2021 жылғы 25 шілдеге тағайындалған Шығыс Қазақстан облысының аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтерінің әкімдерін сайлауға жергілікті бюджет есебінен жұмсалатын аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың,кенттердің, ауылдық округтердің әкімдігіне кандидатттар шығыстарының мөлшерін белгілеу туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 28-бабының 3-тармағына, 33-бабының 2-1 тармағына сәйкес Шығыс Қазақстан облыстық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1) теледидар және радио бағдарламалармен сөз сөйлеу, сондай-ақ мерзімді баспа басылымдарында 2 мақала жариялау 110 000 (жүз он мың) теңге сомасында белгіленсін;
2) сайлау алдындағы жария іс-шараларды өткізу және үгіт материалдарын шығару 50 000 (елу мың) теңге сомасында белгіленсін;
3) көлік шығыстары - 50 000 (елу мың) теңге сомасында белгіленсін.
4) үй-жайларды жалға алу – 10 000 (он мың) теңге сомасында белгіленсін;
Комиссия төрағасы Е. Нәбиев
Комиссия хатшысы Г. Романовская
Өскемен қ,
2021 жылғы 25 маусым
№ 19/1