Адалдық жүрген жерде адамдық жүреді

Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын жүзеге асыру аясында қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру, парасаттылық, адамгершілік құндылықтарын насихаттау мақсатында ауданымыздың білім беру мекемелерінде ақпараттық және ұйымдастырушылық сипаттағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралар тұрақты түрде өтуде. Соның біріне тоқтала кетсем:

«Шығыс-Адалдық алаңы» жобасының қызмет бағыты бойынша сыбайлас жемқорлықты жоюға және азаматтар үшін қолайлы жағдай жасау үшін аудандық білім бөліміне қарасты білім беру мекемелерінде , жалпы  11 мектепте 2019 жылдың 10 желтоқсан күні «Адалдық дүкендері» ашылды. Жобаның мақсаты- қоғамда сенім атмосферасын қалыптастыру және азаматтарды адалдыққа баулу. «Адалдық дүкендері» өсіп келе жатқан ұрпақ бойында адалдық қасиеттерін нығайта отырып, білім беру ұйымдарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға септігін тигізетіні анық.

          Қазіргі уақытта мектептің «Адалдық дүкенінде» оқушылар сатушының көмегінсіз әр түрлі тағамдар, тәттілер мен сусындарды т.б. заттарды өз бетінше сатып алуға бейімделуде.

Бұл жобаны жүзеге асыруда қоғамдағы жемқорлықпен күресуге, жастарды адалдыққа, шыншылдыққа тәрбиелеу мәдениеті көзделіп отыр.

Дата публикации
26 марта 2020