры 594582  га.  

          Жер учаскесін жеке меншікке және жалдау құқығын сату жөніндегі сауда-саттық (аукцион) өткізілді. Сауда-саттыққа 7 жер телімі шығырылып, 4 жер телімі саудаланды.

2021 жылы 40  жеке тұлғаға елді-мекен жерінен жеке меншікке 3,2 гектар жер телімі сатылды. Елді-мекен жерінен өзіндік қосалқы шаруашылық жүргізу және тұрғын үй құрылысын салу үшін 83 жеке тұлғаға 8,2 гектар жалға  пайдалануға беріліп, келісім-шарттары жасалды.

Өз өтінішімен 11 шаруа қожалықтарының 5480,0 гектар жерлері мемлекетке қайтарылды.

Қарауыл, Көкбай және Тоқтамыс ауылдық округтерінің шекараларын белгілеуге облыстық бюджет тарапынан 10800,0 мың теңге қаражат бөлініп, жұмыс жүргізілуде. 9 ауылдық округтердің 2022-2023 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспары әзірленіп, аудандық мәслихат сессиясында бекітілді. 

«Қолдау» дерекқорында аудан бойынша ауыл шаруашылығына тиесілі            1  млн 150 мың 773 гектар жайылымдық жерлер тіркелген. Бүгінгі күні 996 мың 475 гектар жер цифрланды. 86,6 % құрайды.  Облыстық орындалыс - 73,7 пайыз. Цифрландыруға жатқызылмаған, құқық белгілейтін құжаттары жоқ жерлер заңнама аясында мемлекетке қайтарылып, конкурс арқылы заңдастырылатын болады.

 

 

ВЕТЕРИНАРИЯ

2021 жылдың ветеринариялық алдын-алу іс-шараларының және диагностикалық зерттеу жұмыстары бекітілген жоспарға сәйкес орындалды.

Диагностикалық зерттеулер бойынша:

Жоспар бойынша бруцеллезге мүйізді ірі қара малы - 90000 бас тексеріліп, ауруға оң нәтиже бергені –196 бас, мал басына шаққанда 0,2% құрайды.

Қой-ешкі малынан бруцеллезге қарсы – 180000 бас тексеріліп, ауруға оң нәтиже бергені – 47 бас, мал басына шаққанда 0,03 % құрайды.

Бруцеллез ауруы шыққан мал иелерінің қора жайларына, 61 обьектіге 31434 мың шаршы метрге дезинфекциялық жұмыстар жүргізілді. Бруцеллезге қарсы «РВ-51» вакцинасымен 3585 мүйізді ірі қара егілді. «РВ-51» вакцинасымен егу мал иелерінің келісімімен ақылы түрде жүргізіледі.

Аудан бойынша 2021 жылы 642 қаңғыбас ит - мысықтардың көзі жойылды.

 

ӨНЕРКӘСІП

Ауданымызда тау-кен өнеркәсібі саласында «БАСТ» АҚ өңдеуші кәсіпорны жұмыс жасайды.

Кәсіпорын өндірістік қуатын екі есеге ұлғайту мақсатында құрылыс-монтаж жұмыстарын толығымен аяқтады. Атап айтқанда, жаңа қуаттағы тау-кен байыту комбинаты іске қосылды. Бүгінгі күні тәулігіне 600-700 тонна кен байыту жұмыстары жүргізілуде. 228 адам жұмыспен қамтылған.

Сонымен қатар, кәсіпорынмен жаңа өндірістік қуатқа яғни, жылына 400 мың тонна немесе күніне 1100 тонна кен байыту бойынша қуаттылықты іске қосу жұмыстары атқарылуда.

 

 

СӘУЛЕТ, ҚҰРЫЛЫС, ТҰРҒЫН ҮЙ - КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЖӘНЕ АВТОМОБИЛЬ ЖОЛДАРЫ

Ауданымызда жалпы жолдар жүйесінің ұзындығы – 413 км.

«Ауыл – ел бесігі» мемлекеттік бағдарламасы аясында 81185,0 мың теңгеге Саржал ауылының Ж.Екібаев көшесінің жолы орташа жөндеуден өтіп, жарықтандыру жұмыстары жүргізілді.

 Сондай-ақ, 39200,0 мың теңгеге Саржал ауылының Мотыш баба көшесінің жолы орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп, Мотыш баба көшесіне жарықтандыру жүйесі орнатылды.

 Қарауыл ауылының Абай (38 333,837 мың теңге) және Ералы (41 665,112 мың теңге) көшелерінің жолы орташа жөндеуден өтті.

           Облыстық маңызы бар Аягөз – Қарауыл – Семей - Қайнар автомобиль жолының 126-137 км аралығына, яғни 11 км жолға орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді.

              Республикалық маңызы бар Семей-Қайнар автомобиль жолының 132-182  км аралығына 1758 млн теңгеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Су құбыры. Абай ауданы бойынша 2020-2021 жылдары «Қарауыл ауылының су құбырын жаңғырту» жұмысы жүргізілді. Нысан 2021 жылдын тамыз айында пайдалануға берілді. Жалпы ұзындығы 86 шақырым су құбыры жүйесі тартылды.

2021 жылға жеке кәсіпкерлердің есебінен 2 пәтерлі 16 тұрғын үй құрылысы салынып, пайдалануға берілді. Жалпы ауданы 3200 шаршы метр, 1 тұрғын үйдің жалпы ауданы 100 шаршы метрді құрайды.

Жиыны 2021 жылы Абай ауданында «Бір қабатты Шығыс» бағдарламасы аясында 32, коммуналдық меншіктен босаған тұрғын үйлерден 4, «Бақытты отбасы» бағдарламасымен Семей қаласынан 7 отбасы, жиыны 43 көпбалалы және әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасылар тұрғын үймен қамтамасыз етілді.

Сонымен қатар, Қарауыл ауылының Мамай көшесі №69 тұрғын үйдің 3 пәтерін 12746,0 мың теңгеге қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп, 2 пәтер аудандық емхана, 1 пәтер аудандық төтенше жағдайлар бөлімі қызметкерлеріне қызметтік тұрғын үй ретінде  пайдалануға берілді.

