Абай ауданы әкімдігінің қаулысының күші жойылды деп тану туралы

Қаулы жобасы

 

 

Абай ауданы әкімдігінің қаулысының күші жойылды деп

тану туралы

 

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Құқықтық актілер туралы» заңдарына сәйкес, Абай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Абай ауданы әкімдігінің «Мүгедектер үшін жұмыс орындарының квота белгілеу туралы» 2020 жылғы 23 сәуірдегі № 110 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7084 болып тіркелген) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
  2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары М. Смағұловқа жүктелсін.
  3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Аудан әкімі                                                                                   Н. Абдыкаримов

Дата публикации
17 ноября 2021