Кеңгірбай би ауылдық округінің әкімі Амангелдин Дархан Амангелдіұлының 2021 жылғы атқарылған жұмыстары туралы ауыл халқы алдында есеп беру баяндамасының тезисі
Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 5 ақпанындағы № 190 «Орталық атқарушы органдар басшыларының, әкімдердің, ұлттық жоғарғы оқу орындары рекорларының халыққа есеп беру кездесулерін өткізу туралы» Жарлығына сәйкес еліміз бойынша барлық деңгейдегі әкімдердің есеп беру кездесулері жүргізілуде.
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жыл сайынғы Қазақстан халқына «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты жолдауынан туындаған мәселелер де біздің ауыл үшін бір серпілісін тигізуде. Ауыл әл-ауқаты да жыл санап арту үстінде.
Бюджет
Бюджеттен бөлінген қаражат мақсатты жұмсалып, мемлекеттік сатып алу процедурасы заң аясында өткерілуде. «Кеңгірбай-би ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне 2021 жылға қаралған бюджет 20 528,0 теңге болып бекітіліп, жыл ішіндегі толықтырулармен өзгерістерді қоса алғанда бюджет 25 798,7 теңгеге аяқталды. Оның 25 798,7 теңгесі игерілді немесе орындалуы 100 пайызды құрады. Жергілікті өзін-өзі басқару қаражатына 1 405,0 теңге бөлініп, қаржы толығымен 100 пайызға орындалды.
Салық
Жеке тұлғалардың жер, мүлік салығы жоспар бойынша 80,0 теңге, орындалысы 100 пайыз, жеке меншік көлік салығы жоспар бойынша 1 325,0 теңге, орындалысы 100 пайыз. Жалпы ауылдық округте салықтан түсетін түсім жоспар бойынша 1 405,0 мың теңге болса, орындалысы 100 пайызды құрап, толығымен салық жоспары орындалды.
Ауыл шаруашылығы, жер қатынастары
Ауылдық округке қарасты жер көлемі 180 905 гектар, оның ішінде елді мекен жері 14 621, жайылымдық жерлері 14 172 гектар. Шаруа қожалықтарға тиесілісі 121 135 гектар, оның ішінде 510 гектар шабындық, 120 625 гектар жайылымдық жерлер. Ауылшаруашылық өнімдерін өндірумен 74 шаруа қожалығында 64 жалдамалы жұмысшы және 107 жеке меншік қосалқы шаруашылық айналысуда.
Малдардың генетикалық әлеуетін арттыру мақсатында округ бойынша асыл тұқымды мал шаруашылығымен айналысатын 13 қожалық бар (ұсақ мал 6, МІҚ 6, ІҚ 1).
Ауыл шаруашылығы техникаларын жаңарту бойынша алты шаруа қожалық «ҚазАгроҚаржы» АҚ арқылы өз қаржысымен және лизинг бойынша трактор және қосалқы техникаларымен 72 700,0 теңгеге несие қаражаты алынып, игерілді.
«Сыбаға», «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» арқылы қожалықтардан өтінімдер қабылданып, 34 700,0 теңгенің несиесі игерілді. Бұл қаржыға тиісті шаруа қожалықтары МІҚ малдарын және қазақтың қызыл қасқа асылтұқымды 63 бас малдарын сатып алды.
2020-2021 жылды қоса есептегенде 42 шаруа қожалық 211 133, 0 теңге субсидия алды.
Сәулет-құрылыс және тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, автомобиль жолдары
Ауылдық округ бойынша су құбыры орталықтандырылған су жүйесімен жұмыс істеп тұр. Халықты таза ауыз сумен тәулігіне 24 сағат қамтамасыз етуге ШЖҚ «Риза» КМК қызмет көрсетеді.
Өңірлерді дамыту бағдарламасы бойынша жылма – жыл ауыл ішін абаттандыру бойынша жүйелі жұмыстар жүргізілуде.
Ұзындығы 850 метр Айпара көшесіне 1 450,0 теңгеге көше жарығы Абай көшесі арқылы орташа жөндеу жұмысы жүргізіліп, энергия үнемдеуші шамдар орнатылды.
