Абай ауданы Кеңгірбай би Кеңгірбай би ауылдық округінің әкімі аппаратының Сыбайлас жемқорлық тәукелдеріне ішкі талдауы.

2021 жылдың  01 сәуірінен  01 маусымға  сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау қортындылары бойынша талдамдық анықтама

          1.Сыбайлас жемқорлық тәукелдеріне ішкі талдау объекті:

«Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданы Кеңгірбай би Кеңгірбай би ауылдық округінің әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі.

  1. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министінің 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығымен бекітілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына сәйкес жүргізіледі.

         ШҚО, Абай ауданы  «Кеңгірбай би ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі 2021 жылдың 2 айына сыбайлас жемқорлық қаупіне ішкі талдау жүргізді.

        «Кеңгірбай би ауылдық округ әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің штат бірлігі 2021 жылдың 4 айына штат бойынша – 5, нақты жұмыс істейтіндер саны – 4, бос орын саны – 1, өз еркі бойынша босатылғандар – 0, теріс себептер бойынша – жоқ, тәртіптік жауапкершілікке тартылғандар – жоқ, мерзімінен бұрын тәртіптік жаза алғандар – жоқ.       

       «Кеңгірбай би ауылдық округ әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің барлық мемлекеттік қызметшілері атқарып отырған лауазымының біліктілік талаптарына сәйкес келеді. Барлық мемлекеттік қызметшілер біліктілігін арттыру, қайта даярлау курстарын уақытылы мерзімінде өтіп отырады.

          Еңбек тәртібін бұзу, еңбек тәртібін  қайталап бұзу, мемлекеттік қызметшілер арасында әкімшілік және қылмыстық құқықты бұзу, бұрын сыбайлас жемқорлыққа қатысты құқық бұзушылыққа жол берген, қылмыстық құқық бұзушылық жасаған тұлғаларды жұмысқа қабылдау фактісі орын алмаған. Мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылық үшін тәртіптік, әкімшілік жауапкершілікке тартылған, қызметтен шығарылған мемлекеттік қызметшілер жоқ.

          «Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданы Кеңгірбай би ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесіне осы кезеңде өтініш түскен жоқ.

       Округ әкімі бекітілген кестесіне сәйкес тұрақты негізде жеке мәселелері бойынша азаматтарды қабылдау жүргізеді.

       Мемлекеттік қызметтер тізіліміне сәйкес әкім аппараты 2 түрінен мемлекеттік қызмет көрсетеді.

        Округ әкімшілігінің мемлекеттік қызметшілеріне қатысты бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған теріс сипаттағы материалдар жарық көрген жоқ.

       «Қазақстан Республикасының 2015 – 2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 26 желтоқсандағы № 986 Жарлығын жүзеге асыру мақсатында округ әкімшілігінің  сыбайлас жемқорлықпен күрес бойынша іс-шаралар жоспары бекітілді. Жоспарда жалпыға бірдей құқықтық білімді ұйымдастыру және өткізу бойынша, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы, округ әкімшілігінің қызметіне қатысты түсіндіру бойынша «Нұр Отан» партиясының аудандық филиалымен өткізілген сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шараларға қатысу қарастырылған.

          Кеңгірбай би ауылдық округі әкімі аппаратында мүдделер қақтығысы орын алмаған. Кеңгірбай би ауылдық округі әкімі аппаратында талдау жүргізу кезеңінде жасырын сауалнама жүргізу қажеттілігі болған жоқ.

          Кеңгірбай би ауылдық округі әкімі аппаратында мемлекеттік қызмет көрсету, рұқсаттық және бақылау міндеттерін іске асыру және де қызметкерлерді басқару мен жанжалды реттеуге жүргізілген талдау мәліметтерінің нәтижесінде, нормативтік- құқықтық актілерде мемлекеттік мекемесінің қызметіне қатысты сыбайлас жемқорлыққа тәуекелдер анықталған жоқ.

 

 

Әкім                                                                                                 Д.Амангелдин

Дата публикации
09 июля 2021