Қасқабұлақ ауылдық округiнiң әкiмi Мұқатай Асхат Амантайұлының халық алдындағы есебінің тезисі

 Қасқабұлақ ауылдық округiнiң әкiмi Мұқатай Асхат Амантайұлының

халық алдындағы есебінің тезисі

 

Абай мен Мұхтар сынды алыптарды дүниеге әкелген ұлылар мекенi,                          Абай ауданының кіреберіс қақпасы Қасқабұлақ ауылдық округінде 2021 жылы  пандемияға байланысты төтенше жағдай жарияланса да  бiршама игiлiктi iстер ұйымдастырылып, өз мәнiнде атқарылды.

Әлеуметтiк сала бойынша:  Қасқабұлақ ауылдық округiнде бүгінгі күні                              274 аулада 1059 адам тұрады. 2020 жылмен салыстырғанда халық саны 11 адамға кеміді, себебі тіркеу заңдылықтарына сәйкес зейнеткерлер және мектеп бітірген түлектер             оқу орындарына түскеннен соң біздің тіркеуден шығып кеткендіктен болып отыр.              Ауылдық округ халқына жалпы білім беретін орта мектеп, дәрiгерлiк амбулатория, мәдениет үйі, интернат үйі, бөбекжай, ауылдық кітапхана, ауылдық мешiт, мал сою пункті, қоғамдық монша қызмет көрсетіп келедi. Ауылдық округ тұрғындарының 67-і қызметкерлер, 125-і жұмысшылар қызмет көрсетiп, 157-і шаруа қожалықтарының мүшелері, 137-і зейнеткерлер, 234-і жеке негізде жұмыс істеушілер, 9-ы кәсіпкер,  235-і мектеп жасындағы оқушылар, мүгедектiгiне байланысты 1,2,3 топтағы адамдар           саны – 31 адам. 2020 жылы 7 бала дүниеге келіп, 6 адам қайтыс болған. Ал 2021 жылы округ бойынша 13 бала дүниеге келсе,13 адам қайтыс болды.

Ауылдық округ халқы зейнетақы, жәрдемақыларын уақтылы алып отыр.                                 Бұл мәселе ауылдық әкімшіліктің басты назарында ұсталып, үнемi қадағаланып отырылды. 2021  жылы ауылдық округ бойынша мемлекет тарапынан  137 зейнеткерге, көп балалы 16 анаға, 43 «Алтын алқа» және «Күміс алқа» иегерлеріне, асыраушысынан айрылған 8 адамға, 30  мүгедек  жандарға, 6 тыл ардагерлеріне  зейнетақы мен жәрдемақы уақытында төленіп отырылды.

Ауылдық округ бойынша арнаулы комиссия 2021 жылы 9 жанұяға атаулы әлеуметтік көмек тағайындады.

Ауылдық округте аз қамтылған, тұрмысы төмен 3 отбасы бар. Бұл отбасылар әкiмшiлiк мамандары тарапынан үнемi басты назарда ұсталынып, шаруашылықтар арқылы көмектер көрсетiліп отырылды. Жыл бойында бұл адамдарға отын-су,                                   жем-шөбін түсіріп беруге жағдай жасалынып келеді.

Қасқабұлақ ауылының су құбырына қызмет көрсету үшін   «Риза» коммуналдық кәсіпорынымен келісім шарт арқылы жұмыс жасайды. Ауылдан екі адам жұмыспен қамтылып осы кәсіпорында оператор болып жұмыс істейді.

Ауылымыздағы су құбыры жүйесі кезінде сапасыз салынғандықтан жиі жарылуда. Биылғы жылдың өзінде бірнеше рет жарылып, жөндеу жұмыстарын жүргізуге тура келді.

 Ауылда 145  телефон нүктесi болса, оның 133-і  жеке адамдардың,                                                  12-і мекемелердің үлесінде. Олардың 82-не қалааралық байланыс орнатылған.   Ауылымызда телефон нүктесінің жетіспеуіне байланысты 2015 жылы жаңа сандық           АТС қойылды. Бұған қоса ауылда «Билайн» және «Кей Селл» ұялы байланыстары                            да қалыпты жұмыс жасап тұр.

