ЖОБА
Абай ауданына бірыңғай сәулеттік келбет беруге бағытталған, көппәтерлі тұрғын үйлердің қасбеттерін, шатырларын ағымдағы немесе күрделі жөндеу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы
«Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 10-3 бабының 2 тармағының 11) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 31 бабының 1 тармағының 16-5) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Абай аудананының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Абай ауданына бірыңғай сәулеттік келбет беруге бағытталған, көппәтерлі тұрғын үйлердің қасбеттерін, шатырларын ағымдағы немесе күрделі жөндеу жөніндегі ісшараларды ұйымдастыру және жүргізу қағидалары осы қаулының қосымшасынасәйкес бекітілсін.
- Осы қаулының орындалуын бақылау Абай ауданы әкімінің орынбасары М.С.Смагуловқа жүктелсін.
- Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Абай ауданының әкімі Н.Абдыкаримов