Қазақстан Республикасында халықты коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинациялау жүргізілуде

Қазақстан Республикасында халықты коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинациялау жүргізілуде

  1. «Комирнати» – SARS-CoV-2 тудыратын коронавирустық инфекцияның профилактикасына арналған мРНҚ (нуклеозидтермен модификацияланған) негізіндегі КВИ-ге қарсы вакцина. «Комирнати» құрамында иммундық қорғаныш тудыратын вирус жоқ, КВИ инфекциясын тудыруы мүмкін емес.

      «Комирнати» вакцинасы төтенше жағдайларда қолдану үшін ұсынылған ДДҰ-ның тізіміне енгізілген.

     Бүгінгі таңда Абай ауданында 396 оқушы, 28 студент, 47 лактация кезеңіндегі әйелдер,  21 жүкті әйел егілді. Екпе алған адамдардың ішінде ауыр аллергиялық реакция , ИКҚК жағдайлар тіркелмеді.

КВИ-ге қарсы вакцинациялауға мына адам топтары жатады:

  • 12 жастағы және одан үлкен жасөспірімдер (12-17 жас);
  • жүкті әйелдер – жүктіліктің 16 аптасынан бастап 37 аптасына дейін;
  • лактация кезеңіндегі әйелдер – босанғаннан кейінгі кезең аяқталғаннан кейін (42 күннен кейін).

КВИ-мен ауырып жазылған адамдар сауыққаннан кейін вакцинациялау алдындағы жай-күйін бағалау ескеріле отырып, 6 айдан соң КВИ-ге қарсы вакцинациялауға жатады. КВИ-мен ауырып жазылған адамдарды сауыққаннан кейін 3 айдан соң вакцинациялауға жол беріледі.

Вакцинация бірінші дозадан кейін 21-28 күн аралықпен 2 рет жүргізіледі; екі дозаны енгізу үшін бір препаратты қолдану ұсынылады;

  • Абай ауданының аудандық ауруханасында COVID-19 пандемиясы кезеңінде профилактикалық егулерді ұйымдастыру және жүргізу алгоритміне сәйкес вакцинацияны ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын талаптар Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 2 қыркүйектегі № 38 қаулысына сәйкес орындалуда.
  • Иммундауды жүргізудің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін вакцинацияланатын адамдарды, вакцинаторларды және жалпы халықты қорғауға бағытталған іс-шаралар қатаң сақталуда
  • Профилактикалық егуді жүргізу алдында медицина қызметкері егілетін адамды қарап-тексеруді жүргізеді, иммундауға қарсы көрсетілімдер болмаған кезде егуді жүргізуге рұқсатты ресімдейді, егілетін адамға немесе оның ата-анасына немесе заңды өкіліне профилактикалық егу, иммундаудан кейінгі ықтимал реакциялар мен қолайсыз көріністер, егуден бас тарту салдарлары туралы толық және объективті ақпаратты ұсынады.
  • Әдістемелік ұсынымдарға 1-қосымшаға сәйкес медицина қызметкерлеріне арналған сауалнама бойынша жүргізіледі.
  • Егу бригадаларының қызметкерлері даярланған мамандармен толық жасақталған. (дәрігер/медбике, вакцинатор, тіркеуші).
  • Егу бригадасын вакциналармен, шприцтермен және басқа да егу материалымен, термоконтейнерлермен, салқындату элементтерімен, егілетін адамдарды тіркеуге арналған журналдармен жарақтандыруды;
  • Вакцинациядан кейін 30 минут бойы әрбір егілгенге медициналық бақылау жүргізуді ұйымдастырылған.
  1. «Комирнати» вакцинасын енгізуге қарсы көрсетілімдер:
    • әсер ететін затқа немесе препараттың кез келген басқа компоненттеріне аллергия; жұмыртқаға немесе желатинге аллергияның болуы вакцинация үшін қарсы көрсетілім немесе ескерту болып табылмайды, себебі вакцина құрамында бұл компоненттер жоқ.
    • 12 жасқа дейін;
    • жүктіліктің 16 аптасына дейін;
    • анамнезінде полиэтиленгликолге немесе туыстас молекулаларға ауыр аллергиялық реакцияся бар адамдарға, себебі вакцина құрамында полиэтиленгликоль бар.

Бүгінгі күні КВИ жұқтырған балалар саны бес есеге артты. Ата-аналар баласына екпе салдыруыды қолға алу керек деп ойлаймын.  Бұл балаларды коронавирус инфекциясынан қорғауға жәнеде ауырған жағдайда аурудың жеңіл өтуіне көмектеседі. Осыны естен шығармаған абзал. Сонымен қатар, жеке бас гигиенасы мен сақтық шараларын сақтауды ұмытпағанымыз жөн.

 

 

Дата публикации
06 декабря 2021