Жүргізуші куәлігін алудың 5 қадамы
Егер сіз жүргізуші куәлігін алғыңыз келсе, емтиханды сәтті тапсыру үшін бірнеше қадамдарды білгеніңіз абзал. Қиын ештеңе жоқ. Төмендегі бастапқы жүргізуші куәлігін алу бойынша қадамдық нұсқауларды оқыңыз.
1-қадам.
Білім алу үшін жақсы оқу курсын таңдаңыз. Жол қозғалысы ережелерінің теориясын өз бетіңізше де меңгеруге болады.Бірақ көлікті жүргізу сабақтарын міндетті түрде нұсқаушымен өтіңіз.
2-қадам.
Құжаттар жинау. Қажетті құжаттар: жеке куәлік, 073 үлгісіндегі меданықтама, авторкурсты бітіргені туралы куәлік (болған жағдайда) және мемлекеттік баж салығын төлегеніңіз туралы түбіртек. Мемлекеттік баждың мөлшері 1,25 АЕК құрайды.
3- қадам.
Теориялық емтихан. 40 минут ішінде 40 сұрақтың 32-сіне дұрыс жауап берсеңіз , емтиханды сәтті өткеніңіз.
4- қадам.
Автодромда практикалық емтихан өту. Мұнда арнайы көлікпен 12 жаттығуды өтуге 20 минут уақыт беріледі.
5- қадам.
Дайын құжатты алу. Екі емтиханды да сәтті тапсырсаңыз, сізге жүргізуші куәлігін беріледі.