Пресс-релиз жер қатынастары және ауыл шаруашылығы, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары салаларындағы мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі 2021 жылғы 5 қазанда өткен онлайн жәрмеңкенің қорытындылары туралы

 

Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша онлайн-жәрмеңкеге келушілер саны 145 адамды құрайды. Жер қатынастары және ауыл шаруашылығы бойынша сұрақтар болған жоқ, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бойынша көптеген сұрақтар қойылды. Атап айтқанда, көп балалы отбасыларға, мүгедектерге биылғы жылы тұрғын үй беру, кезекке қою, мемлекеттік үйді жеке меншікке шығару, сондай-ақ тұрғын үй кезегін жаңарту бойынша сұрақтар қойылып, қойылған сұрақтарға толық жауаптар берілді.

Тікелей эфирге сілтеме:

1.https://www.instagram.com/tv/CUpIR2RAk12/?utm_medium=copy_link

2.https://www.instagram.com/tv/CUpHIubAIpa/?utm_medium=copy_link

Жер қатынастары және ауыл шаруашылығы бойынша сұрақтар болса 8 (72252) 91218 байланыс телефоны арқылы хабрласа аласыздар. 

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бойынша сұрақтар болса  8 (72252 92349) байланыс телефоны арқылы хабарласа аласыздар. 

Дата публикации
06 октября 2021