Абай ауданының жергілікті атқарушы органдарында сыбайлас жемқорлықтын алдын алу.

Абай ауданының жергілікті атқарушы органдарында сыбайлас жемқорлықтын алдын алу.

 

Сыбайлас жемқорлық мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық даму, нарықтық экономиканы құру, инвестициялар тарту процесін баяулататын және демократиялық мемлекеттің саяси және қоғамдық институттарына кері әсер ететін, елдің даму болашағына айтарлықтай қауіп төндіретін құбылыс.

Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» 2015 жылғы 18 қарашадағы № 410-V Заңы бойынша сыбайлас жемқорлықтың алдын алу – сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл субъектілерінің алдын алу шаралары жүйесін әзірлеу және енгізу арқылы сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды зерделеу, анықтау, шектеу және жою жөніндегі қызметі.

Сондықтан оны болдырмау, алдын алу мақсатында елімізде көптеген іс-шаралар жоспарланып, жүзеге асырылуда.  Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес стратегиясы бекітілді.

Жемқорлықтын алдын алу, жолын кесу мақсатында Абай ауданының жергілікті атқарушы органдарында біраз іс-шаралар атқарылып келеді. Дербес бөлімдер мен ауылдық округтердің әкімдерінің аппараттарында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шаралары туралы қажетті ақпараттар мен сенім телефондары көрсетілген. Қызметкерлердің кәсіби және мәдени деңгейін көтеру, жемқорлықтын алдын алу, оған жол бермеу маңызды мақсат болып табылады.

Абай ауданының жергілікті атқарушы органдарының қызметкерлері Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметкерлерінің Әдеп кодексі бойынша, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңға қарама-қайшы қылықтардан аулақ болуы туралы, жеке және заңды тұлғалардың өтініштеріне, арыздарына заңды түрде қарап, уақытында жауап береді.

Бүгінгі біздің қоғамда сыбайлас жемқорлыққа орын жоқ. Сондықтан сыбайлас жемқорлықпен күресуді барлық қазақстандық борышым деп білуі қажет. Ал, мемлекеттік органдар үшін бұл – міндет!

 

 

Абай ауданының әкімінің орынбасары,

ауданның жергілікті атқарушы

органдарында Әдеп жөніндегі уәкіл 

М.С.Смағұлов

 

Дата публикации
26 марта 2020