ШҚО Абай ауданы Қарауыл ауылы Тоқтамыс көшесіндегі 2 пәтерлі          1 қабатты тұрғын үйлерге инженерлік - комуникациялық инфрақұрылым құрылысын салу (су құбыры желісін-173650,0 мың теңге, электр желісін тарту-43315,0 мың теңге) жұмыстары жүргізілді.

Қарауыл ауылынан «Дәметкен» жеке кәсіпкерден 16560,0 мың теңгеге жылу қазандығының ғимараты сатып алынды. 

«Бизнестің жол картасы» бағдарламасы бойынша Көкбай ауылдық округінің 32 шаруа қожалығына 659 008,752 мың теңгеге республикалық бюджеттен және 12 шаруа қожалығына 311 965,255  мың теңгеге  республикалық бюджеттен қаржы қаралып, жалпы ұзындағы 163,6 км электр желісі тартылу жұмыстары жүруде. Жобаға тапсырыс беруші - «Шығыс Қазақстан облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» ММ. Құрылыс жұмыстарын «НКО» ЖШС жүргізуде, құрылыс жұмыстары 2022 жылдың соңында аяқталатын болады.

 

 

БІЛІМ САЛАСЫ

Бүгінде аудан бойынша 11 орта мектеп және 1 негізгі орта мектеп жұмыс жасайды.

2021-2022 оқу жылында осы білім беру мекемелерінде 1933 оқушы оқып білім алады. Оларға 412 мұғалім ұстаздық етуде.

Ұстаздардың жоғары білімдісі – 392 (87,8%), арнаулы орта білімдісі -54 (12,1%), жоғары санаттысы - 26 (6,3%), педагог-мастер –1 (0,2%), педагог-зерттеуші – 57 (13,8%), бірінші санаттағы – 50 (12,1%), педагог-эксперт – 63 (15,3%), екінші санаттысы - 36 (8,8%), педагог-модератор - 36 (8,7%), санатсызы - 93 (22,5%).

Аудан бойынша 12 мектепке дейінгі білім беру ұйымдары жұмыс жасайды. 5 балабақша (1 балабақша жекеменшік) және 7 шағын орталық.

2021-2022 оқу жылында 3-6 жастағы балалар мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында 837 бала толықтай қамтылды. Бастауыш мектепте сабақ берген 75 мұғалімнің барлығы да жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша курстардан өтті.

Биылғы жаңа оқу жылында 1-сыныпқа 184 бала қабылданды.

2021-2022 оқу жылында 2 қосымша білім беру мекемесі жұмыс жасауда. Олар саз және көркемсурет мектептері. Бұл ұйымдарда жыл ішінде 694 оқушы қосымша білім алады.

2021-2022 оқу жылының IІ - оқу тоқсаны бойынша оқушылардың  облыстық интеллектуалдық, шығармашылық және спорттық шараларға сапалы деңгейде іріктеліп қатысуын қамтамасыз ету барысында аудандық деңгейдегі шаралар үздіксіз жүйелі түрде ұйымдастырылып отыр.

Республикалық ХХІІ Абай оқуларына ауданымыздың атынан қатысқан 6 оқушының 3 жүлделі орынды иеленіп, 1 оқушы мақтау қағазымен марапатталды.    

Шығыс Қазақстан облысының Білім басқармасының дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми - әдістемелік «Дарын» орталығының ұйымдастыруымен 2021 жылдың 20 қазан күні республикалық «Тұлпар мініп, ту алған» атты эпосты жатқа оқу және түсіндіру  байқауының облыстық кезеңі онлайн форматта болып өтті. Ауданымыздан байқауға "Жалпы орта білім беретін мектеп" КММ-нің 6 сынып оқушысы Молиханова Еркежан қатысып, республикалық кезеңге жолдаманы ұтып алды.

          Отбасы күніне және Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Үздік оқырман отбасы» облыстық байқауында 5-7 сынып аралығында ІІІ орын - Молиханова Еркежан, 6 сынып,  жалпы орта мектеп, Сыдыхановтар  отбасы, 1-4 сынып оқушылары  арасынан ІІІ орын -  Берікжанова Ақнұр, Бекбосынов мектебі, 3-сынып, Ибраевтар отбасы иеленді.

          ШҚО ББ «Дарын» орталығы республикалық «Оқуға құштар мектеп-оқуға құштар ұлт» жобасын жүзеге асыру аясында 6-8 сынып оқушылары арасында «Оқы және жеңіске жет» облыстық конкурсының ІІ кезеніңде эссе тапсырмасын орындауда Абай ауданы бойынша 8 мектептен 12 оқушы қатысып, байқау қортындысы бойынша 4 мектептен 5 оқушы ІІ, ІІІ орындарға ие болды.  

2021 жылдың 18 қазан күні 1-7 сынып оқушыларының зерттеу жұмыстары мен ғылыми жобаларының республикалық «Зерде» конкурсының аудандық кезеңіне ауыл мектептерінен 41 бала қатысып, облыстық кезеңге               11 оқушы жолдама алды. 4-5 қараша күндері өткізілген  облыстық конкурста            3 оқушы жүлделі орындарға ие болды.

2021 жылдың 24 қараша күні 8-11 сынып оқушыларының республикалық ғылыми жобалар конкурсының облыстық кезеңі онлайн форматта өтті. Аудан бойынша 15 оқушы қатысып, 4 оқушы жүлделі орындарды иеленді.

2021 жылдың 11 қарашасында 8-11 сынып оқушыларына арналған Лингвистикадан республикалық олимпиадасының облыстық кезеңі өтті. Олимпиаданың негізгі мақсаты - қолданбалы филология пәнін оқуға оқушылардың қызығушылығын арттыру, жалпы білім беру ой өрісін дамыту, ғылыми білімді насихаттау, халықаралық лингвистикалық олимпиадаға қатысу үшін олимпиадалық резервті құру болып табылады. Ауданымыздың  «С.Бекбосынов  атындағы орта мектебі» КММ 8 сынып оқушысы Серікжанова Тоғжан қатысып, жүлделі 3  орынды жеңіп алды.

