«Абай ауданы Кеңгірбай би ауылдық округі әкімі сайлауына байланысты сайлау округін құру туралы»

 

 

 

Шығыс Қазақстан облысы

Абай аудандық сайлау комиссиясының

ҚАУЛЫСЫ

 

 

 «Абай ауданы Кеңгірбай би ауылдық округі әкімі

сайлауына байланысты сайлау округін құру туралы»

 

 

             «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14-бабының 6) тармақшасына, 21-бабының 4-тармағына және 22-бабына сәйкес, Абай аудандық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Абай ауданы Кеңгірбай би ауылдық округі әкімін сайлау үшін сайлау округі құрылсын:

1) Кеңгірбай би ауылдық округі әкімін – Кеңгірбай би ауылдық округінің шекарасында Кеңгірбай би сайлау округі;

  1. Абай аудандық сайлау комиссиясының орналасқан жері және сайлау округтерінің тізімі мен шекаралары Абай аудандық сайлау комиссиясының интернет-парақшасына және аудандық «Абай елі» газетіне жариялансын.

 

 

Абай аудандық сайлау

комиссиясының төрағасы                                                                Т.Ерденбеков

 

Абай аудандық сайлау

комиссиясының хатшысы                                                               Ә.Түгелжанов

 

 

 

 

 

 

Қарауыл ауылы 

12 қараша 2021 жыл                    

№ 27

 

Дата публикации
12 ноября 2021