Азаматтарды тұрғын үймен қамтамасыз етуге бағытталған «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша ауылымыздың аз камтамасыз етілген және көп балалы 10 отбасы аудан орталығы Қарауылдан баспаналы болды.
Ветеринария
Мал ауруларының алдын алу мақсатында бекітілген жоспарға сәйкес ветеринарлық профилактикалық іс-шаралар жүргізілді.
Кеңгірбай би ауылдық округінде 6 мал дәрігері тұрақты жұмыс істеуде. Ветеринарлық пункт меңгерушісіне ауылдық мәдениет үйінен бір кабинет беріліп, интернет желісіне қосылған.
Мал өлексесін тастайтын арнайы орын қалыпты жағдайда жұмыс істеп тұр. 2021 жылы 60,0 мың теңге көлемінде өлексе тастайтын орынды ретке келтіру жұмыстары жасалынды.
Серологиялық әдіспен бруцеллез ауруына қарсы жүргізілген жұмыстар:
а) МІҚ - 11 030 бастан бруцеллез ауруына қарсы қан алынып, тексерілді. RW-51 вакцинасымен жұмыстары жылма-жыл жүргізіліп келеді.
б) Қой – ешкі малдарынан 27 520 - бастан бруцеллез ауруына қарсы қан алынып, тексерілді. Ару мал анықталған жоқ.
- аусыл ауруына қарсы МІҚ - 19 550 бас, қой-ешкі 45 405 бас, 3 700 бас егілді.
- сібір жарасы ауруына қарсы: жылқы 3 700 – бас, МІҚ 11 100 бас, ұсақ малдан 24 000 бас егілді.
- МІҚ қарасан ауруына қарсы 7 400 бас егілді.
- құтырма ауруына қарсы МІҚ-дан 1 300 бас егілді.
Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау
«Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөнінде жылма-жыл жүйелі түрде жұмыстар атқарылып келеді.
Жұмыспен қамту бойынша өкілетті органдарда есепте тұрған жұмыссыздардың саны 26 адам. Жоспар бойынша қоғамдық жұмысқа 26 адам болса орындалысы 29 адам, яғни 111 пайыз.
- қайтарымсыз несие - 3 адам, 1 750, 2 млн теңге
- қысқа мерзімдік оқуға - 4 адам,
- жастар іс-тәжірибесіне - 1 адам,
- әлеуметтік жұмыс орнына - 3 адам,
- бизнестің жол картасы бағдарламасы бойынша 17 адам жұмысқа орналасты.
Округ бойынша 2021 жылы атаулы әлеуметтік мемлекеттік жәрдемақы барлығы - 15 отбасына 84 адамға 3 591,6 теңге төленді.
Тұрғын үй жәрдемақысы 6 жанұяға тағайындалып, 248 434 теңге төленді.
Округ бойынша 1 әлеуметтік қызметкер 5 мүмкіндігі шектеулі жандарға және 1 зейнеткерге қызмет көрсетеді.
Санитарлық тазазалық, көгалдандыру жұмыстары
Санитарлық тазалық жұмыстары бойынша елді мекендерді көріктендіру, көгалдандыру, санитарлық және экологиялық жағдайын жақсарту мақсатында 2021 жылдың сәуір-маусым айлары аралығында "Елді мекендерді санитарлық тазалау, көркейту және көгалдандыру жөніндегі көктемгі үш айлық тазалық айлығы" өткізілді.
Үш айлық тазалық айлығы аясындағы жұмыстарға Кеңгірбай би ауылдық округі бойынша жалпы 5 ұжымнан 150-ге тарта адам қатысты, 9 техника оның ішінде 3 тиегіш, 6 жүк тасымалдайтын техникалар тартылып, 1 800 тонна күл-қоқыс шығарылды.
Сонымен қатар жер кіндігі Жидебай жері де ауылдық округтің бір бөлігі болып табылатындықтан Абай, Шәкәрім кесенелерімен, Қарауыл-Жидебай-Ниет төбе жеріне дейін, заманының иесі, кейінгі ұрпақтың киесі болған Кеңгірбай би атамыздың кесенесіне де үнемі абаттандыру, тазалық жұмыстары ұйымдастырылып, жүргізіліп тұрады. Жидебайдағы Абайтану орталығына көгалдандыру жұмыстарын арттыру мақсатында 850 мың теңгеге ұңғымалы құдық қазылды.