Ауданымыздың Шәкәрім атындағы орта мектебінің  ұстазы Рахат Нұрүстем Тілеуғазыұлы «Үздік жас маман -2021» атты республикалық байқауға қастысып, жүлделі орынға ие болды. Жас маман ҚР БҒМ Мемлекет тарихы институты және «Bilim – orkenieti» ұлттық инновациялық ғылыми – зерттеу орталығы және Нұр–Сұлтан қаласы Білім беруді жаңғырту орталығының бірігіп өткізген «Білімнің салтанат құруы» атты республикалық конференциясының салтанатты рәсіміне қатысып,  марапатқа ие болып  қайтты.

2021 жылғы 21 желтоқсанда Нұр-Сұлтан қаласында "Қазақ тілі мен әдебиеті: оқыту мәселелері және жаңа көзқарас" тақырыбында қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерінің  республикалық съезі өтті. Аталған шараға Шығыс Қазақстан облысынан қатысқан 20 ұстаздың арасында Шәкәрім орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Қасымжан Қарлығаш Санақбекқызы қатысып қайтты. Ұстаздар алдында лингвист-ғалымдар, оқытушылар және  жоғарғы оқу орындарының ректорлары қазақ тілі мен әдебиеті пәндері оқулықтарының сапасы, оқыту ерекшеліктері, қазақ әліпбиі және де т.б. тақырыптарда баяндама жасап, тренинг ұйымдастырды.  Педагогтер қазақ  тілін оқыту сапасын арттыру жолдары мен үлгілік оқу бағдарламасын жетілдіру туралы ойларымен  Білім және ғылым  министрі Асхат Аймағамбетовпен  бетпе -бет бөлісіп, кері байланыс жасады.

Қыркүйек айында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ШҚО бойынша департаменті «ҚР 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы» аясында «Парасатты отбасы» байқауының аудандық кезеңі өтіп, Шәкерім, Ш.Әбенов, Ш.Тоқжігітов, С.Бекбосынов, Ж.Молдағалиев, М.Әуезов, ЖОББ мектептен оқушылар қатысып, облыстық байқауға Шәкерім мектебінің Мақұлбаевтар отбасы жолдама алып, облыстық кезеңнен І орын алып 150 мың теңгелік сертификатқа ие болды.

«Мектепке жол» акциясы ұйымдастырылып, әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардың оқушыларына көмек көрсетілді. Акция аясында бюджет қаражаты есебінен 953 оқушыға 17 371 200 теңгеге мектеп формасы, 950 оқушыға 10 579 000 теңгеге аяқ-киім және 458 300 теңгеге 90 оқушыға мектепке қажетті сумка, оқу-құралдары табысталды. Сонымен қатар, демеуші есебінен 680 100 теңгеге 27 оқушыға аяқ-киім, 7 оқушыға мектеп формасы, 171 оқушыға оқу-құралдар, 23 оқушыға маусымдық киім берілді.

ҚР Президенті, облыс әкімі атынан аудан бойынша 12 көп балалы, аз қамтылған отбасы балаларына және ерекше білімді қажет ететін балаларға жаңа жылдық сыйлықтар: нетбук, кітап, тәттілер жиынтығы табысталды. 

Сонымен қатар, қамқорлықтағы, аз қамтылған, көп балалы отбасынан шыққан 40 балаға аудан әкімі атынан жаңа жылдық сыйлықтар, барлығы 900 000 теңгеге қыстық сырт киім, спорттық костюм және тәттілер жиынтығы табысталды.

Қыркүйек, қараша айларында Алматы облысы, Қапшағай қаласындағы  «Балдәурен» лагерінде аудан бойынша 17 оқушы демалып қайтты. Олардың - 5 көпбалалы, 1 аз қамтылған отбасы балалары, 2 толық емес отбасы балалары, 1 қамқорлықтағы балалар, 8 толық отбасының балалары.

ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай барлық білім мекемелерінде  15 қараша - 15 желтоқсан аралығында «Елім менің аңсаған» атты айлық ұйымдастырылды. Айлық аясында ашық тәрбие сағаттары, көрме, эссе, мәнерлеп оқу, сурет байқаулары, челлендж, спорттық жарыстар, патриоттық ән байқаулары, зияткерлік сайыстар, білім байқаулары, жас ақындар мүшәйрасы, аудандық көлемде семинарлар, дебат турнирлері өтіп, айлықты қорытындылау мақсатында «Тәуелсіздік тірегі-терең білімде» тақырыбында білім саласының қызметкерлеріне арналған  салтанатты жиын өтті. Сонымен қатар, ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында білім бөліміне 86 жыл толуына орай арнайы кітап шығарылып, тұсауы кесілді.

Білім сапасын арттырудың маңызды шарттарының бірі білім мекемелерінің материалдық-техникалық базасын нығайту мен қаржыландыру болып табылады. Бұл орайда ауданның білім беру жүйесіне мемлекеттен бөлінетін қаржы көлемі де жыл сайын өсуде.

Жылу қазандығының ағымдағы жөндеу жұмыстарына 39 400 мың теңге бөлініп, Медеу орта мектебінің жылу қазандығы – 20108 мың теңгеге, С.Бекбосынов  атындағы орта мектебі – 10932 мың теңгеге, Ш.Тоқжігітов атындағы орта мектебі – 3592 мың теңгеге, Шәкәрім орта мектебі - 4768 мың теңгеге жөнделді.

Ш.Әбенов атындағы орта мектебінің акт, спорт залдары ағымдағы жөндеуден өтті – 4739,0 мың теңге; 

Жалпы орта білім беретін мектепке балаларды тасымалдауға автобус алынды – 15000,0 мың теңге; робототехника кабинеті жабдықталды – 3498,0 мың теңге; күзет кабинеті – 445,0 мың теңге, оқшаулау кабинеті -291,0 мың теңгеге жабдықталып іске қосылды; мектеп ауласы абатандырылды - 8462,0 мың теңге; ішкі-сыртқы  темір, пластик есіктер орнатылды - 1160,0 мың теңге; терезелердегі жалюз ауыстырылды - 600,0 мың теңге; сынған пластик терезелердің шынылары ауыстырылып, сеткалар тақты - 1000,0 мың теңге; раковиналардың маңайына кафель плиткалар жапсырылды - 395,0 мың теңге; мектеп маңдайшасына жүгірмелі жолақ орнатылды - 470,0 мың теңге; ішкі дәретханалардың суағар трубалары, унитаздары ауыстырылды 2810,0 мың теңге; кітапхана модернизациядан өтті – 594,0 мың теңге;

Сонымен қатар, 6 мектептің кітапханалары жаңартылды. Олар: С.Бекбосынов атындағы орта мектебі - 500,0 мың теңге; Шәкерім орта мектебі - 1500,0 мың теңге; Молдағалиев орта мектебі - 500,0 мың теңге; Қарауыл гимназиясы - 700,0 мың теңге; Көкбай орта мектебі - 1458,0 мың теңге; Мамай атындағы негізгі орта мектебінде- 1200,0 мың теңге. 

