қылжақпас. Әзір тамақ, әзір ас. Сыртың – пысық, ішің – нас, Артын ойлап ұялмас» деген өзін бүгінгі замандағы қоғамның дамуына тежеу болып жүрген жең ұшынан жалғасқан жемқорлыққа қадап айтқандай.
Жемқорлық – адамзаттың асыл қасиеттерінің, парасат пайымының, рухани көркеюі мен өсіп, өркендеудің хас жауы. Бұл кеселмен күресті мемлекетіміз ең бірінші назарға қойып, жемқорлық туралы заң пәрменділігін арттырғанын жалпақ жұрт біледі.
Біз мүлдем жаңа қоғамда өмір сүріп жатырмыз. Жаңа қоғамның сипаты – іскерлік болса, бұл жолда жетістіктеріміз аз емес. Ал шешімі күрделі мәселелер де жеткілікті. Ол – әлеуметтік мәселе. Бұл салада түбегейлі шешімін таба алмай тұрған мәселе – сыбайлас жемқорлық. Үлкен әлеуметтік қасірет болып табылатын ол саяси даму тұрғысынан бір біріне ұқсамайтын әлемдегі барлық елдердің қай-қайсысын да қатты алаңдататыны анық.
Қарсы күрес жүргізіліп жатқан «қауіпті кеселді» мүлдем жойып жіберу мүмкін болмай тұр. Алайда оны емдемес бұрын алдын алу жолында заңдар қабылданып, күрес жүргізу саясаты жанданып, атқарылып жатқан жұмыстар жетерлік.
Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевты бастамасымен қолға алынған есеп беретін мемлекеттік органдарда сыбайлас жемқорлыққа орын болмауға тиісті. Бүгінде мемлекетіміз бүкіл әлемге өзінің біртұтастығымен, ажырамас бірлігімен танылғаны рас. Әлем елдерінің ішінде өз орнын айқындады. Қоғам дамуының жаңа жолын таңдап, уақыттан туындаған әртүрлі кеселдерден айығуды міндет етіп қойды. Бұл жол Елбасымыздың бастауымен алға қойылған сыбайлас жемқорлықпен күрес жолы.
«Ұлт жоспары - 100 қадам: баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет» атты бес институттық реформада жемқорлықпен күрес басты басымдықтың бірі ретінде көрсетілген. Сондықтан да сыбайлас жемқорлықпен күресу және алдын алу әрқайсымыздың борышымыз.
Ұлы Абай өзінің он бірінші қара сөзінде «Осы елдің үнем қылып жүргені немене? Екі нәрсе. Әуелі - ұрлық, ұры ұрлықпен мал табам деп жүр. Мал иесі артылтып алып, тағы да байимын деп жүр. Ұлықтар алып берем деп, даугерді жеп, құтқарам деп ұрыны жеп жүр. Қарапайым жұрт ұрлық айтып мал алам деп, ұрыға атымды сатып пайдаланам деп, не өткізбесін арзанға түсіріп алам деп жүр... Екінші - бұзақылар біреудің ойында жоқ пәлені ойына салып, бүйтсең бек боласың, бүйтсең кеп боласың, бүйтсең кек аласың, мықты атанасың деп, ауқаттыларды азғырғалы әлек болып жүр...
...Ұлықтар пәлі-пәлі, бұл табылған ақыл деп, мен сені бүйтіп сүйеймін деп, ананы жеп, сені бүйтіп сүйеймін деп, мынаны жеп жүр» деген екен.
Бүгінгі әлемдік өркениетте өзіндік орны бар кемел мемлекетіміз осынау қоғам дертімен халық болып күрессек, осы бір жемқорлық деген кеселден аулақ боларымыз хақ деп есептейміз.
Бұл індетпен күресте жеңетін бір-ақ күш, ол – халық күші. Бойында қазақы қаны бар, «арым жанымның садағасы» деп білетін ақжүрек ағайынның бірлігі, басшылықтың парасаттылығы жемқорлықтан ада қылады деп сенеміз.
Ауданның ішкі саясат бөлімі