Ауылдық округ бойынша бiр учаскелiк полиция қызметкерi халықпен  тығыз жұмыс жасайды, арнайы “Уаз” автокөлiгiмен қамтамасыз етiлген. 2021 жылы ауылда ҚР ҚК 188-1 бабы, 1 бөлігімен 1 қылмыстық оқиға тіркелген («Тәуекел» шаруа қожалығының жетекшісі Жікенов Рымкештің 2 бас ірі қара малы жоғалуы), осы уақытқа дейін ашылған жоқ. Аудан прокурорының арнайы мал ұрлығының алдын алу алгоритм жоспары бойынша мал иелерінің қарамауы салдарынан жоғалып табылған мал иелерінен кеткен шығын өндірілетінін ескертеміз. Ал меншік жерлерге, шабындықтарға мал түсіп кетсе әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің     147- бабымен хаттама толтырылып, айыппұл салынады. Сонымен қатар жол бойында орналасқан шаруа қожалықтардың малдарына жарқырауық белгі тағу жұмыстары жүргізілді.

Осы қылмысты болдырмау, алдын алу мақсатында әкiмшiлiк мамандары, мектеп мұғалiмдерi және ауыл жастарымен бiрлесе отырып кешкi кезекшiлiктер ұйымдастырылды. Сонымен қоса 7 адамнан құрылған бастауыш ардагерлер ұйымы жұмыс жасайды.

Ауылымызда бір электрик-монтер маманы жұмыс жасайды. Электр қуатының ай сайын үздiксiз берiлуiн, ауыл тұрғындарының толықтай электр жүйесi мекемесiмен есеп айырысып отыруын қамтамасыз ету мақсатында үнемi түсiнiктеме жұмыстары жүргiзiліп отырылды. Алайда 35-желінің жиі ай сайын үзіліп қалу фактілері қайталануда.

Бұқаралық ақпарат құралдары бойынша ауылда «Отау ТВ»-ның ортақ антеннасы  арқылы  15 телеарна көрсетіледі.

Ауылымызда жұмыссыз жүрген адамдар саны көп болғанымен олар мүмкiндiгiнше науқандық төл алу, қи ою, шөп шабу, тасу сияқты жалдамалы жұмыстарға тартылып отыр. Биылғы жылы еңбек биржасына жұмыссыз ретінде 14 адам тіркеліп, қоғамдық жұмыстарға тартылды.

Ауданымыздың күре тамыры болып табылатын салық және бюджетке төленетiн басқа төлемдер жылма-жыл жоспарлы түрде орындалып келедi. 2021 жылғы жоспар бойынша барлық салық түрлері 100 пайызға орындалды.

 «Елді мекендерді дамытуда жетістіктер жергілікті кәсіпкерлердің және тұрғындардың қолдауымен болады. Әркім ауылындағы өз ауласында, көшесінде тазалықты сақтап, көгалдандыру және абаттандыру жұмыстарын жүргізуі тиіс».       Осы орайда көктемгi тазалық жұмыстары да биылғы жылы өз мәнiнде атқарылды.                      Ауыл iшi күл-қоқыстан тазартылып, бұған бір К-700 тракторы тіркемесімен,                                                   екi МТЗ –80,  екi ГАЗ-53,  бір тиегіш автокөлiктерi жұмылдырылды. Тұрғын үйлердің сырты сыланып, сырланып, екі көше бойындағы шарбақтар жаңадан ауыстырылып, көшелеріміз көріктеле түсті. Осы Қасқабұлақ ауылындағы 195 үй және Бөрілі елді мекеніндегі 14 үй толықтай ағартылып, сырланып қалыпқа келтірілді. Бұған қосымша округ бойынша қыстақтардағы тұрғын үйлер мен  мал баздары әктеліп қалыпқа келтірілді.

Ауыл шаруашылығы және кәсіпкерлік саласы бойынша:  Қасқабұлақ ауылдық округiнiң жалпы жер көлемi - 323757 га, оның ішінде елді мекен жері – 12059 га,           ауыл шаруашылығына пайдаланылатын жайылымдық жер - 121955 га, шабындық жер –      2134 га. 2020 жылы мал шаруашылығымен 56 құрылым шұғылданса, 2021 жылы мал шаруашылығымен 55 құрылым шұғылданып, оның 1-еуi жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiк, 54-і шаруа қожалықтары болып отыр. Ауылымыздағы “Қасқабұлақ” жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi қой малын асылдандырумен шұғылдануда.  Осы серiктестiкте 50-дей адам жұмыс жасаса, шаруа қожалықтарында - 157 адам жұмыс iстейдi. Осы ауыл шаруашылығы құрылымдарынан түсетін жылдық салық 8 миллион теңге көлемінде болып отыр.

Қасқабұлақ ауылдық округi бойынша мал басы 2021 жылы:  қой мен ешкі –18871          бас, жылқы - 3376 бас, мүйiздi iрi қара - 9069 бас, түйе - 192 бас болып отыр.         