3 мектептің асханасына жабдықтар сатып алынды. Олар: С.Бекбосынов атындағы орта мектебіне электрондық плита - 306,0 мың теңге, қол жуғыштары ауыстырылып, кәріз жүйесі жөнделді - 700,0 мың теңге; Мамай негізгі орта мектебіне тоңазытқыш, мұздатқыш - 255,0 мың теңге, газплита 110,0 мың теңге, Ж.Молдағалиев атындағы орта мектебіне үстел, орындық - 320,0 мың теңге;

С.Бекбосынов атындағы орта мектебіне диван-пуфик - 160,0 мың теңге, проектор экранымен - 600,0 мың теңгеге сатып алынды;

Турникет 8 мектепке орнатылды -15914,0 мың теңге;

Дабыл нүктесі 11 мектеп, 4 балабақшаға орнатылды- 5512,0 мың теңге;

Цифрлық бейнебақылау камералары 6 мектепте жаңартылды – 10223,0 мың теңге;

Арнайы күзет қызметі 2 мектепте келісім-шартқа отырды (қыркүйек-желтоқсан айларына) - 1228,0 мың тг;

Мемлекеттік тапсырыс бойынша Саржал тірек ауылында қыркүйек айында 70 балаға қосымша орын ашылды, қосымша 10497,0 мың теңге жергілікті бюджеттен, республикалық бюджеттен - 6112,0 мың теңге қаржы қаралып аударылды.   

Жалпы білім беретін Қарауыл гимназиясында ішкі дәретхана 2453,0 мың теңгеге, кітапхана кабинетін жаңалауға 584,0 мың теңге, мектеп жанындағы интернаттың электр жүйесін ағымдағы жөндеу жұмыстарына 3898,0 мың теңге және қауіпсіздік шараларына байланысты турникет орнатуға 1800,0 мың теңге, дабыл нүктесін орнатуға 360,0 мың теңге, бейнебақылау камераларын ауыстырып полиция бөліміне қосуға 1458,0 мың теңге барлығы 10553,0 мың теңгенің жұмыстары жүргізілді.

 

 

 

«Дипломмен ауылға»

Р/с

Мамандар саны

Ауылған келген мерзімдері

Көтерме жәрдемақы алды

Тұрғын үй сатып алуға бюджеттік несие берілді

1

271

Бағдарлама басталғалы (2009 жылдан бастап)

271

121

2

34

2021 жыл

34

14

 

 

ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫ

Аудан бойынша 1 орталық аурухана, 1 кеңес-диагностикалық емхана және алғашқы санитарлық медициналық көмек көрсету орталығы, 5 дәрігерлік амбулатория, 3 медициналық пункт,  1 ФАП халыққа медициналық көмек көрсетеді. Жоғары білімді дәрігерлер саны – 32, орта буын медицина қызметкерлері – 108.

2021 жылы 1 дәрігер жұмысқа қабылданды. 5 маманға тұрғын үй сатып алуға бюджеттік несие берілді, 1 маман дәрігер қызметтік тұрғын үймен қамтамасыз етілді. 

 

Абай аудандық ауруханасы бойынша негізгі көрсеткіштер:

Көрсеткіштер

2020 жыл

2021 жыл

Халық саны

(медициналық тіркеу бойынша)

11839

11576

Оның ішінде: балалар

3721

3670

Жасөспірімдер

476

481

Бала туу жасындағы әйелдер

2348

2245

Туған бала саны

238

257

Туу көрсеткіші

20,1

22.2

Өлім көрсеткіші

127-10,7

116-10,0

Табиғи-өсу

9,4

12,2

1 жасқа дейінгі бала өлімі

2-8,40/00

4-15,50/00

Ана өлімі

0

0

Туберкулезбен алғашқы аурушандық

3-21,3

2-14,2

Туберкулезден өлім көрсеткіші

0

0

Қатерлі ісікпен аурушандық

24-202,0

20-172.8

Қатерлі ісіктің асқынып анықталуы

5-21.7

6-30.0

Қатерлі ісіктен өлім көрсеткіші

10-70.0

16-138.0

Профилактикалық қарау кезіндегі туберкулездің анықталуы

2-66.6%

2-100%

Флюрографияның орындалуы

7017-95.2

7300-99.1

ҚАЖ-на өлім көрсеткіші (БСК) 100000 халық санына

15-126

22-190

 

Амбулаториялық деңгейде науқастарды тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету толық атқарылды, осы мақсатқа 72 млн 280 мың теңге мөлшерінде бөлінген қаражаттың дәрісі есепте тұратын науқастарға таратылды.

Пандемияға байланысты қазіргі уақытта ауруханада 20 инфекциялық төсек бар. Эпидемиологиялық ақауға байланысты ауру саны көбейген жағдайда резервте 40 төсек және 2 реанимацилық орын дайындалған.

Сондай-ақ, 4 функционалдық төсек, 2 жасанды өкпе желдету аппараты, 22 пульсоксиметрмен жабдықталған. Коронавирустық инфекцияға қарсы қолданатын дәрілер бойынша бүгінгі күнге 2 айлық қор жасақталды. Дезинфекциялық заттар, антисептиктер бойынша жеткілікті мөлшерде қор бар.

Аудан бойынша халықты короновирустық инфекцияға қарсы вакцинациялау жағдайына келсек,  вакцинацияның бірінші бөлімін алған  ересектер мен балалар саны -  8771 , 2 - ші бөлімін алғандар саны -  8029.   

Ауданымызға берілген жылжымалы медициналық кешен халыққа  қызмет жасап тұр. Атап айтқанда, жыл ішінде барлық елді-мекендерді  аралап   халықты медициналық тексеруден өткізді. Жалпы жылжымалы медициналық кешенде 4866 тұрғын қаралды.

