Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 5 ақпандағы № 190 «Орталық атқарушы органдар басшыларының, әкімдердің, ұлттық жоғары оқу орындары ректорларының халыққа есеп беру кездесулерін өткізу туралы »Жарлығына сәйкес Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданы, Құндызды ауылдық округінің әкімі Д.Ысқақовтың 2021 жылы атқарылған жұмыстар жайлы
ЕСЕБІ
Құндызды ауылдық округі Абай ауданының шығыс бөлігінде 220 760 гектар жерге орналасқан, оның ішінде елді мекен жері 37312 –га, ауыл шаруашылығына пайдаланатын жайылымдық жер 36632– га, шабындық жер –1316 га. Ауылда 276 зейнеткер, 33 әртүрлі топтағы мүгедектер, 2 Чернобыль апатына қатысушы, 1 ауған соғысына қатысушы жалпы жиыны 1540 адам бүгінгі күні есепте тұрады.
Білім саласы
Ш. Әбенов атындағы орта мектепте 2021 жылы 211 окушы, мектеп алды даярлықта 26 бала, шағын орталықта 61 бала білім алып, 40 оқытушы, 4 тәрбиеші жұмыс жасайды. Қазіргі уақытта түске дейін 121 бала, түстен кейін 90 бала екі ауысымда білім алуда. Облыстық бюджеттен бөлінген қаржыға 1980000 (бір миллион тоғыз жүз сексен мың) көп балалы отбасылардан 79 оқушы, аз қамтылған отбасынан 31 оқушы мектеп бойынша жиыны 110 оқушы мектеп формасымен қамтылды. Ағымдағы жылы демеушілердің (Ш.Жанаева, М.Мағауин) көмегімен 900 мың теңгеге мектеп кітапханасы және физика пәні сыныбы 1миллион 200 жүз мың теңгеге атаулы сынып ретінде қайта жабдықталды.
Денсаулық саласы
Дәрігерлік амбулоторияда 1 дәрігер, 2 мейірбике, 1 акушерка, 3 жұмысшы жиыны 8 адам жұмыс жасайды. Қыстамаға 25 тонна көмір түсірілді. 2021 жылы 21 бала дүниеге келді. Бүгінгі күні дәрігерлік амбулаторияда қант ауруымен - 35 адам, жүрек ауруымен 32, қан қысымымен-137, қан аздығымен- 47, созылмалы бронхит- 9 адам, ракпен – 18 адам Д есепте тұрады. Тегін дәрімен қамтамасыз етілгендер саны – 200 адам.
Мәдениет және спорт саласы
Ауылдық клуб үйінің пайдалануға берілгеніне 13 жыл уақыт болды. Барлық мәдени шаралар осы клуб үйінде өтіп келеді. Мейрамғали Исатаев атындағы Құндызды халық театры ұжымы жоспарлы түрде жұмыс жасауда. Жылу тен арқылы беріледі. Отау теле табағы арқасында, ауылға қазақ радиосының хабарлары таратылады. Клуб үйінде жиыны 11 адам жұмыс жасайды.
Ағымдағы жылы су кіріп, қабырғаны тоздырмау үшін сырт жағына 400 мың теңгеге тас жапсырылып, лактап сырланды. Толықтай ішкі шам жарықтары ауыстырылды. Едені мен есіктері сырланды.
Клуб үйінде ауылдық кітапхана орналасқан. Ондағы кітап қоры 8926 дана.
Былтырғы жылдың тағы бір жақсы жаңалығы Ақтамберді спорт кешені Абай ауданының спорт мектебінің балансына беріліп, 4 адам жұмыспен қамтылды. Қазақша күрес пен дзюдо күрес үйірмелері ашылып, бүгінгі таңда толық көлемде жұмыс жасауда.
Бұдан басқа ауылдық почта, Қазақ телеком, Шәкер Әбенов атындағы мұражай, сонымен қатар актив, билайн ұялы байланыс желісі халыққа қалтықсыз қызмет көрсетуде.
