ХАБАРЛАМА
2021 жылғы 12 желтоқсанда Абай ауданының Кеңгірбай би ауылдық округ әкімінің сайлауы өтті.
Абай аудандық сайлау комиссиясы "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына,113-10-бабына сәйкес, Абай ауданының Кеңгірбай би ауылдық округі әкімінің сайлау нәтижелері туралы учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде сайлау қорытындыларын белгіледі:
Кеңгірбай би сайлау округі
Кеңгірбай би ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша:
Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 515 азамат енгізілді, олардың 443-і дауыс берді.Жарамсыз бюллетеньдер саны – 6, "барлығына қарсы" деген жолда белгі қойылған - 0.
Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:
Амангелдин Дархан Амангелдиевич – 359;
Сайлаубеков Жандос Жасұланұлы – 48;
Махат Ербол Мұхтарбекұлы – 30.
Кеңгірбай би ауылдық округінің әкімі болып сайланды Амангелдин Дархан Амангелдиевич, 1979 жылы туған, Кеңгірбай би ауылдық округінің әкімі, Кеңгірбай би ауылдық округінің, Кеңгірбай би ауылында тұрады, "Nur Otan" партиясынан ұсынылған.
Абай аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық Заңының 45-бабына сәйкес 2021 жылғы 13 желтоқсандағы шешімімен 2021 жылғы 12 желтоқсанда сайланған Абай ауданының Кеңгірбай би ауылдық округінің әкімін тіркеді.
Абай аудандық аумақтық сайлау комиссиясы