Ауылда балалар ойын алаңы, 3 тарихи мәдени ескерткіш орнатылған саябақ, жастар паркі, футбол алаңы, хоккей корды жұмыс істеп тұр. Бүгінгі таңда футбол алаңынан басқа нысандардың құжаттары, яғни жер актілері әзірленіп, мемлекеттік тіркеуден өтті. Аталған нысандарға жекелеме су тартылып, әр мезгіл сайын мектептің жылыжайында егіп дайындалған гүл егу, көгалдандыру, суару жұмыстары, ағаштарды ақтау, бояу, сырлау жұмыстарын үнемі қоғамдық жұмысшылардың қолдауымен жүргізіліп отырады. Сонымен қатар ауылдағы әлеуметтік нысандарға 250 шаршы метр гүл мен қосымша талдар отырғызылды.
Семей қаласындағы ауыл азаматтарының қолдауымен Абай, Сүндетбай көшелерінің қиылысына, мектеп ауласына жиыны 100 түп шынар ағаштары әкелініп, отырғызылды.
Ауыл шетінде орналасқан тұрмыстық қатты қалдықтарды тастайтын орында көп уақыттан бері жиналмай келе жатқан орын. Кейінгі екі жыл қатарынан бұл жердегі қоқыстарды жинау жұмыстары ретке келтіріліп келеді.
Денсаулық сақтау саласы
Кеңгірбай би фельдшерлік - акушерлік пункті - 530 ауыл тұрғынына медицналық көмек көрсетеді.
ФАП-та 3 қызметкер жұмыс жасайды. 1 фельдшер, 2 мейірбике, 1 тазалықшы.
Ауылдық округ бойынша вакцина алуға тиісті 408 адам. Вакцинаның 1 және 2 этапын 408 адам алды, орындалысы 100 пайыз.
Туылған бала саны-8
Қайтыс болған адамдар саны -7
Табиғи өсу көрсеткіші -5,4% 0 (промиль)
Қатерлі ісікпен аурушаңдық жоқ.
Туберкулезбен аурушандық көрсеткіші - 0
Диспансерлік есепте тұратын адамдар саны - 286, оның ішінде үлкендер - 243, жасөспірімдер - 6, балалар - 37.
Жүрек қан тамырлар ауруымен «Д» есепте тұратын адамдар саны - 104.
Флюрографиялық тексеруден жоспарлы түрде аудан орталығында - 434 адам өтті.
Ауыл тұрғындары мен шалғайдағы қыстақардағы жайлаудағы шопан бақташылардын жанұяларына медициналық көмек уақытымен жедел түрде көрсетіледі
0-14 жастағы балалар әр түрлі жұқпалы ауруларға қарсы екпемен ай сайын жоспар бойынша қамтамасыз етіліп отырады. Орындалуы -100% 0 (промиль). «Д» есептегі адамдар тегін дәрімен көрсетілім бойынша қамтамасыз етілуде. Жүкті әйелдер уақытымен есепке алынып, бақылауда ұсталынуда. Халық арасында санитарлық - ағарту жұмысы әңгіме өткізу, лекция оқу, сан бюллетень шығару түрінде жүргізіліп отырады.
Мәдениет саласы
Мәдениеттің өзекті бөлігі – өнер. Шынында да өнер мәдениеттің алтын қазынасы, адамның ұлылығын білдіретін ғажап көрініс. Мәдениеті, өнері өркендеген қоғам әр уақытта ілгерілеп дамитынына шек жоқ.
Сол өнерден Би ата ауылының да тұрғындары кенде емес екені бұрындары өткізіліп жүрген ауыл көркем өнерпаздар байқауында өз өнерлерімен ерекшеленеді.
Ауылдың сахнасынан түлеп ұшқан өнердің өрінде жүрген жерлес азаматтарымыз Кентау Назарбеков, Ардақ Беркімбаев, Жұлдызбек Жұманбаев, Мейіржан Алтыбаев сынды жерлестерімізбен әркез мақтан тұтамыз.