Ауылшаруашылығы және ветеринария саласы
Ауылда жоғары білімді мал дәрігерлері 4 адам, арнаулы орта білімі бар 2 адам малдәрігері ретінде жұмыс жасайды. Мал дәрігерлік шаралар жыл соңына дейін толығымен атқарылды. Жыл басынан Сібір жарасына қарсы 10 000 бас МІҚ малдары, 18000 бас ұсақ мал, 4000 жылқы малы егілді. Аусыл ауруына 19400 бас МІҚ малдары, 35160 бас ұсақ мал егілді. Қарасан ауруына МІҚ малдарынан 6600 бас егілді. Ірі қара малдың түйінді дерматитіне қарсы 9000 бас егілді. Туберкулиназация жұмыстары МІҚ – дан 1100 бас егіліп тексерілді. «Оң» нәтиже берген малдар жоқ. Құтырма ауруына қарсы МІҚ – дан 1400 бас егілді. Пастереллез ауыруына қарсы МІҚ – дан 6600 бас, 200 бас жылқы егілді. Қан алу шаралары бойынша бруцеллез ауруына қарсы 9049 бас МІҚ малынан қан алынды, «оң» нәтиже бергені 2 бас. Қой-ешкі малдарынан 20189 бас бруцеллез ауруына қарсы қан алынды, «оң» нәтиже бергені 47 бас. «Оң» нәтиже берген малдар «Ұлан еткомбинатына» өткізілді.
2021 жылы 64 шаруа қожалығы, 12 жеке кәсіпкер, оның ішінде 3 наубайхана, 7 дүкен, 1 шаштараз, 1 жанар-жағар май сату станциясы жұмыс жасады.
Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» бағдарламасы бойынша, ақылы қоғамдық жұмысқа - 30 адам орналасты. Жастар практикасына – 5 адам алынды. 3 адам әлеуметтік жұмыс орыны бойынша жұмысқа орналасты. Қысқа мерзімдік кәсіптік оқуды – 2 адам аяқтады. Ауыл бойынша биылғы жылы 9 отбасы қайтарымсыз мемлекеттік грант алды. 1 отбасы монша салуға, 1 отбасы бие саууға, 1 отбасы қой шаруашылығын дамытуға, 6 отбасы МІҚ малдарын сауып, сүт өнімдерін сату бойынша алды.
Жылжымайтын мүлікті бағалау мекемесінің қайта бағалауына байланысты мүлік салығы мен жер салығы 157 704 теңге, көлік салығы 2 млн 132 811 теңге, жиыны 2 млн 290 520 теңге жергілікті бюджетке төленді.
2021 жылы ауыл бойынша қыстамаға жетерліктей 21 600 тонна мал азығы дайындалды. Аудан көлемінде біздің ауылда қатаң мал азығын дайындау өте жақсы жолға қойылған. «Жанат» шаруа қожалығының жетекшісі Мағауин Махмуд ағымдағы жылы жалғыз басты 2 отбасына, 1 топтағы мүгедек 1 отбасына тегін шөп түсіріп берді. Аз қамтамасыз етілген 4 отбасына 50 пайыз арзандатылған шөп түсірді.
Құндызды ауылдық округі бойынша басқа жаққа мал апарып сатуға 826 адамға анықтама берілді. 90 өкім шығарылып, 52 адамға нотариалдық іс-әрекет жүргізілді. Жыл көлемінде атқарылған жұмыстар туралы Абай елі газетіне 18 мақала жарияланды.
Жалпы аудан аумағында тұратын халықтың күн көрісі қолындағы төрт түлік малы. Бүгінгі таңда төрт түлігін күн көріс көзіне айналдырып отырған ауыл халқының азын – аулақ малы қолды болмағаны маңызды. Осы мақсатта наурыз айынан бастап, түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, малды табынмен бағуды тағы қолға алмақшымыз.
