Сәтті сұхбаттасудан және жұмыс берушінің сізді жұмысқа қабылдауға келісімінен кейін стандартты құжаттар пакетін жинау керек болады.

     Сәтті  сұхбаттасудан және жұмыс берушінің сізді жұмысқа қабылдауға келісімінен кейін стандартты құжаттар пакетін жинау керек болады.

    Егер әбігерден құтылып уақытыңызды үнемдегіңіз келсе біздің құжат жинау бойынша пайдалы нұсқаулығымызды пайдаланыңыз. Қазір ешқайда барудың және кезекте тұрудың қажеті жоқ.Барлық анықтамаларды  Telegram (EgovKzBot2.0), EgovMovile, Egov.kz қосымшалары арқылы өз смартфоныңыздан еш қиындықсыз ала аласыз.

    Барлық танымал анықтамалар мысалы, псих/нарко/туб диспансерлерінен  ақпарат, зейнетақы жинақтары туралы, соттылығының бар-жоғы туралы анықтама, одан бөлек жүзден астам басқа да сервистер мен қызметтер осы қосымшалар арқылы қолжетімді.

     Айтпақшы, жұмыс беруші де үшінші тұлғалардың анықтама алу сервисін пайдаланып сіздің келісіміңізбен қажетті анықтамаларды онлайн сұрай алады. Ол үшін телефоныңызға сұрау келіп түскен соң 2 сағаттың ішінде жауап беруіңіз қажет.

    Уақытыңызды бағалаңыз, жаңа қызметіңізге сәттілік!

__________________________________________________________________

 

 

 

 

   Болашақ аналарға жақсы жаңалық!

   Енді бала тууына байланысты және бір жасқа дейінгі күтімі бойынша жәрдемақыны алуға  Halyk Homebank пен Kaspi.kz қосымшалары арқылы өтініш бере аласыз.

    Жәрдемақыны рәсімдеу үшін осы банктердің бірінің мобильді қосымшасында « Мемлекеттік қызметтерді көрсету» бөліміне өтіп, тиісті қызметті таңдайсыз.Ары қарай дербес деректердің дұрыс жазылғанын тексеріп , өтінішті растау қажет. Өтінімді жібергеннен кейін  сізге көрсетілетін қызметтің нәтижесі және тағайындалған төлем сомасы туралы PUSH-хабарлама  және  SMS жіберіледі.

    Қызмет тегін және оған бала туылғаннан кейін 1 жыл ішінде кез келген уақытта тапсырыс бере аласыз. Бұған дейін жәрдемақыға өтінішіті ХҚО, eGov.kz порталы немесе 1414 нөмірі бойынша SMS сервисі арқылы беруге болатын.

    Жаңа қызметпен жәрдемақыны рәсімдеу бұрынғыдан да оңай!

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
11 ноября 2021