Алайда дүниежүзін дендеген дерт кеселінен екінші жыл қатарынан карантиндік талапты ескере отырып, бекітілген жоспарға сәйкес онлайн форматы негізінде жыл ішінде айтулы әр мереке күндеріне орай жиыны 14 мерекелік кеш өткізілді.
Ж.Кәрменов атындағы саз мектебінің қобыз, баян, домбыра кластарының ұстаздары қосымша 17 балаға тәлім беріп, болашақ өнер иелерін дайындауда.
Бүгінде ауылдық кітапхана өз оқырмандарына талапқа сай қызмет көрсетуде. Кітап қоры 7483 оның ішінде қазақ тілінде 4444 орыс тілінде 3039 кітап.
Ауылдық округ кітапханасында жылдық жоспарға сәйкес іс – шаралар аталып өткізіліп, қазақ әліппесінің негізін қалаушы Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдығы, жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығы, Абайдың ақындық тәрбиесін көрген шәкірт інісі Көкбай Жанатайұлының 160 жылдығы және ел тәуелсіздігінің 30 жылдығымен қоса жины 12 іс-шаралар еліміздегі төтенше жағдайға байланысты онлайн форматында атқарылып өтті.
Спорт
«Спорт денсаулық кепілі» демекші салауатты өмір салтын қалыптастыруда көп көңіл бөлінуде. Ауылда жасанды футбол алаңы, хоккей корты қалыпты жұмыс жасауда. Кешкілік мезгілде үнемі ойын алаңдарында жарықтар жанып тұрады. Ауа-райының суытқан мезгілінде кортқа су құйылып, ауыл балалары коньки тебуде. Мектеп базасында күрестен, волейболдан спорттық секциялар жұмыс істейді.
Туған жерге тағзым
Жылдағы қалыптасқан үрдіс бойынша ауылымыздың 1979-1980 жылғы туылған азаматттарының қолдауымен Ұлыстың Ұлы күні наурыз мерекесіне орай карантиндік шектеулерді сақтай отырып, мүмкіндігі шектеулі, аз қамтамасыз етілген, жалғызбасты, көп балалы отбасыларға 300,0 теңге көлемінде тиісті жанұяларға мерекелік көңіл күй сыйлады.
Ауылын қарап азаматын таны демекші, ауылымыздың тумасы Жансап Сәдібекұлының ұйымдастыруымен Шыңғыстау орта мектебінің 1976 жылғы (сол кездегі атауы) түлектері, өздерінің мектеп бітіруіне 45 жыл толуына орай, ауылымыздағы 1978 жылғы туылған азаматтардың демеушілігімен 2015 жылы салынған балалар ойын алаңын 500 мың теңгеге қайта жаңғыртудан өткізді.
Ауыл жастарының қолдауымен бір отбасына 2 млн теңгеге баспана сатып алып берді.
Би ата кесенесіне Жидебайдан баратын 7 шақырым жол жерлесіміз, кәсіпкер, Аяпбергенов Қымбаттың ұйтқы болуымен ШЖҚ «Риза» КМК-ның техникаларымен жөндеу жұмыстары жүргізілді.
1971 жылғы туылған азаматтардың ұйымдастыруымен жаңа жыл мерекесіне орай ауылдағы әлеуметтік жағдайларын ескере келе әр түрлі отбасына 8 мың теңгеден 30 отбасына (240 мың теңге) жаңа жылдық сыйлықтар тарту етті.
Мектеп бітіргендеріне 10, 20, 30 жыл болған ауыл азаматтарының қолдауымен жылма-жыл әр түрлі игілікті істер атқарылып, ауыл халқының назарына ұсынылуда.
Ауылдағы көп балалы, аз қамтамасыз етілген, мүмкіндігі шектеулі, жалғысбасты отбасыларға жыл ішінде әр тараптардан тағамдар, отын және, шөптен түрлі көмектер көрсетіліп отырады.
Білім
«Шәкерім атындағы орта мектебі» КММ-де 77 оқушы білім алуда. Педагогикалық ұжым өз жұмысын оқу-тәрбие үдерісінің деңгейін көтеру бойынша жалғастыруда.
