«Әлеуметтiк көмек көрсетудiң, оның мөлшерлерiн белгiлеудiң және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тiзбесiн айқындаудың Қағидаларын бекiту туралы» Абай аудандық мәслихатының 2019 жылғы 18 маусымдағы № 36/2-VI шешіміне өзгеріс енгізу туралы

 

ШЕШІМІНІҢ ЖОБАСЫ

 

 

 

 «Әлеуметтiк көмек көрсетудiң, оның

 мөлшерлерiн белгiлеудiң және мұқтаж

азаматтардың  жекелеген санаттарының

тiзбесiн айқындаудың Қағидаларын

бекiту туралы»  Абай аудандық мәслихатының

2019  жылғы 18 маусымдағы  № 36/2-VI шешіміне

өзгеріс енгізу туралы

 

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабының 2-3 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы «Әлеуметтiк көмек көрсетудiң, оның мөлшерлерiн белгiлеудiң және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тiзбесiн айқындаудың үлгiлiк қағидаларын бекiту туралы» № 504 қаулысына сәйкес, Абай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. » Абай аудандық мәслихатының 2019 жылғы 18 маусымдағы № 36/2-VІ «Әлеуметтiк көмек көрсетудiң, оның мөлшерлерiн белгiлеудiң және мұқтаж азаматтардың  жекелеген  санаттарының  тiзбесiн айқындаудың Қағидаларын бекiту туралы» шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 6031 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілердің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде 2019 жылғы 3 шілдеде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешіммен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсетудің, мөлшерлерін  белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларында:

      9- тармақ алынып тасталсын 

     11- тармақтың 5) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:

 « Жеңіс күні - 9 мамыр:

      Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларына – 226,330 айлық есептік көрсеткіш;

       Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегi және мiнсiз әскери қызметi үшiн бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдерiмен наградталғандарға – 28,292 айлық есептік көрсеткіш;

      Қайтыс болған соғыс мүгедектерінің (күйеулері), қайтыс болған соғысқа қатысушылардың, партизандардың, астыртын күрес жүргізген адамдардың, «Ленинградты қорғағаны үшін» медалімен және «Қоршаудағы Ленинград тұрғыны» белгісімен наградталған, жалпы ауруға шалдығудың, еңбек ету кезінде зақым алуының нәтижесінде және басқа  себептерге (құқыққа қайшы келетіндерінен  басқаларына) байланысты мүгедек деп танылған азаматтардың  екінші рет некеге тұрмаған әйелдеріне(күйеулері) – 37,722 айлық есептік көрсеткіш;

      1941 жылғы 22 маусымынан 1945 жылғы 9 мамыр аралығында 6 айдан кем емес жұмыс атқарған (қызмет еткен) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен марапатталмаған адамдарға – 11,320 айлық есептік көрсеткіш»;

  1. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

Сессия төрағасы

 

Мәслихат хатшысы                                                               

 

 

 

 

 

 

   

                                                                    

 

Дата публикации
12 марта 2020