 Бұл көрсеткiштерге қарап ірі қара мен жылқы мал басының өсуін байқауға болады.

Ауылдық округте 5 мал дәрiгерi жұмыс жасады. Жұқпалы мал ауруларының алдын алу мақсатында жұқпалы ауруларға қарсы егу, қан алу жұмыстары атқарылды, жұқпалы ауру болған жоқ.

Сонымен қоса ауылымыз Семей қаласында өткізілген ауылшаруашылық жәрмеңкелеріне де ұйымшылдықпен қатысып келеді.

Округ бойынша 2020  жылы статистикалық есеп бойынша 16000 тоннадай қатаң мал азығы дайындалса, өткен 2021 жылы 16400 тонна қатаң мал азығы дайындалып отыр. Сонымен бірге былтырғы жылы округ бойынша 146,5 тонна  жем алынды.                                               Тағы да айта кететін жағдай екі жылдан бері кәсіпкерлікті дамытуға, жеке кәсіппен шұғылданамын деуші адамдарға мемлекет тарапынан несиелер үздіксіз беріліп отыр. Ауылымыз бойынша «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы аясында бүгінгі күні                 34 адам  52 000 000 теңге несие алып жұмыс жасауда. Бұл несиелер негізінен мал басын өсіруге және қызмет көрсету орындарын ашуға бағытталды. Нәтижесінде ауылымызда қоғамдық монша салынып пайдалануға берілді, бір көлік жөндеу бекеті ашылды,                  бір наубайхана кеңейтілді. Ауыл жастары мал өсіруді қолға алып отырғаны қуантады.

Ауылдағы мал сою алаңының жұмысын қатаң бақылауда ұстап отырмыз. Басқа ауылдарда былтырғы жылы ірі малдарды сою құны – 3000-3500 теңге, ал ұсақ малдарды сою құны – 600 теңге болса, біздің мал сою алаңымызда ірі малдарды сою құны 2800 теңге, ұсақ малдарды сою құны – 800 теңге болды. Ауылдық округ бойынша барлық мал тек мал сою алаңында ғана сойылып отыр.

Оқу-ағарту саласы бойынша:

 2020-2021 оқу жылындағы оқушылар саны: 1-11 сыныпта 226 оқушы, МАД тобында 15 оқушы. Жиыны: 241 оқушы.

 ҰБТ-ға 8 оқушы қатысты. Сыныптың ҰБТ бойынша орта көрсеткіш 83 пайыз; 

Мектеп оқушылары қашықтан өткізілген халықаралық, республикалық  пәндік олимпиадалар мен байқауларға үнемі қатысып, жүлделі орындар алды.

          Оқушыларды қашықтан оқытуға байланысты мектептің  материалдық базасы жаңартылды. 10 нетбук, 12 компьютер, 60 ноутбук алынды. Сұраныстарына қарай оқушыларға таратылып берілді.

Мектепте  жұмыс істеген ардагер ұстаздардың атымен 2 атаулы кабинет Ардагер ұстаз М.Түсіповтың атындағы математика кабинеті және тарих, география пәнінің мұғалімі болған ардагер ұстаз Бағдәулет Қарсақбаев атындағы кабинеттер осы ұстаздардың ұрпақтарының демеушілігімен 600 000 теңге қаражат көлемінде жабдықталды.

Мектепте осы оқу жылында 45 педагог қызметкер еңбек етеді. 36 мұғалім сабақ береді. Олардың жоғары санаттысы -3; Бірінші санатты-9; Екінші санатты -9; Санатсыз-2;Педагог қызметкерлерді біліктілік санатына аттестаттауға байланысты 3 мұғалім «педагог-зерттеуші», 9 мұғалім «педагог-сарапшы», 1 мұғалім «педагог-модератор» біліктілігі бойынша жұмыс жасап жатыр. Мұғалімдер республикалық Ұлттық интернет олимпиадаға КИО, қазақ тілі пәнінен республикалық «ПедСтарт»,»Кемеңгер ұстаз» қашықтық олимпиадасына қатысып жүлдегер болды.

Бөбекжайда екі топта 44 бала тәрбиеленуде. Техникалық базасы   жылдан-жылға нығая түсуде. Балабақшаға төленетін ата-аналардың төлемақысы    4000 теңгені құрады. Балалардың тамақтануы ата-аналар көмегімен қамтылып, үш мезгіл ыстық тамақ беріледі.