Жұмыс жасауға тиіс 26 колонканың 23-і жұмыс жасап тұр.
1 адам Абай аудандық «Риза» коммуналдық мемлекеттік қазынашылық кәсіпорны арқылы жұмыс жасайды.
Ауылды дамыту бағдарламасы арқылы 2021 жылы 1 402 000 теңгеге бір көшенің жарығы, 1 300 000 теңгеге балалар ойын алаңы қайта жабдықталып жөнделді.
2021 жылы күрделі жағдайларға қарамай ауылымызда жағымды жаңалықтарға толымды болды. Атап айтқанда, халық ақыны, батагөй ақсақал Ш.Әбеновтің 120 жылдығына орай мекеме және бөлім басшылары мен қызметкерлерінің қатысуымен Шәкір Әбенов әндеріне челлендж ұйымдастырылды. Ағымдағы жылдың 21 наурыз күні Қазақстан Республикасының Бас мүфтиі Наурыз қажы Тағанұлының өзі бас болып келіп Әлем барысы Айбек Нұғымаровтың бастауымен, халықтың демеушілігімен 14 000 000 теңгеге салынған «Байтөлек қажы» мешітін салтанатты түрде ашып берді.
Мамыр айында Ш.Әбеновтің 120 жылдығына орай Нұр – Сұлтан қаласындағы Ұлттық музейде «Шыңғыстаудың бір - шыңы» атты ғылыми конференция өтті. Конференцияға Шәкір атамыздың қызы Сана апайымыздан бастап, біраз ауылымыздың азаматтары қатысты. Ұлттық музейге ауылымыздың тумасы Елдос Азаматұлы арнайы салған Ш.Әбенов портреті табыс етілді.
Қыркүйек айында Абай ауданының әкімі Нұржан Оразбекұлының қолдауымен, халықтың шын ықыласымен халық ақыны Ш.Әбеновтің 120 жылдығы өз деңгейінде аталып өтті. Қазақтың бас ақыны А.Құнанбайұлына бюст қойылып, «Шыңғыстаудың бір – шыңы Шәкір ақын » атты ғылыми конференция ұйымдастырылып, артынан ас берілді.
Ағымдағы жылы Нұр – Сұлтан қаласында тұратын ауылымыздың азаматы Е.Сейтенов ауылды абаттандыру мақсатында өз қаражатына салып жатқан саябаққа 100 түп шынар ағаштарын егіп, адамдар демалатын орындықтар, жарықтар тартып гүлдендіре түсті.
Ауылымызда 1 учаскелік полиция қызметкері қызмет жасайды. 2021 жылы тіркелген қылмыс саны – 1-еу. Ашылған. Ағымдағы жылы 25 әкімшілік құқық бұзушылық анықталып, хаттама толтырылған. Абай ауданының полиция бөлімінің қызметкерлерімен 15-рет рейдтік шаралар ұйымдастырылған. Әкімшілік құқықбұзушылық Кодексінің 408 бабы бойынша 15 адамға ескерту жасалды. Қаруыл – Аягөз трассасына жақын орналасқан шаруа қожалық жетекшілеріне ескерту парағы таратылып, жұмыстар жүргізілді.
Ауыл бойынша: 120 қарағаш, 30 қайын ағаштары егілді. Ш.Әбенов атындағы орта мектеп, Клуб үйі, Ш.Әбенов атындағы музей, Жастар саябағы, Жеңіс аллеясы, дәрігерлік амбулаторияға гүлзарлар дайындалып, гүлдер егілді. Аталған жерлерде әктеу, сырлау жұмыстары жүргізілді.
Ауылымызды көркейту мен аббаттандыру жұмыстарын біз ары қарайда жалғастыратын боламыз.
2022 жылы алдымызға төмендегі міндеттерді қойып, атқарсақ деп отырмыз: