2021 жылғы 07 шілдеде Абай аудандық аумақтық
сайлау комиссиясының отырысы өтті
2021 жылғы 07 шілдеде сағат 14-00-де Абай аудандық аумақтық сайлау комиссиясының отырысы өтті, онда "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 113-5-бабына сәйкес әкімдікке кандидаттардың келіп түскен құжаттары қаралды.
Отырыс қорытындысы бойынша әкімдікке кандидаттарды тіркеу туралы шешім қабылданды:
Архат ауылдық округі бойынша – Омиртаев Ардак Амангалиевич;
Архат ауылдық округі бойынша – Қариев Қанатбек Амангелдіұлы;
Архат ауылдық округі бойынша – Молдаханов Ринат Жанатбекович;
Қасқабұлақ ауылдық округі бойынша – Мұқатай Асхат Амантайұлы;
Көкбай ауылдық округі бойынша – Жылқайдар Шарыпқазы Санбайұлы;
Тоқтамыс ауылдық округі бойынша – Садырбай Ақылтай Қалиоллаұлы;
Тоқтамыс ауылдық округі бойынша – Есенгарина Айгуль Муратбековна;
Тіркелген Әкімдікке кандидаттарға тиісті куәліктер беру;
Тіркелген әкімдікке кандидаттарды сайлау бюллетеньдеріне енгізсін.
Абай аудандық аумақтық сайлау комиссиясы