Мемлекет мұқтажы үшін жер
учаскесін мәжбүрлеп иеліктен
шығарудың басталуы туралы
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 81 бабының 2 тармағындағы 2) тармақшасына, 84 бабының 2 тармағының 4) тармақшасына, 85 бабына, Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңының 6 тарауына, Қазақстан Республикасындағы 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабының 1 тармағының 10) тармақшасына сәйкес, Абай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1.2017 жылғы 29 маусымдағы жер телімін сатып алу-сату шарты негізінде Битенов Тасболат Қажымуханбетовичке, жеке меншік құқығымен берілген, нысаналы мақсаты жанар-жағар май құю бекетін салу және қызмет көрсету үшін Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданы ауданы, Қарауыл ауылындаорналасқан кадастрлық нөмірі №05-243-002-645, жалпы алаңы 0,28 гектар жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығару жұмыстары басталсын.
2.Ауылдық округтің ортақ пайдаланудағы объектілер құрылысын салу үшін жер учаскесі мемлекет мұқтажына байланысты қайтарып алынсын.
3.Мемлекет мұқтажы үшін аталған жер учаскесін мәжбүрлеп иеліктен шығару күні 2020 жылдың 30 маусымы деп белгіленсін.
4.Келісім рәсімдерін жүзеге асыру үшін жер пайдаланушының жүгінетін орны болып, Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданы, Қарауыл ауылы, Құнанбай көшесі № 14 ғимаратта орналасқан «Абай ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі белгіленсін.
5.Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте жер пайдаланушыға жер учаскесін мәжбүрлеп иеліктен шығару туралы жазбаша хабарлама жолдансын.
6.Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 26 шілдедегі «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы» Заңында белгіленген тәртіпте, мемлекеттік тіркеуді жүргізу жөніндегі тиісті жұмыстар жүргізілсін.
7.«Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі және «Қарауыл ауылдық округінің әкімінің аппараты»мемлекеттік мекемесімен бірлесіп жер учаскесінің меншік иесімен және жер пайдаланушымен келісу рәсімдерін өткізу барысында ол азаматқа Қарауыл (05-236-002 есептік кварталы) ауылының аумағында орналасқан басқа жер учаскесі ұсынылсын.
8.Осы қаулыдан туындайтын басқа да шаралар қабылдансын.
9.Осы қаулы қабылданған кезден бастап үш жұмыс күн жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарына және аудан әкімдігінің ресми интернет ресурсына жариялансын.
10.Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Т.Есімжановқа жүктелсін.
Аудан әкімі Ж.Байсабыров