Мәслихаттың 2020 жылғы 24 желтоқсандағы № 58/3-VІ «2021-2023 жылдарға арналған Абай ауданының бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

         Қарауыл ауылы                                                                                                         село Караул                                                                                                              

 

 

Мәслихаттың 2020 жылғы 24 желтоқсандағы № 58/3-VІ

«2021-2023 жылдарға арналған Абай ауданының бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

 

Абай аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

  1. «2021-2023 жылдарға арналған Абай ауданының бюджеті туралы» мәслихаттың 2020 жылғы 24 желтоқсандағы № 58/3-VІ шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 8035 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«1. 2021-2023 жылдарға арналған аудандық бюджет 1, 2 және 3  қосымшаларға сәйкес, соның ішінде 2021 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:

  • кірістер – 5 422 336,1 мың теңге, соның ішінде:

салықтық түсімдер – 803 557,0 мың теңге;

салықтық емес түсімдер – 9 514,0 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 5 530,0 мың теңге; 

трансферттер түсімі – 4 603 735,1 мың теңге;

  • шығындар – 5 526 633,5 мың теңге;
  • таза бюджеттік кредиттеу – 39 302,0 мың теңге, соның ішінде:

бюджеттік кредиттер – 61 257,0 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу – 21 955,0 мың теңге;

  • қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 16 560,9 мың теңге;

қаржы активтерін сатып алу – 16 560,9 мың теңге; 

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 0 теңге;

  • бюджет тапшылығы (профициті) – - 160 160,3 мың теңге;
  • бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 160 160,3 мың теңге;

қарыздар түсімі – 61 257,0 мың теңге;

қарыздарды өтеу – 21 955,0 мың теңге;

бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 120 858,3 мың теңге.»;

            көрсетілген шешімнің 1, 4 қосымшалары осы шешімнің 1, 2  қосымшаларына сәйкес редакцияда жазылсын.   

 

  1. Осы шешім   2021  жылдың   1   қаңтарынан    бастап  қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

Лауазымы

 

Аты-жөні

 

 

Дата публикации
29 сентября 2021