Абай аудандық мәслихатының 2019 жылғы 18 маусымдағы № 36/2-VI «Әлеуметтiк көмек көрсетудiң, оның мөлшерлерiн белгiлеудiң және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тiзбесiн айқындаудың Қағидаларын бекiту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

 

ЖОБА

 

 

 

 

Абай аудандық мәслихатының 2019 жылғы 18 маусымдағы № 36/2-VI 

«Әлеуметтiк көмек көрсетудiң, оның мөлшерлерiн белгiлеудiң және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тiзбесiн айқындаудың Қағидаларын бекiту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

 

Абай аудандық мәслихаты  ШЕШТІ:

1.«Әлеуметтiк көмек көрсетудiң, оның мөлшерлерiн белгiлеудiң және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тiзбесiн айқындаудың Қағидаларын бекiту туралы» Абай аудандық мәслихатының 2019 жылғы 18 маусымдағы  № 36/2-VI  шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 6031 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

     11 тармақтың 1) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын.

     «1) Ауғаныстан аумағынан әскерлерді шығару күні интернационалист - жауынгерлерді еске алу күні - 15 ақпан:

     Ауғаныстанда немесе ұрыс қимылдары жүргізілген басқа мемлекеттерде әскери міндетін өтеу кезіндегі әскери қызметшілерге – 33,4 айлық есептік көрсеткіш;

          бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар  Одағын қорғау, әскери қызметтiң өзге де мiндеттерiн басқа кезеңдерде атқару кезiнде жаралануы, контузия алуы, мертігуі салдарынан немесе майданда болуына байланысты, сондай-ақ Ауғанстанда немесе ұрыс қимылдары жүргiзiлген басқа да мемлекеттерде әскери қызметiн өткеру кезiнде ауруға шалдығуы салдарынан мүгедек болған әскери қызметшiлер – 33,4 айлық есептік көрсеткіш»;

          3) тармақшаның  екінші абзацы жаңа редакцияда жазылсын.

           «1988 – 1989  жылдары  Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың салдарларын жоюға қатысушылар қатарындағы, қоныс аудару күні құрсақта болған балаларды қоса алғанда, оқшаулау және көшіру аймақтарынан Қазақстан Республикасына қоныс аударылған (өз еркімен кеткен) адамдарға - 34,282 айлық есептік көрсеткіш»;

    4) тармақша алынып тасталсын.

    5) тармақшаның төртінші абзацы жаңа редакцияда жазылсын.

«Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы Кеңестік Социалистік  Республикалар  Одағының ордендерімен және медальдарымен  наградталған  адамдар- 10,285 айлық есептік көрсеткіш»;

    7) тармақша алынып тасталсын.

 

 

Сессия төрағасы

 

Мәслихат хатшысы                                                                          

 

      

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                                 

Дата публикации
15 ноября 2021