«Абай ауданы Кеңгірбай би ауылдық округ әкімінің сайлауын тағайындау туралы»

 

 

 

 

Шығыс Қазақстан облысы

Абай аудандық сайлау комиссиясының

ҚАУЛЫСЫ

 

 

«Абай ауданы Кеңгірбай би ауылдық округ әкімінің

сайлауын тағайындау туралы»

 

             «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 113-1 бабына сәйкес, Абай аудандық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1.    Абай ауданы Кеңгірбай би ауылдық округі әкімінің сайлауы 2021 жылдың 12 желтоқсанына тағайындалсын.2.    Осы қаулының қосымшасына сәйкес 2021 жылғы 12 желтоқсанға белгіленген Кеңгірбай би ауылдық округі әкімін сайлауға дайындық және оны өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралар жоспары бекітілсін.3.    Осы қаулы Абай аудандық сайлау комиссиясының интернет-парақшасына және аудандық «Абай елі» газетіне жариялансын.

 

 

Абай аудандық сайлау

комиссиясының төрағасы                                                                Т.Ерденбеков

 

Абай аудандық сайлау

комиссиясының хатшысы                                                               Ә.Түгелжанов

 

 

 

 

 

 

Қарауыл ауылы 

12 қараша 2021 жыл                    

№ 28

 

Дата публикации
12 ноября 2021