Денсаулық сақтау саласы бойынша: Денсаулық саласы бойынша ауылымыздағы дәрігерлік амбулатория «Жедел жәрдем» автокөлігімен қамтамасыз етілген.                           Осы дәрігерлік амбулаторияда 1 жоғары білімді дәрігер, 3 жоғары санатты медицина қызметкері, 1 фельдшер қызмет атқаруда. Халық саны – РПН бойынша 843, 1 жасқа дейінгі бала – 9, 14 жасқа дейінгі – 278. Жасөспірімдер – 47 . Бала туар жастағы әйел саны – 158.

2021 жылы туған бала саны – 13. Жыл көлемінде скринингтік тексеруден өткен адамдар саны – 170. Жүрек қан тамырлары ауырумен диспансерлік есепте 93 адам тұрады, бұл науқастар тегін берілетін дәрілермен толықтай қамтамасыз етіліп отырды, сол секілді қант диабеті,асқазан жарасы (язва желудка) , ревматойдный артритпен ,өкпенің созылмалы қабынуымен (ХОБЛ) есепте тұратын адамдар тегін дәрілермен қамтамасыз етіліп отырды.

Елдегі эпидемиялогиялық жағдайға байланысты  - КВИ  каронавирустың таралуының алдын алу үшін халық арасында санитарлық ағарту жұмыстары жүргізілді.

Мәдениет-спорт саласы бойынша:  Ауылымызда үнемi өткiзiлiп тұратын мәдени-көпшiлiк шараларға жастар көптеп тартылуда. Наурыз мейрамы, 8-наурыз – Халықаралық әйелдер күнi, 1-мамыр-Халықтар бiрлiгi күнi  әртүрлi сайыстар түрiнде өткiзiлсе, Қарттар күнi,  Тәуелсiздiк күнi,  Жаңа жыл мейрамдарында төтенше жағдайларға байланысты барлық іс шаралар шектеулі түрде концерт берумен және кәсіпкерлердің демеушілігімен азық-түлік, дәрі-дәрмек таратылумен өткізілді.

Ал 9-мамыр “Жеңiс күнi” мейрамында тыл ардагерлерін үй жағдайында құттықтап, демеушілердің көмегімен азық-түлік ұсынылды.

«Туған жерге тағзым» акциясына орай ауылдастарымыз демеушілік жасап, мешіт үйінің іргетасын қалап, ауылымызға мешіт үйінің салтанатты түрде ашылуы болды.             

1-қазан күні  Дүниежүзілік қарттар күніне орай ауылымыздағы 30  қарт адамдарға демеушілер арқылы сый-сияпат жасалды.

2022 жаңа жылды қарсы алу ауыл жастарының ұйымдастыруымен жоғары деңгейде өтті. Аз қамтылған, көп балалы отбасылардың 15 балаға ауыл әкімінің шыршасы ұйымдастырылып, сыйлықтар тапсырды.

Осындай жоспарлы түрде өткiзiлiп тұратын игi шараларға ауылымыздағы мекемелер, серiктестiк пен шаруа қожалықтары, жеке кәсiпкерлер үнемi демеушiлiк жасап, көмектесiп отырды. Өткен 2021 жылы өткiзiлген көпшiлiк осындай                                     мәдени-көпшiлiк iс-шараларға демеушiлер тарапынан 2 000 000 теңге көлемінде демеушілік көмек көрсетiлдi.

Өткен 2021 жылы жұртшылықпен біріге отырып осындай жұмыстар ұйымдастырып, атқарылды.              

2022 жылы атқарылатын шаралар:

  1. Ауыл шаруашылығы саласы бойынша:

- мал бордақылау алаңдарының жұмысын жандандыру, жаңғырту       жұмыстарын аяқтау («Қасқабұлақ» ЖШС);

- мал басын асылдандыру, асыл тұқымды шаруашылықтар үлесін арттыру;

- лизингке техникалар алу, жаңарту мәселесі;

  1. Әлеуметтік салалар бойынша:
  • аз қамтамасыз етілген отбасылармен жұмыстарды жандандыру, өзектендіру жұмыстары, бірыңғай жиынтық төлем енгізілуіне байланысты өзін-өзі қамтитындарды тіркеу жұмыстарын жүргізу;
  • қарт адамдарға жағдай жасауға ықпал ету, мүгедек адамдармен жұмысты жандандыру, оларды мүмкіндігінше жұмыспен қамту;
  • «Ақшоқы», «Сырт Қасқабұлақ» бұлағының аумағын көркейту, көгалдандыру жұмыстарын жалғастыру;
  • тұрғындардың жаңадан штакетник шарбақтар ауыстыруын жалғастыру.
  1. Білім беру саласы бойынша:
  • білім беру сапасын қадағалау, ҰБТ мәселесіне талдау жасай отырып жақсы көрсеткіштерге жету;
  • «Туған жер» бағдарламасы аясында актив панель алуға орай  мектеп түлектерін демеушілікке тарту.
  1. Денсаулық сақтау саласы бойынша:

