Шығыс Қазақстан облысы Абай аудандық сайлау комиссиясының ҚАУЛЫСЫ «Абай ауданының ауылдық округ әкімдерін сайлауына байланысты сайлау округтерін құру туралы»

 

 

 

Шығыс Қазақстан облысы

Абай аудандық сайлау комиссиясының

ҚАУЛЫСЫ

 

 

 «Абай ауданының ауылдық округ әкімдерін

сайлауына байланысты сайлау округтерін құру туралы»

 

 

            «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14-бабының 6) тармақшасына, 21-бабының 4-тармағына және 22-бабына сәйкес, Абай аудандық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Абай ауданының ауылдық округ әкімдерін сайлау үшін сайлау округтері құрылсын:

1) Көкбай ауылдық округі әкімін – Көкбай ауылдық округінің шекарасында Көкбай сайлау округі;

2) Архат ауылдық округі әкімін – Архат ауылдық округінің шекарасында Архат сайлау округі;

3) Қасқабұлақ ауылдық округі әкімін – Қасқабұлақ ауылдық округінің шекарасында Қасқабұлақ сайлау округі;

4) Тоқтамыс ауылдық округі әкімін – Тоқтамыс ауылдық округінің шекарасында Тоқтамыс сайлау округі;

5) Саржал ауылдық округі әкімін – Саржал ауылдық округінің шекарасында Саржал сайлау округі.

  1. Абай аудандық сайлау комиссиясының орналасқан жері және сайлау округтерінің тізімі мен шекаралары Абай аудандық сайлау комиссиясының интернет-парақшасына және аудандық «Абай елі» газетіне жариялансын.

 

 

Абай аудандық сайлау

комиссиясының төрағасы                                                                Т.Ерденбеков

 

Абай аудандық сайлау

комиссиясының хатшысы                                                               Ә.Түгелжанов

 

 

 

 

 

 

Қарауыл ауылы 

25 маусым 2021 жыл                    

№ 11 

 

Дата публикации
25 июня 2021