 

 

МӘДЕНИЕТ САЛАСЫ

Абай ауданында 1 аудандық, 3 ауылдық мәдениет үйі және 5 ауылдық клуб, 4 халық театры, 2 халық ән-би ансамблі жұмыс істейді. Сонымен қатар,        1 аудандық, 9 ауылдық кітапхана, барлығы 10 кітапхана оқырмандарды кітаппен қамтамасыз етіп отыр.

Абай аудандық М.Әуезов атындағы орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің кітап қоры аудан бойынша - 152549, оқырман саны – 8563 адам. Жергілікті бюджет арқылы 43 атаулы мерзімді баспасөз, яғни газет-журналдармен қамтамасыз етілуде.

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Тәуелсіздік тұтқасы бізге аманат» атты аудандық зияткерлік ойындары өткізілді. Қатысушылар «Көне сөздер көмбесі», «Салт-дәстүр», «101 жұмбақ», «Қазақ әдебиеті мен мәдениеті», «Тәуелсіздік шежіресі» тақырыптарына дайындалған сұрақтар бойынша бақ сынасты.

Абайдың ақындық мектебінің ірі өкілдерінің бірі Көкбай Жанатайұлының туғанына 160 жыл толуына орай Көкбай ауылында өткен ауқымды іс-шарада М.Әуезов атындағы кітапхана мен Көкбай ауылдық кітапханасы қонақтарға "Көл-көсір, көсем көңіл, Көкбай ақын!" атты кітап көрмесін ұсынды. Кітап көрмесіне ақынның әр жылдары басылып шыққан кітаптары, ақын туралы зерттеу әдебиеттері мен мерзімді басылымдарда, жинақтарда жарық көрген мақалалар қойылды.

Ғасыр жасаған абыз, халық ақыны Шәкір Әбеновтың 120 жылдық мерейтойында М.Әуезов атындағы кітапхана мен Құндызды ауылдық кітапханасы келген қонақтарға "Абайдың ұшып түскен ұшқынымын...» атты кітап көрмесін ұсынды.

Семей полигонының жабылғанына 30 жылдығына орай Жазушы, драматург, "Семей қасіреті" кітабының авторы Медеу Сәрсекемен «Шерлі жұрттың шынай тарихы» тақырыбында онлайн сұхбат өтті.

Кітапханада мәдениет бөлімінің қолдауымен Т.Жанғалиевтің «Ертістің арғы жағы, бергі жағы...», К.Зәмзебайдың «М.Ибраевтың әдеби мұрасы» атты кітаптарының тұсаукесерлері өтті.

«Қоңыр Әулие» үңгіріне 6 760,0 мың теңгеге ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, Қасқабұлақ ауылдық округінің мәдениет үйінің жылу трассасы 5928,0 мың теңгеге ағымдағы жөдеуден өтті.

 

СПОРТ САЛАСЫ

Аудан бойынша халықтың саны – 13975 адам. Дене шынықтыру және спортпен  айналысушылар саны - 4320 адам, ол жалпы халық санының 30,9 пайызын құрайды.

Ауданымызда бүгінгі күні 64 спорттық нысандар бар, олар жалпы орта білім беретін 12 мектептің спорт залдары және 9 ауылдық округтегі шағын футбол алаңдары мен хоккей корттары. Сондай-ақ, «Спорт модулі», «Шыңғыстау» спорт кешені, стадион, жүзу бассейні, Құндызды ауылындағы Ақтаберді жырау атындағы спорт кешені, «Street workout» спорт алаңдары бар. Бұл спорт нысандарының барлығы бүгінгі күні халық үшін қолжетімді.

«Дене тәрбиесі кадрлары» бойынша ауданда 103 спорт маманы қызмет атқарады. Олар: жалпы орта білім беретін мектептердегі – 55 маман, спорт мектебінде – 41 жаттықтырушы, Абай колледжінде – 1 маман, спорт бойынша әдіскерлер саны – 2, спорт бойынша нұсқаушылар – 2, аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінде – 2 маман қызмет атқарады.  

          Бүгінгі таңда спорт мектебінде 965 оқушы 84 топта спорттың 9 түрі бойынша жаттығады. Атап айтқанда бокс, волейбол, дзюдо, жүзу, таэквондо, үстел теннисі, футбол, қазақ күресі және тоғызқұмалақ. Оларға 41 жаттықтырушы-педагог дәріс беруде. Сонымен қатар, барлық ауылдық округтерде спорт мектебінің филиалдары жұмыс жасайды. Атап айтсақ, Қасқабұлақ ауылында қазақ күресі, бокс, волейбол, Ордада бокс, Архатта қазақ күресі, Құндыздыда дзюдо, Көкбайда футбол, қазақ күресі, Медеуде қазақ күресі, Саржалда бокс, волейбол, дзюдо, Тоқтамыста волейбол, қазақ күресі, Кеңгірбай би ауылында бокс, волейбол, қазақ күресі бөлімдері жұмыс істейді.

 

ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ

2021 жылы 229 отбасыға (1277 адам, 772 бала) атаулы әлеуметтік көмек тағайындалып 90274,0 мың теңге төленді. Соның ішінде:

- 111 көп балалы  отбасылар (761 адам, 517 бала);

- 118 аз қамтылған отбасылар (516 адам, 255 бала).

2021 жылға атаулы әлеуметтік көмек алушы отбасылардың 1 жастан 6 жасқа дейінгі 164 отбасының 266 баласына кепілдендірілген әлеуметтік пакет 14749,0 мың теңгеге  берілді.

«Қамқорлық қоры» арқылы 13 аз қамтылған отбасыға 724,0 мың теңге ақшалай материалдық көмек берілді.

Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына  жататын 11 адамға 550,0 мың теңге материалдық көмек төленді.

1-маусым балаларды қорғау күніне 28 мүмкіндігі шектеулі балаларға 154,0 теңгенің сыйлықтары табысталды.

Демеушілер арқылы 86 аз қамтылған  отбасыларға 1400,0 мың теңгеге отындай көмек көрсетілді.