- ауыл тұрғындарын жаппай флюорографиядан толық өткізуді ұйымдастыру;

- ауыл тұрғындарының өз жерінде емделуге жағдай жасап, есептен шықпау жөнінде түсініктеме жүргізу арқылы дұрыс ахуал туғызу.

 

  1. Мәдениет саласы бойынша:

- «Жастар саябағын» жандандыру

-«Сырт Қасқабұлақ» бұлағының басын көгалдандыру

-Ұлы жазушы Мұхтар Омарханұлы Әуезовтың туғанына 125 жыл толуына орай іс шаралар өткізу

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тезис Акима  Каскабулакского сельского округа А.Мұқатай перед общественностью Каскабулакского сельского округа.

 

 

Уважаемые сельчане!

В сельском округе Каскабулак в 2020 году было организовано и проведено немало добрых дел. В ходе организационной работы на постоянной основе ведется строгое соблюдение законов , ведется тщательный контроль за своевременным исполнением поручений-решений и отношений, поступающих с вышестоящих органов. С целью контроля за работой государственных учреждений, ознакомления с проводимой работой, решения масштабных проблем каждый понедельник недели регулярно проводились инструктажи, планы. В целях изучения пожеланий жителей села было проведено онлайн встречи с населением сельского округа.

 

Уважаемые сельчане!

По социальной сфере: в Каскабулакском сельском округе на сегодняшний день в 274 дворах проживает 1070 человек. В сельском округе функционирует общеобразовательная средняя школа, врачебная амбулатория, Дом культуры, бюджетный  интернат, ясли-сад, сельская библиотека, сельская мечеть, убойный пункт, общественная баня. Численность населения сельского округа составляет 67 работников, 125 работников, 157 членов крестьянских хозяйств, 121 пенсионеров, 234 работающих на индивидуальной основе, 9 предпринимателей, 235 учащихся школьного возраста, 30 человек по инвалидности. В 2019 году родилось 13 детей, умерло 7 человек. А в 2020 году по округу родилось 7 детей, умер 6 человек.       

Население сельского округа своевременно получает пенсии, пособия.                Этот вопрос был рассмотрен в центре внимания акимата села. В 2020 году по сельскому округу своевременно были выплачены пенсии и пособия 121 пенсионерам, 16 многодетным матерям, 43 многодетным матерям, 8 инвалидам по потере кормильца, 30 инвалидам, 7 труженикам тыла, 1 ветерану афганской войны.

Специальная комиссия по сельскому округу в 2020 году назначила адресную социальную помощь 8 семьям.

В сельском округе 4 малообеспеченных семей. Эти семьи постоянно обращались к специалистам акимата, оказывались помощи по хозяйствам. В течение года этим людям созданы условия для разгрузки дров-воды, кормов.

Для жителей сельского округа чистая вода подавалась непрерывно. Этот вопрос находится под строгим контролем администрации.

Для обслуживания водопровода села каскабулак мы работаем по договору с коммунальным предприятием «Риза». Из села два человека были заняты и работают оператором на данном предприятии.Однако, здесь следует отметить, что часто при  возможностей системы водопровода построена некачественно. Уже в этом году пришлось несколько раз  провести ремонт.

В нашем селе работает отделение телефонной связи народного потребления. В селе 145 телефонных точек, из них 133 физических лиц, 12 организаций. Из них 82 установлены междугородные связи.   В связи с нехваткой телефонной точки в селе в 2015 году была установлена новая цифровая АТС. Кроме того, в селе работает мобильная связь «Билайн» и «Кей Селл».

По сельскому округу один участковый сотрудник полиции тесно работает с населением, обеспечен спецавтотранспортом “Уаз”. В 2019 году в селе зарегистрировано 2 преступления, оба не раскрыты. В прошлом году прокуратурой района по плану алгоритма по профилактике краж скота возмещен ущерб владельцам скотомогильников. При выпадении скота на землях, сенокосах составляется протокол по статье 147 Кодекса об административных правонарушениях и наложен штраф.Также были проведены работы по надеванию яркого знака для скота крестьянских хозяйств, расположенных вдоль дороги.

