Қарауыл ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы атқарылған жұмысы
туралы тұрғындар алдында есебінің тезисі
Ауылдық округі әкімінің жұмысы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін –өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Президентінің Жарлықтары,облыс және қала әкімінің өкімдеріне сәйкес жүргізіледі. 2021 жылы Қарауыл ауылдық округінің жұмысы «Қазақстан үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабылеттілік» атты Жолдауды Қазақстан Республикасының Конституциясы мен Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылды.
Өткен жылды қорытындылай отырып:
Демография:
Қарауыл ауылдық округі аумағында 5672 адам тұрады. Ауылға көшіп келген -102 адам, көшіп кеткен - 85 адам, қайтыс болған -55 адам, туған сәбилер – 131.
Қарауыл ауылдық округіне қарасты шаруа қожалықтарының мал
бастары мен жер көлемі:
Электронды түрде әр шаруашылық бойынша есепке алуды жүргізудің бағдарламалық қамтамасыз етуі бойынша деректер өзектендіріліп, Қарауыл ауылдық округі қарасты – 18 шаруа қожалығы бойынша және 1335 үй шаруашылықтары бойынша деректер енгізілді.
01.12.2021 жылғы статистикалық мәлімет бойынша Қарауыл ауылдық округіндегі мал саны:
МІҚ барлығы – 6746 бас оның ішінде шаруа қожалықтарында – 1746 бас, үй шаруашылықтарында – 5000 бас;
МҰ мал – 6550 бас оның ішінде шаруа қожалықтарында – 2050 бас, үй шаруашылықтарында –4500 бас;
Жылқы малы – 5501 бас оның ішінде шаруа қожалықтарында – 2001 бас, үй шаруашылықтарында –3500 бас.
Ауыл іші және ауданнан тысқары жаққа тірідей немесе еттей малдарын апарған азаматтарға – 1258 анықтама берілді.
2021жылы Қарауыл ауылдық округі бойынша 1524 анықтама берілді.
Ауылдық округ бойынша шаруа қожалықтарының саны 18, барлығы да мал шаруашылығымен шұғылданады. Жер көлемі: 50 107,0 гектар. Қарауыл ауылы бойынша 4 бағытта мүйізіді ірі қара малын бағу ұйымдастырылды.
|
Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасының іске асуы: 2021 жылы Қарауыл ауылы бойынша қоғамдық жұмысқа 185 адам тартылды, жастар практикасына 35 адам, әлеуметтік жұмыс орнына 10 адам жұмысқа тартылды. Бос жұмыс орындарына тұрақты орналасқан адам саны -75 адам, 6 адам 3 айлық оқудан өтсе, Бастау-бизнес жобасы кәсіпкерлікке даярлау курсы бойынша 57 адам оқыды. Қайтарымсыз несие алған (грант) 44 адам. «Еңбек» бағдарламасымен 13 адам 46 млн 800 мың теңге алып жұмыс істеуде.
2021 жылы Экономика және қаржы саласы бойынша атқарылатын жұмыстардың негізгі бағыттары: Былтырғы жылы 9 955 554 теңгеге Мамай көшесі №69 үйдің 4 пәтерін жөндеп, қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді, Бекбосынов көшесіне қосымша 17 119 874 теңгеге абаттандыру мақсатында қоршаулар жасалды, 4 801 417 теңге аялдамалар жасап, орнатуға жұмсалды Қарауыл ауылдық округі бойынша жеке тұлғалардың көлік саны,салықтық түсімі: Қазіргі уақытта Қарауыл ауылдық округі бойынша көлік саны 705 оның ішінде жеңіл автокөлік 640, жүк көлігі 69, Қарауыл ауылында шағын кәсіпорындар саны 26, 58 дүкен жұмыс істеп тұр және бүгінгі таңда 5 шаштараз, 2 қонақ үй, 5 кафе, 5 тойхана, 4 асхана, 6 қоғамдық монша, 2 СТО және 4 шиномантаж халыққа қызмет көрсетуде. Барлық жиыны әр сала бойынша 305 кәсіпкерлік субъектісі бар. Қарауыл ауылдық округі әкімі аппараты мемлекеттік мекемесі Бюджеттің төртінші деңгейіне өткенін білесіздер, ауылдан түскен салықты өз бюджетіне пайдалану бойынша жұмыс жасауда. 2021 жылға салық жоспары 18 млн 770 мың теңге болса, нақты түсім 21 млн 606 мың 600 теңгені құрады. Бюджетті 115,1 пайызға артық орындады. |
|
Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар саласы бойынша Жаңа заң бойынша берілетін әлеуметтік көмектер туралы жан-жақты түсіндірме жұмыстары жүргізілуде. Атаулы әлеуметтік көмек алған 87 отбасы, 492 адам, 20 млн 746 мың 632 теңге игерілді.
|
|
|