Аудан бойынша «Біз біргеміз» акциясы арқылы 119 аз қамтылған отбасыларға жеке кәсіпкерлермен демеушілер арқылы 2629,0 мың теңгеге азық-түліктей көмек көрсетілді. 140 отбасыға 7121,0 мың теңгеге әртүрлі демеушілік көмектер жасалды.

237 отбасыға дәрілік заттары бар қобдишалар таратылды. Оның 175 атаулы әлеуметтік көмек алушы отбасылар, 20 мүгедек бала күтушілері және 42 басқа да аз қамтылған адамдар алды.

 «Халық» қайырымдылық қоры арқылы 70 отбасыға азық-түлік пакеті таратылды.

          Тұрғын үй көмегі 168 отбасыға 6100,0 мың теңге тағайындалды.

          Мүмкіндігі шектеулі балаларды үйде оқыту және олардың тәрбиесіне психологиялық медициналық – педагогикалық   кеңестің қортындысына сәйкес, 18 балаға ай сайын 11668 теңгеден  1306,0 мың теңге жәрдемақы төленді.

          Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы 1110 мамандарға 38623,4 мың теңге коммуналдық төлем төленді.

Алтын алқа, Күміс алқа, І-ІІ-дәрежелі Ана даңқы орденімен марапатталған  489  анаға   7132,0  мың теңге,  4 және одан да көп 18-ге толмаған балалары бар көп балалы 334 анаға 4871,0 мың теңге,  8-наурыз  мерекесі мен балаларды қорғау күні мерекесіне 14585 теңгеден жиыны 12000,0 мың теңге біржолғы материалдық көмек төленді.

          Ауған  жауынгерлері мен Тәжікстанда болған 13 адамға  97428 теңгеден 1266,0 мың теңге, Ұлы Отан соғысы мүгедектеріне теңестірілгендер, яғни  ауруы ядролық сынақ  салдарынан  болған мүгедектерге  70000  теңгеден  254 адамға, 17767,0 мың теңге біржолғы әлеуметтік  көмектер төленді.

Жеңіс күніне  1941 жылғы 22 маусым - 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты ай жұмыс істеген және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСРО ордендерімен және медальдарымен марапатталмаған 98 тыл ардагеріне – 4152,0 мың теңге, Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі және мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдерімен марапатталған ерен еңбек иегері - 3 адамға  300,0 мың теңге, соғыс жесірі 1 адамға 100,0 мың теңге біржолғы материалдық  көмек төленді. Чернобыль апатына қатысушы 3 адамға 300,0 мың теңге біржолғы материалдық  көмек төленді.

«Мойылды», «Сарыағаш», «Спутник», «Қарағайлы» шипажайларына мүмкіндігі шектеулі 11 адам демалып қайтты.  

Мүмкіндігі шектеулі жандарға мемлекеттік әлеуметтік сараптау комиссиясының берген, жеке оңалту бағдарламасына сәйкес, тифлосурдоқұралдар алынып берілді (5 адамға - ұялы телефон, 7 адамға плеер, 2 адамға тифлотрость, 5 адамға -термометр, 2 адамға – ноутбук).

         25 адамға айына 60 данадан, міндетті гигиеналық құралдар алынып берілсе, протездік - ортопедиялық көмек алу үшін  12 адамға Семей протез жасау орталығына жолдамалар берілді. Жеке оңалту бағдарламасы бойынша          1 мүгедек адам ходунокпен, 9 мүгедек адам коляскамен қамтамасыз етілді.

Жеке оңалту бағдарламасы  бар 109  мүмкіндігі шектеулі жандар электрондық-цифрлық қолтаңбамен қамтамасыз етілді.

«Жүріп тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектерге жеке көмекшінің қызметтерін» 24 адам алып отыр. 24 әлеуметтік қызметкер 122 қарттар мен мүмкіндігі шектеулі жандарға әлеуметтік қызмет көрсетіп отыр.

Аудан бойынша өткен жылы жаңадан 417 жұмыс орны ашылды.

Қысқа мерзімді кәсіптік оқуға жоспарға сәйкес 20 адам жіберілді.

Әлеуметтік жұмыс орындарына 39 адам, ақылы қоғамдық жұмысқа 385 адам, жастар іс-тәжірибесіне 65 адам жіберілді. Алғашқы жұмыс орнына жоспармен 2 адам жіберілді. Бос жұмыс орындарына 158 адам жұмысқа орналасты. Өткен жылы жиыны 647 жұмыссыз адам тұрақты және уақытша жұмысқа орналасты.

200 АЕК (583400 тг) мөлшерінде 86 адам мемлекеттік қайтарымсыз грант алды.

2021 жылы қоныс аудару бойынша 3 отбасы, 10 адам көшіп келді. (Нұр-Сұлтан қаласы, Алматы облысы).

Қандастар бойынша Моңғолия Республикасынан 1 отбасы, 4 адам көшіп келді.

ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ ЖАҒДАЙ,

ЖАСТАР САЯСАТЫ

          Ауданда наразылық акциялары, шерулер, митингілер өткізілген жоқ.

Дәстүрлі емес діни ағымдарды ұстанушылар, өзге деструктивті діни ағымдарды уағыздаушылар жоқ.

Бүгінгі күні ауданда 2 қоғамдық қор, 1 саяси партия филиалы, 1 этномәдени және 8 діни бірлестік жұмыс істеуде.

«Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 150 орындық кинозал, дыбыс жазу орталығы жұмыс жасауда. Жастар саясатын іске асыруға жергілікті бюджет есебінен 2021 жылы 24 млн 879 мың теңге (оның ішінде іс-шаралар өткізуге 1 млн 660 мың теңге)  бөлінді.

 

 

ҚОҒАМДЫҚ ТӘРТІП

Абай ауданы полиция бөлімінің 2021 жылдың жұмыс қортындысы бойынша 53 қылмыс тіркеліп 72,9 пайызға ашылған (осы көрсеткіш 2020 жылы 55 қылмыс тіркеліп 82,5 пайызға ашылған). Өткен жылмен салыстырғанда қылмыстың тіркелуі 2 қылмысқа төмендеген.

Қылмыс түрлеріне тоқталатын болсақ, 2021 жылы 8 ауыр қылмыс тіркелген, 2020 жылы 13 қылмыс.

