Абай аудандық мәслихатының 2019 жылғы 18 маусымдағы № 36/2-VI «Әлеуметтік көмек көрсетудің, мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы

 

Жоба

 

Абай аудандық мәслихатының 2019 жылғы 18 маусымдағы № 36/2-VI «Әлеуметтік көмек көрсетудің, мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы

 

 

 

        Абай аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

  1. Абай аудандық мәслихаттың 2019 жылғы 18 маусымдағы № 36/2-VI «Әлеуметтік көмек көрсетудің, мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 8668 нөмірімен тіркелген) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

Әлеуметтік көмек көрсетудің, мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларында                   2 тармағы жаңа редакцияда жазылсын:

«2. Осы Қағидалардың мақсаттары үшін әлеуметтік көмек жергілікті атқарушы орган ұсынатын көмек түрінде  (бұдан әрі – ЖАО) мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына (бұдан әрі-алушылар) өмірлік қиын жағдай туындаған жағдайда, сондай-ақ атаулы күндер мен мереке күндеріне ақшалай немесе заттай нысанда көрсетіледі.»;

8-тармақ мынадай мазмұндағы тармақшаларымен толықтырылсын:

«14) отбасының жан басына шаққандағы орташа табысы ағымдағы қаржы жылына Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен зейнеткерлер.

3-бөлім мынадай мазмұндағы 12-1 тармақпен толықтырылсын:

«12-1. Әлеуметтік көмек заттай түрде Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және оларға теңестірілген адамдарға «Ардагерлер туралы» 2020 жылғы 06 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, сондай-ақ осы Қағидалардың 7-тармағының 13) тармақшасында айқындалған адамдар санатына кірістер есебінсіз санаторий-курорттық емдеу (Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес айқындалған санаторий-курорттық ұйымдарға жолдама) түрінде ұсынылады.

  1. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Мәслихат төрағасы

 

Мәслихат хатшысы 

 

Дата публикации
04 июня 2021