В целях предупреждения и пресечения данного преступления совместно со специалистами акимата, учителями школ и сельской молодежью были организованы вечерние дежурства. Кроме того, функционирует первичная ветеранская организация из 7 человек. Регулярно оказывает помощь административным служащим в решении народных вопросов, порядка на селе.

На сегодняшний день в селе работает один электрик-монтер.                            Население сельского округа бесперебойно поставляло электричество. В целях обеспечения бесперебойной ежемесячной подачи электроэнергии, полного отключения жителей села от электросетей регулярно проводились разъяснительные работы. В последнее время участились случаи отключения света. Особенно повторяются факты частого обрыва 35-й сети ежемесячно.

По средствам массовой информации в селе через общую антенну «Отау ТВ» будут транслироваться 15 телеканалов. Обеспечены записи жителей села в периодическую печать. В прошлом 2019 году было записано 275 экземпляров газет-журналов.

В селе имеется большое количество безработных, которые по возможности привлекаются к наемным работам по получению акционного молодняка, навозу, сенокосу и подвозу. В этом году на биржу труда в качестве безработных зарегистрировано 17 человек, привлечены к общественным работам.

Ежегодно в районе проводится планомерное исполнение налогов и других обязательных платежей в бюджет. 2019 года по всем видам налогов план выполнен на 100%

"Успехи в развитии населенных пунктов будут достигнуты при поддержке местных предпринимателей и населения. Каждый должен поддерживать чистоту, озеленение и благоустройство своего двора в селе».  В связи с этим весенняя уборка была проведена в этом году.     В сельском округе были очищены от мусора, в нем было задействовано один трактор К-700 с прицепом, два погрузчика          МТЗ -80, два ГАЗ-53, один погрузчик. В рамках акции "Дорога в школу" в школе-лицее № 20 прошла благотворительная акция "Дорога в школу", в которой приняли участие дети из малообеспеченных и многодетных семей, дети-сироты и дети оставшиеся без попечения родителей. В селе Каскабулак в 195 домах и 14 домах в населенном пункте Борили полностью побелены и покрашены. Кроме того, по округу были побелены жилые дома и скотные базы в зимовках. 

В сфере сельского хозяйства и предпринимательства: общая земельная площадь Каскабулакского сельского округа - 323757 га, в том числе земли населенных пунктов – 12059 га, пастбищные угодья сельскохозяйственного пользования-121955 га, сенокосные угодья-2134 га. В 2019 году животноводством занимаются 55 структуры, в 2019 году животноводством занимаются 56 структур, из них 1 товарищество с ограниченной ответственностью, 55 крестьянских хозяйства. Товарищество с ограниченной ответственностью "Каскабулак" занимается разведением овец.  В этом товариществе работают около 50 человек, в крестьянских хозяйствах - 157 человек. Годовой налог от этих сельхозформирований составляет 6 миллионов тенге.

По Каскабулакскому сельскому округу поголовье скота в 2019 году составило: овец и коз-18470 голов, лошадей-3144 голов, крупного рогатого скота-6821 голов, верблюдов-192 голов.   По этим показателям можно наблюдать рост поголовья крупного рогатого скота и лошадей, снижение поголовья овец. Как вы знаете, в предыдущем году в сельском округе из-за сильной зимы крестьянские хозяйства и частные собственники продали овец, в результате чего поголовье овец сократилось на 2000 голов, крупного рогатого скота, лошадей, верблюдов.

В сельском округе в 2020 году по программе 009 работали 5 ветеринарных врачей. В целях профилактики заразных болезней животных проведена вакцинация против инфекционных заболеваний, взятие крови, не было инфекционных заболеваний.

Вместе с тем, наше село активно участвует в сельскохозяйственных ярмарках, проводимых в городе Семей.

По округу в 2019 году по статистическим данным заготовлено  кормов 14600 тонн, в 2020 году заготовлено  кормов 16000 тонн. При этом в прошлом году по округу было получено 146,5 тонн кормов.           

 В связи с тем, что в течение двух лет на развитие предпринимательства, для лиц, желающих заниматься предпринимательской деятельностью, государством предоставляются кредиты. В рамках программы «Занятость-2020» на сегодняшний день 34 человека получают кредит на сумму 52 000 000 тенге. Эти кредиты в основном направлены на увеличение поголовья скота и создание рабочих мест. В результате в селе построена общественная баня, открыта одна Авторемонтная станция, расширена одна пекарня.