Биылғы 53 қылмыстың 14 мал ұрлығы. Мал ұрлығының алдын-алу мақсатында 2021 жылы екі рет аудан тұрғындарымен онлайн форматта кездесу ұйымдастырылып, мал бағуды ұйымдастыру және жылқы малдарына GPS қондырғысын орнату туралы ұсыныс білдірілген болатын. Қазіргі уақытта аудан бойынша 34 шаруа қожалық иелері және 20-аудан тұрғындары осы қондырғыны жылқы малдарына орнатты.

          Ауылдық округ әкімдерімен және шаруа қожалық жетекшілерімен бірлесіп түнгі уақытта көлік жарығымен шағылысатын ленталар тас жол бойындағы 12 шаруа қожалығының 652 ірі қара малдарына тағылды.

 

 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТӘУЕЛСІЗДІГІНІҢ

30 ЖЫЛДЫҒЫ АЯСЫНДА ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛҒАН ЖҰМЫСТАР

1.Аудан халқын имандылыққа шақыру, ауылдың сәулеттік келбетін арттыру мақсатында Қарауыл ауылында жерлестеріміз, Көкбай ауылының тумалары Зекеновтер әулетінің демеушілігімен 300 кісілік мешіт құрылысы салынды.

2.Қарауыл ауылында «Құнанбай қажы» атындағы мешіттің ғимараты қатымханаға қайта бейінделіп «Бөкенші баба» атындағы қатымхана ашылды. Мәдениет пен өнерді дамытуды қолдау жөніндегі «Парыз» қоғамдық қорына аудан халқының қолдауымен жиналған қаражат есебінен мешіт және қатымхананың сыртына қоршау тұрғызылып, ауласына брусчатка жаю жұмыстары жүргізілді.

3.Кәсіпкерлер және ауыл азаматтарының демеушілігімен Құндызды ауылында «Байтөлек», Қасқабұлақ ауылында «Ералы», Кеңгірбай би ауылында «Кеңгірбай би», Саржал ауылында «Мотыш баба» мешіті ашылды.

4.Жеке кәсіпкер Индира Ақылбекованың демеушілігімен Саржал ауылдық округінде 120 орындық «Толғанай» ясли-бақшасы бой көтерді. Болашақ ұрпақты тәрбиелеу балабақшадан басталады демекші, жас ұрпақтың игілігі үшін атқарылып жатқан жұмыстар Тәуелсіздігіміздің тәтті жемісі екендігі ақиқат.

5.Ұлы Абайдың ақын шәкірті Көкбай Жанатайұлының 160 жылдығы аталып өтіп, Көкбай ауылында «Парыз» қоры арқылы жиналған қаржыға зәулім ескерткіш бой көтерді.

6.Елбасына бата берген батагөй абыз, халық ақыны Шәкір Әбеновтің 120 жылдық мерейтойы аудан деңгейінде аталып өтіп, Құндызды ауылында жерлесіміз Айбек Нұғымаровтың демеушілігімен Абай Құнанбайұлының бюст ескерткіші орнатылды.

7.Абай атындағы мамандандырылған мектеп-гимназия интернатында ұлы ақын, ойшыл Абай Құнанбайұлының бюст ескерткішінің ашылу салтанаты өтті. Туынды авторы Қытай Халық Республикасының атақты мүсіншісі Юань Сикунь. Сыйға тартылған қола мүсін екі елдің арасындағы достық қарым-қатынастың беріктігінің белгісі әрі ұлы ақынға деген Қытай халқының тағзымы іспетті. Сонымен қатар, «Абай колледжі» КММ ғимаратының алдына да Абайдың бюст-ескерткішінің ашылу рәсімі өтті.

8.Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдығына орай «Соғады жүрек» атты поэзиялық кеш өткізілді.

9.Ұлт-азаттық қозғалыстың жетекшісі, қоғам қайраткері Әлихан Бөкейхановқа 155 жыл толуына арналған «Әлихан Бөкейханов және Алаш мұрасы» атты ғылыми-танымдық конференция» ұйымдастырылды.

10.Семей ядролық сынақ полигонының жабылуына 30 жыл толуына арналған «Сынақтан қалған сызаттар» атты тарихи-танымдық көрме өткізілді.

11.Қазақтың ұстаз – ағартушысы Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдығына арналған «XXI ғасыр көшбасшысы» білім байқауы ұйымдастырылды.

12.Күш атасы Қажымұқан Мұңайтпасовтың 150 жылдығына орай қазақ күресінен мемлекеттік қызметшілер арасында «Мемлекеттік қызмет барысы - 2021» аудандық турнирі ұйымдастырылды.

13.Жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығына арналған «Жамбыл Жабаев мұрасы және қазақ руханияты» атты дөңгелек үстел өткізілді.

14.Абайтанушы, Шәкәрім шығармаларын алғашқы насихаттаушыларының бірі, әрі жарыққа шығарушы, ғалым Қайым Мұхамедхановқа 105 жыл толуына орай журналист-жазушы Дәулет Сейсеновтың Қайым Мұхамедханов туралы «Ер қазақ» атты зерттеу кітабының тұсаукесері өтті.

15.«Тәуелсіздіктің 30 жылдығына Абай елінен 30 кітап» атты тақырыпта кітап көрмесі өткізілді. Көрмеге Абай елінен шыққан ақын-жазушы, қоғам қайраткерлері мен өлкетанушылардың еңбектері қойылып, таныстырылды.

16.Жерлес әнші, композитор Кентау Назарбектің шығармашылығына арналған «Бір бәйтерек, бір шынар» атты аудандық фестиваль-концерті өтті.

17.Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген қайраткер Баян Сағынбаеваның  шығармашылығына орай  «ТУҒАН ЕЛГЕ ӘН СЫЙЛАҒАН «АҚ БАЯН»  концерті ұйымдастырылды.

18.Қарауыл ауылындағы Абай және Ералы көшелерінің жолдары орташа жөндеуден өткізілді.

19.Қарауыл ауылындағы 1976 жылдан бері жөндеу көрмей, тозығы жеткен су құбырларына қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілді.

20.«Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында Саржал ауылындағы Мотыш баба және Ж.Екібаев көшелерінің жолдарын орташа жөндеуден өтті.

21.Саржал және Көкбай ауылдарында «Ашық әкімдік» фронт-офистері ашылды.

