14 мен 16 шілде аралығында Абай ауданында Қазақстан Республикасының ауылдық округтері учаскелік сайлау комиссияларының мүшелеріне арналған «Сайлау процесінің құқықтық негіздері және аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, поселкелер әкімдерін сайлауда сайлау комиссияларының жұмысын ұйымдастыру» оқыту семинары өтті. Семинарды Абай ауданының аумақтық сайлау комиссиясының сертификатталған мүшелері өткізді.