Абай аудандық мәслихатының 2019 жылғы 30 желтоқсандағы № 42/9-VІ «2020-2022 жылдарға арналған Абай ауданының бюджеті туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы

ЖОБА

 

 

 

 

Абай аудандық мәслихатының 2019 жылғы

30 желтоқсандағы № 42/9-VІ «2020-2022 жылдарға

арналған Абай ауданының бюджеті туралы» шешіміне

өзгеріс енгізу туралы

 

 

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 109-бабының 5-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес, Абай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Абай аудандық мәслихатының 2019 жылғы 30 желтоқсандағы № 42/9-VІ «2020-2022 жылдарға арналған Абай ауданының бюджеті туралы» шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 6475  болып тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілердің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде 2020 жылғы 14 қаңтарда жарияланған)  мынадай өзгеріс енгізілсін:

4-тармақ келесі редакцияда жазылсын:

Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексінің 139-бабының 9-тармағына сәйкес бюджет қаражаты есебiнен ауылдық жерде жұмыс iстейтiн әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет, спорт, ветеринария саласындағы азаматтық қызметшілерге қызметтiң осы түрлерiмен қалалық жағдайда айналысатын азаматтық қызметшiлердiң айлықақыларымен және мөлшерлемелерімен салыстырғанда жиырма бес пайызға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтiк мөлшерлемелер ескерілсін.

  1. Осы шешім 2020  жылдың   1   қаңтарынан    бастап  қолданысқа енгізіледі.

 

Сессия төрағасы                                                                                                  

Мәслихат хатшысы                                                                                                                         

Дата публикации
05 марта 2020