Мы наблюдаем за работой убойной площадки на селе. В других селах стоимость забоя крупного рогатого скота в прошлом году составила 3000-3500 тенге, а забоя мелкого рогатого скота-600 тенге, забоя крупного рогатого скота на нашей убойной площадке-2800 тенге, забоя мелкого рогатого скота – 800 тенге.

В сфере просвещения: на сегодняшний день основная опора села, культурно-духовная школа. Коллектив школы работает над собственным опытом, поисками в учебно-воспитательном деле и повышении качества образования.

          В 2019-2020 учебном году-226 учащихся, в группе ДД-15 учащихся. Всего: обучаются 241 учащихся.В истекшем 2019-2020 учебном году 11 классов окончили 14 учащихся.В ЕНТ приняли участие 8 учащихся. Средний показатель по ЕНТ в классе составляет 52,6%. С марта 2020 года группа МАД, учащиеся 1-11 классов прошли дистанционное обучение в связи с пандемическими ограничительными мерами. Учтены электронные ресурсы, необходимые для дистанционного обучения учащихся. Проанализирована возможность использования интернета. Школьные компьютеры и ноутбуки были разданы учащимся в соответствии с их потребностями и запросами. Созданы условия для дистанционного обучения.         В дистанционном обучении использовалась платформа «онлайн-обучение»

В 2020 году 11 класс окончили 14 учащихся. Ученик школы Е. Казбеков получил нагрудный знак «Алтын белгі», с отличием закончил школу.

2020-2021 учебный год обучались в 2 смены в «дежурных классах» учащиеся           1-4 классов и группы МАДОУ с соблюдением санитарно-эпидемиологических требований. Учащиеся 5-11 классов начали дистанционное обучение.                      За 1 полугодие 2020-2021 учебного года 225 учащихся, в группе МАД 19 учащихся. Всего обучается 244 учащихся.

На областном этапе олимпиады по общеобразовательным предметам 2 место заняла ученица 5 класса Кожахметова Е., Учитель-предметник Конакаева Ж.

По математике ученица 5 класса Куантханова С. заняла 3 место, учитель-предметник Туйебаева Р.

Учащиеся школы регулярно принимали участие и занимали призовые места в дистанционных международных, республиканских предметных олимпиадах и конкурсах.

В национальной интеллектуальной олимпиаде « Мың бала» приняла участие и стала призером ученица 6 класса Д. Серикова, получила специальный приз-ноутбук и благодарственное письмо.Ученик 11 класса Орынбеков Орынбеков в олимпиаде Iqanat, прошел 10-дневную подготовку в школе зимней подготовки в Боровом.

В связи с дистанционным обучением учащихся обновлена материальная база школы. Получено 10 нетбуков, 12 компьютеров, 60 ноутбуков.

В школе в этом учебном году трудятся 45 педагогических работников. Занятия ведут 36 учителей. Из них высшей категории-3; первой категории-9; второй категории-9; без категории-2;прошедших тестирование по аттестации педагогических работников на квалификационную категорию

3 учителя получили квалификацию «педагог-исследователь», 9 учителей получили квалификацию «педагог-эксперт», 1 учитель- «педагог-модератор».

Учителя-победители на республиканскую дистанционную олимпиаду КИО, по казахскому языку «ПедСтарт». Количество учителей, принявших участие в конкурсах-17;

Было оформлено 2 именных кабинета, названные в честь учителей-ветеранов, работавших в школе, были оснащены кабинетами математики имени учителя М. Тусупова и имени учителя истории и географии Багдаулета Карсакбаева при поддержке потомков этих учителей на сумму 600 000 тенге.

В 2020 году из бюджета на ремонт канализационных труб школы выделено 9 139 401 тенге. На замену окон и дверей бюджетного пришкольного интерната выделено 6 832 000 тенге, которые полностью заменены. Также при поддержке акима района полностью приобретены кровати, мебель и пододеяльники дома-интерната на сумму 1 417 665 тенге.

         В детском саду-ясли в двух группах воспитываются 44 ребенка. Из года в год укрепляется техническая база. Плата родителей в детский сад составила 4000 тенге. Питание детей обеспечивается посредством родителей, предоставляется трехразовое горячее питание.

В сфере здравоохранения: в сфере здравоохранения сельская врачебная амбулатория оснащена автомобилем "скорая помощь".  В данной врачебной амбулатории работают 1 врач с высшим образованием, 3 медицинских работника высшей категории, 1 фельдшер. Количество детей, родившихся в 2020 году – 7. количество лиц, прошедших скрининговое обследование в течение года – 170. на диспансерном учете с сердечно-сосудистыми заболеваниями состоит 93 человека,эти больные полностью обеспечены бесплатными лекарствами , а также лица ,состоящие на учете с сахарным диабетом, язвой желудка (язва желудка), ревматоидным артритом, хроническим воспалением легких (ХОБЛ).

