«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі № 983 қаулысына сәйкес, жергілікті атқарушы органдармен (ЖАО) жеке және заңды тұлғаларға ауданда мемлекеттік қызметтің 101 түрі көрсетіледі.
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы мемлекеттік қызметтің 43 түрі көрсетіледі.
2019 жылы Абай ауданының жергілікті атқарушы органдары 82812 мемлекеттік қызмет көрсеткен, оның ішінде:
Аудан тұрғындарына аса сұранысқа ие мемлекеттік қызметтер мыналар:
Ауылшаруашылық және ветеринария саласы:
Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар саласы:
Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызметтер туралы» Заңының 11-бабының 12-тармағына, Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2016 жылғы 8 желтоқсандағы № 78 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын мемлекеттік бақылау қағидасының 38 тармағына сәйкес, және аудан әкімінің аппарат басшысының 2018 жылғы 14 желтоқсандағы «2019 жылға арналған «Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына ішкі бақылау жүргізудің іс-шара жоспарын бекіту туралы» № 204 бұйрығымен мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына ішкі бақылаудың 2019 жылға арналған іс-шаралар жоспары бекітілді. Жоспарға сәйкес, 2019 жылы 12 мекемеге тексеру жүргізілді. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімін бұзу фактілері анықталған жоқ.
2019 жылы мемлекеттік қызмет көрсетуден 23 бас тарту тіркелді, барлығы негізделген.
Жергілікті «Абай елі» газетіне мемлекеттік қызметтер бойынша халықты ақпараттандыру мақсатында 17 мақала жарияланды.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын жақсарту мақсатында ақпараттандыру бойынша іс-шаралардың саны – 39;
Мемлекеттік қызметтерді көрсету бойынша біліктілікті арттыру курстарынан өткен адамдар саны – 39;
Мемлекеттік қызмет көрсету сапасына шағымдар түскен жоқ.
Электронды мемлекеттік қызметтердің санын арттыру мақсатында 6 ауылдық округ әкімі аппаратында, 1 - Сәулет, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімінде, 1 - «Халықты жұмыспен қамту» орталығында өзіне өзі қызмет көрсету бұрыштары және аудан әкімі аппаратында «Шығыс Адалдық алаңы» жобасы аясында өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы ашылып, халыққа қызмет көрсетуде. 2019 жылы өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы арқылы - 43008 мемлекеттік қызметтер көрсетілді.
2019 жылы мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру және қызмет алушыларға көрсетілетін қызмет тәртібін түсіндіру бойынша жергілікті атқарушы органдармен семинар кеңестер, дөңгелек үстелдер, өткізілді.
Электрондық мемлекеттік қызметтерді кеңінен насихаттау мақсатында аудандық газетке, әлеуметтік желілерде және аудан әкімінің ресми сайтында мемлекеттік қызметтер туралы мақалалар жарияланып тұрады.