Мектеп ұжымында 33 педагог жұмыс жасайды. Педагог-зерттеуші – 7, педагог-сарапшы – 3, педагог-модератор – 11, жоғары санатты – 4, ІІ санатты – 3, санаты жоқ – 5.
2021-2022 оқу жылындағы мектептегі әлеуметтік есепте тұратын оқушылар саны: көп балалы отбасы (41 бала, 20отбасы); аз қамтылған отбасы (13 бала, 11 отбасы); толық емес отбасы (6 бала, 4 отбасы).
2021-2022 оқу жылында кітапхана мен жылыту орталығын жөндеуге облыстық бюджеттен қаржы бөлініп, жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Өткен жыл мектеп қабырғасында да жағымды жаңалықтармен жеңісті жетістіктер жылы болды.
2020-2021 оқу жылының қорытындысы бойынша мектеп оқушыларының білім сапасы 67 %, үлгерімі 100 %. 11-сыныпты 6 оқушы аяқтап, 6 оқушысы да мемлекеттік оқу грантын жеңіп алды.
Мектептің үш жылдық білім сапасы
|
Жылдар |
2018-2019 |
2019-2020 |
2020-2021 |
|
Оқушы саны |
89 |
93 |
81 |
|
Озаттар |
18 |
25 |
18 |
|
Екпінді |
34 |
38 |
33 |
|
Білім сапасы |
59% |
68% |
67% |
|
Үлгерім көрсеткіші |
100% |
100% |
100% |
ҰБТ көрсеткіштері
|
Оқу жылы |
ҰБТ-ге қатысқан оқушы саны |
Қазақ тілі |
Қазақстан тарихы |
Математ. сауаттылық |
І таңдау пәні |
ІІ таңдау пәні |
Жалпы ұпай |
|
2018-2019 |
3 |
17 |
16 |
14 |
20 |
18 |
79,5 |
|
2019-2020 |
12 |
15,5 |
13 |
14 |
11,5 |
23,5 |
66,4 |
|
2020-2021 |
6 |
19 |
8,5 |
8,5 |
19,8 |
17,6 |
74 |
Мемлекеттік грант иегерлері
|
Оқу жылы |
Түлектердің саны |
Грант |
% |
Ақылы |
% |
Бюджет |
% |
|
2018-2019 |
6 |
3 |
50% |
1 |
17% |
2 |
33% |
|
2019-2020 |
12 |
8 |
67% |
1 |
8,3% |
3 |
25% |
|
2020-2021 |
6 |
6 |
100% |
|
|
|
|
«Жүректен жүрекке» акциясы шеңберінде мектеп ұстаздары мен мекеме қызметкерлерінің демеушілігімен әлеуметтік жағдайы төмен және көп балалы отбасынан шыққан оқушыларға оқу-құрал жабдығымен, аяқ киіммен, спорттық және қыстық киімдермен қамтамасыз етілді.
Қоғамдық тәртіп
Округке 1 учаскелік полиция инспекторы бекітілген және округ тұрғындары арасында құқық бұзушылық пен қылмысты болдырмау мақсатында профилактикалық жұмыс тұрақты негізде өткізіледі.
Қоғамдық тәртіп орнату мақсатында үнемі рейдтік жұмыстар жүріп тұрады.
Кеңгірбай би ауылдық оркругіне қарасты учаскелік полиция инспекторының қатысуымен ауыл әкімшілігі бірлесіп тиісті жұмыстар жүргізуде.
2021 жы ауылдық округте 4 қылмыстық іс тіркелген. Оның 3 ашылған, 1 мал ұрлығы, 2 бөтеннің мүлкін талан - таражға салу, 1 қылмыс қазіргі уақытта өндірісте (қылмыстық іс жүргізілуде).
Жол көлік оқиғасын алдын алу шаралары бойынша Қарауыл- Семей тас жолы бойындағы ауылдық округке қарасты шаруа қожалық жетекшілеріне учаскелік полиция инспекторының қатысуымен неше мәрте көшпелі жиын өткізіліп МІҚ, жылқы малдарына жарық шағылысатын лента байлау туралы ескертіліп, түсініктеме жұмыстары жүргізілді. Әлі де бұл жұмыстар жалғасын табады.