В связи с эпидемической ситуацией в стране-для предупреждения распространения кви-каронавируса проводилась работа по санитарному просвещению населения. Работала специально созданная мобильная группа. При спонсорской поддержке директора ТОО  «Каскабулак», «почетный гражданин Абайского района " А. Мукатаевым был приобретен аппарат ИВЛ на сумму 400000 тенге, при спонсорской поддержке работников учреждения сельского округа был создан лекарственный фонд на сумму 200000 тенге.

По врачебной амбулатории каскабулак-с июня получен положительный результат КВИ (+) у 20 человек из 64 ПЦР. Из них детей – 2, подростков – 2 , старше 18 лет – 10 , старше 60 лет – 6 , находящихся на стационарном лечении – 7 , получивших амбулаторное лечение – 13.

В сфере культуры и спорта: в селе проводится планомерная работа по проведению праздничных дней. Это стало традицией. В селе постоянно проводятся культурно-массовые мероприятия. В районном Доме культуры села Каскабулак прошел районный смотр художественной самодеятельности, посвященный Дню села и учреждения района. В прошлом 2020 году, благодаря единству, мы получили призовое второе место. В связи с пандемии были проведены онлайн-концерты: Наурыз мейрамы, 8 марта-Международный женский день, 1 мая – День единства народа, День пожилых людей, День Независимости, Новый год. В программе  Путь в будущее: рухани жаңғыру  любовь к родному краю прививается к патриотическому чувству к родной стране - Казахстану", - подчеркнул глава государства, наша главная задача-духовно-нравственное воспитание молодежи и подростков. А 9 мая труженникам тыла раздавали подарки спонсорами.

С 2016 года по предложению сельской молодежи 8-мая был объявлен «День молодежи», а во втором году было проведено праздничное мероприятие с программой «Туған ел - алтын бесігім». В рамках акции «Туған жерге тағзым» сельчане оказали спонсорскую помощь, заложили фундамент здания мечети, построили здание мечети. Данное мероприятие будет продолжено.             

1 октября ко Дню пожилого человека подарили пожилым людям подарки.

К встрече Нового года-2020 спонсорами учреждения АО «Баст» 275 детям были разданы новогодние подарки.

На эти планомерные мероприятия регулярно спонсорские организации, товарищества и крестьянские хозяйства, индивидуальные предприниматели и помогали. В прошлом 2020 году спонсорами была оказана спонсорская помощь в размере 2 000 000 тенге на проведение подобных культурно-массовых мероприятий. Выражаю огромную благодарность товариществу и крестьянским хозяйствам, предпринимателям, отдельным лицам, которые постоянно оказывают спонсорскую помощь. Мы уверены, что крестьянские хозяйства, которые пребывают в спонсорстве, в дальнейшем будут оказывать спонсорскую помощь.

В прошлом 2020 году совместно с общественностью была организована и проведена такая работа.             

А в 2021 году мы ставим перед собой следующие задачи::

  1. в сфере сельского хозяйства:

- завершение работ по реконструкции и модернизации откормочных площадок (ТОО " Каскабулак» );

- увеличение доли племенного поголовья, племенных хозяйств;

- вопрос приобретения, обновления техники в лизинг;

  1. по социальным отраслям:

- активизация работы с малообеспеченными семьями, актуализация работы, проведение работы по регистрации самозанятых в связи с введением единого совокупного платежа;            

- способствовать созданию условий для пожилых людей, активизировать работу с инвалидами, по возможности обеспечить их занятость;

- Завершение работ по благоустройству, озеленению территории ручья "Акшокы", " Сырт Каскабулак» ;

- продолжить замену населением новых штакетников.

  1. в сфере образования:

- контроль качества образования, достижение хороших показателей, анализируя проблемы ЕНТ;

- Привлечение выпускников школ к спонсированию в рамках программы» Туған жер " на приобретение актив панелей.

  1. по здравоохранению:

- организовать полное проведение массовой флюорографии сельского населения;

- создать благоприятные условия для лечения жителей села на своей территории, путем проведения разъяснительной работы о невыезде с учета.

 

  1. по сфере культуры:

- Активизация " Молодежного парка»

- Благоустройство родника " Сырт Каскабулак»

- Планомерное проведение мероприятий " 2021-год 30-летия Независимости Казахстана»

 

. 

Дата публикации
19 января 2022