          22.«Бір қабатты Шығыс» бағдарламасы аясында бой көтерген 32 пәтердің тұрғын үйлерінің кілттері әлеуметтік осал топтардың өкілдеріне табысталды.

 

2022 ЖЫЛЫ АТҚАРЫЛАТЫН ЖҰМЫСТАРДЫҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ:

Кәсіпкерлік және ауылшаруашылығы саласы бойынша:

  • Ауылшаруашылық техникаларын лизинг арқылы және өз қаражаты есебінен жаңартуға жұмыс жүргізу;
  • Шалғайдағы жайылымдарды суландыру бағдарламасы арқылы құдық қазу жұмыстарын жүргізу;
  • Аудандағы асыл тұқымды шаруашылық санын көбейту, сол арқылы аудандағы асыл тұқымды мал басының үлесін облыстық орташа көрсеткіш деңгейінен асыру;
  • Мемлекеттік бағдарламалар тарапынан берілетін несиелер арқылы мал басы санын арттыру;
  • Ауыл шаруашылығы өнімдерінің нақты көлем индексі (ИФО) 2021 жылдың көрсеткішінен төмен болмауын қамтамасыз ету.

 

Жер қатынастары саласы бойынша:

  • Пайдаланылмайтын жерлерді заңнама аясында мемлекетке қайтару жұмыстарын жалғастыру;
  • Жер қатынастары бойынша кәсіпкерлік нысанға берілетін жерлерді заңға сәйкес аукцион арқылы сатып, салық түсімін көбейту;
  • Шаруа қожалықтарының жерге орналастырудың ішкі шаруашылық жобаларын жасату бойынша жұмыстарды жалғастыру;
  • Шаруа немесе фермер, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурстарды кемінде 2 рет ұйымдастыру;
  • Ауыл шаруашылығы жерлерін цифрландыру жұмыстарын толықтай аяқтау.

 

Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар саласы бойынша:

  • Әлеуметтік жұмыс орындарына - 32 адам;
  • Ақылы қоғамдық жұмысқа - 351 адам;
  • Жастар іс-тәжірибесіне - 40 адам;
  • Алғашқы жұмыс орнына - 2 адам;
  • Қысқа мерзімді кәсіптік оқуға -15 адам;
  • Көп балалы және аз қамтылған отбасыларды әлеуметтік қолдау шараларын (пайызы төмен несие, қайтарымсыз грант, қайырымдылық және демеушілік көмектер және т.б) ұйымдастыру.

 

Сәулет, құрылыс, тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары саласы бойынша:

  • Аудан бойынша 2022 жылы жеке кәсіпкерлердің есебінен 2 пәтерлі 16 тұрғын үй салу;
  • Көкбай ауылына ұзындығы 1,2 шақырым болатын кіреберіс жолды орташа жөндеу;
  • Құндызды ауылына ұзындығы 1,0 шақырым болатын кіреберіс жолды орташа жөндеу;
  • Көкбай ауылындағы Оразғали батыр, Құндызды ауылындағы Ш.Әбенов, Кеңгірбай би ауылындағы Олжабай көшесінің жолдарына орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу;
  • Кеңгірбай би ауылындағы су құбырына ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу;

 

Экономика және қаржы саласы бойынша:

  • Ауданға түсетін меншікті кіріс көлемін көтеруге жұмыс жасау.

 

Денсаулық сақтау саласы бойынша:

  • Ауданның медицина саласын қажетті кадрлармен толықтырылуына еңбек ету.

 

Мәдениет саласы бойынша:

  • Ұлы жазушы М.Әуезовтың 125 жылдық мерейтойын лайықты деңгейде өткізу;
  • Ұлы жазушы М.Әуезовтың мерейлі мерекесіне арналған «Абай жолы-халық жолы» атты аудан көркемөнерпаздарының байқауын ұйымдастыру;
  • «Қаламқас» халық ән-би ансамблінің 50 жылдығына байланысты іс-шаралар кешенін ұйымдастыру;
  • Ауылдық мәдениет үйлерін, клубтардың материалдық-техникалық базасын одан әрі күшейту;

 

Спорт саласы бойынша:

  • Аудандық, облыстық, республикалық дәрежеде өтетін әр түрлі жарыстарға қатысуды ұйымдастыру;
  • Аудан халқының дене шынықтырумен үнемі айналысатындар санын одан әрі көтеру.

 

 

 

 

Білім саласы бойынша:

  • Жаңартылған білім беру жағдайында педагогтарды 100 пайыз кәсіби біліктілікті арттыру және қайта даярлау курстарынан өткізуді қамтамасыз ету;
  • 12 жылдық білім беруге көшу жағдайында педагогикалық кадрлардың сапалық құрамын жақсарту мақсатында педагогтардың кәсіби, әдістемелік құзырлылығын арттыру;
  • ІТ сыныптар желісін ұлғайту, «ІТ технологиялар бағдарламасы» бойынша инновациялық технологияларды меңгеру бағытында маман – кадрлар дайындау, біліктілік курстарына үздіксіз жіберілуін қамтамасыз ету;
  • Үштілділікті дамыту бағытындағы жұмыстарды жүйелі түрде жалғастыру;
  • Пандемия кезеңінде білім беру ұйымдарында коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу жөніндегі шараларды күшейту;  
  • Саналы және жан-жақты дамыған азаматты орта білім беру жүйесі арқылы қалыптастыру;
  • Білім беру обьектілерінде қолайлы жағдайлар мен «қауіпсіз орта» құруда материалдық-техникалық құралдармен толық жасақталуына жұмыс жасау.

 

 

Сөзімді қорытындылай келе, алдағы уақытта Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «ХАЛЫҚ БІРЛІГІ ЖӘНЕ ЖҮЙЕЛІ РЕФОРМАЛАР – ЕЛ ӨРКЕНДЕУІНІҢ БЕРІК НЕГІЗІ» атты Жолдауынан, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің отырысында 11.01.2022 жылы сөйлеген сөзінен туындайтын міндеттерді, облыс әкімі Даниал Кенжетайұлы Ахметовтың тапсырмаларын орындауда, Абай ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуын жаңа межелерге көтеру жолында жұдырықтай жұмылып, бірлесе жұмыс істеуге шақырамын.

 

Дата публикации
19 января 2022