ЖОБА
2020 жылға мүгедектер үшін жұмыс
орындарының квотасын белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 9-бабының 6) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Заңының 31-бабының 1) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 13 маусымдағы «Мүгедектер үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына және мүгедектерді жұмыспен қамтуға көмек көрсету мақсатында, Абай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1.Ауыр жұмыстарды, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есептемегенде мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасы 1-қосымшаға сәйкес белгіленсін.
2.Абай ауданы бойынша 2020 жылға мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы белгіленетін ұйымдардың тізбесі 2-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
3.«Мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасы туралы» Абай ауданының әкімдігінің 2017 жылғы 25 сәуірдегі № 229 қаулысының күші жойылды деп танылсын.
4.Осы қаулының орындалуын бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары М.Смагуловқа жүктелсін.
5.Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі Ж.Байсабыров