Шығыс Қазақстан облысы
Абай аудандық сайлау комиссиясының
ҚАУЛЫСЫ
«Абай ауданының ауылдық округ әкімдерінің
сайлауын тағайындау туралы»
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 113-1 бабына сәйкес, Абай аудандық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Абай ауданы бойынша ауылдық округ әкімдерінің сайлауы 2021 жылдың 25 шілдесіне тағайындалсын.
- Көкбай ауылдық округінің әкімі;
- Архат ауылдық округінің әкімі;
- Қасқабұлақ ауылдық округінің әкімі;
- Тоқтамыс ауылдық округінің әкімі;
- Саржал ауылдық округінің әкімі.
2. Осы қаулының қосымшасына сәйкес 2021 жылғы 25 шілдеге белгіленген Абай ауданының ауылдық округтері әкімдерін сайлауға дайындық және оны өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралар кестесі бекітілсін.3. Осы қаулы Абай аудандық сайлау комиссиясының интернет-парақшасына және аудандық «Абай елі» газетіне жариялансын.
Абай аудандық сайлау
комиссиясының төрағасы Т.Ерденбеков
Абай аудандық сайлау
комиссиясының хатшысы Ә.Түгелжанов
Қарауыл ауылы
25 маусым 2021 жыл
№ 12