ХАБАРЛАМА
2021 жылғы 25 шілдеде бес сайлау округі бойынша Абай ауданының ауыл, ауылдық округ әкімдерінің сайлауы өтті.
Абай аудандық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық Заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына,113-10-бабына сәйкес, Абай ауданының ауыл, ауылдық округтері әкімдерін сайлау нәтижелері туралы учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде сайлау қорытындыларын белгіледі:
Архат сайлау округі
Архат ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша:
Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 589 азамат енгізілді, олардың 431-і дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны – 14, "барлығына қарсы" деген жолда белгі қойылған - 0.
Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:
Өміртаев А.А. – 200; Қариев Қ.А. - 1; Молдаханов Р. Ж. - 216.
Архат ауылдық округінің әкімі болып сайланды Молдаханов Ринат Жанатбекұлы, 1984 жылы туған, уақытша жұмыс істемейді, Архат ауылдық округтің, Архат ауылында тұрады, өзін-өзі ұсынды.
Көкбай сайлау округі
Көкбай ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша:
Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 889 азамат енгізілді, олардың 854-і дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны – 10, "барлығына қарсы" деген жолда белгі қойылған - 0.
Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:
Жылқайдар Ш. С. – 646; Рахатбаева Б. Н. – 125; Қаскенов Қ.Қ. – 73.
Көкбай ауылдық округінің әкімі болып Жылқайдар Шарыпқазы Санбайұлы сайланды, 1961 жылы туған, Көкбай ауылдық округінің әкімі, Көкбай ауылдық округінің Көкбай ауылында тұрады, "Nur Otan"партиясынан ұсынылған.
Қасқабұлақ сайлау округі
Қасқабұлақ ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша:
Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 633 азамат енгізілді, олардың 583-і дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны – 10, "барлығына қарсы" деген жолда белгі қойылған - 0.
Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:
Мұқатай А.А. – 466; Қарсақбаев Н.Б. – 40; Акманов Ж. С. – 67.
Қасқабұлақ ауылдық округінің әкімі болып сайланды Мұқатай Асхат Амантайұлы, 1974 жылы туған, Қасқабұлақ ауылдық округінің әкімі, Қасқабұлақ ауылдық округінің Қасқабұлақ ауылында тұрады, "Nur Otan"партиясынан ұсынылған.
Тоқтамыс сайлау округі
Тоқтамыс ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша:
Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 408 азамат енгізілді, олардың 372-сі дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны – 10, "барлығына қарсы" деген жолда белгі қойылған - 0.
Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:
Садырбай А. Қ. – 281; Есенгарина А.М. – 30; Мұқанова Г. У. – 51.
Тоқтамыс ауылдық округінің әкімі болып Садырбай Ақылтай Қалиоллаұлы сайланды, 1961 жылы туған, Тоқтамыс ауылдық округінің әкімі, Тоқтамыс ауылдық округінің Тоқтамыс ауылында тұрады, "Nur Otan"партиясынан ұсынылды.
Саржал сайлау округі
Саржал ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша:
Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 997 азамат енгізілді, олардың 929-ы дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны – 5, "барлығына қарсы" деген жолда белгі қойылған - 0.
Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:
Әкімбаев Е.С. – 756; Нариманұлы Д. – 98; Сагындыков Е.С. – 70. Саржал ауылдық округінің әкімі болып Әкімбаев Ерболат Сәлімұлы сайланды, 1990 жылы туған, «Жарылғасын» ш/қ қаржы директоры, Семей қаласында тұрады, "Ауыл"партиясынан ұсынылды
Абай аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық Заңының 45-бабына сәйкес 2021 жылғы 26 шілдедегі шешімімен 2021 жылғы 25 шілдеде сайланған Абай ауданының ауылдық округтерінің әкімдерін тіркеді.
Абай аудандық аумақтық сайлау комиссиясы