ШҚО ББ Абай ауданының білім бөлімінің жекеменшік мектепке дейінгі ұйымдарында мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру бойынша конкурс

Шығыс қазақстан облысы білім басқармасының "Абай ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі 070100, Абай ауданы, Ералы көшесі, 6, 2021 жылғы 1 тамыздан бастап жеке меншік мектепке дейінгі ұйымдардағы, сондай-ақ ерекше білім берілуіне қажеттілігі мен жеке мүмкіндіктері бар балалар үшін Тәрбиеленушілерді мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға 70 орындық мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру жөніндегі конкурсқа қатысуға өтінімдерді қабылдау туралы хабарлайды.

Әлеуетті өнім берушілер не олардың уәкілетті өкілдері (тиісті түрде ресімделген сенімхат болған жағдайда) конкурсқа қатысуға өтінімдерді конкурсты ұйымдастырушының кеңсесіне немесе "Абай ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы 070100, Абай ауданы, Ералы көшесі, 6 мекенжайы бойынша тапсырысты пошта байланысын пайдалана отырып ұсынады, телефон: 9-22-59, 6-кабинет 2021 жылғы 10 маусымынаннан бастап 2021 жылғы 29 маусымды қоса алғанда сағат 10-00-дан 13-00-ге дейінгі мерзімде.

Конкурсқа қатысуға өтінімді ресімдеуге қойылатын талаптар және әлеуетті өнім берушілердің конкурсқа қатысуға өтінімдері бар конверттерді ұсынуы еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің «Еңбек нарығының қажеттлііктерін ескере отырып, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының дайындық бөлмдеріне, сондай-ақ мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға, орта білім беруге және қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру қағидаларын бекіту туралы    2016 жылғы 29 қаңтардағы №122 бұйрығымен бекітілген (осы хабарландыруға № 1 қосымша).

 

 

 

 

 

                                           №1  Қосымша

 

                                                                 Абай ауданының білім бөлімінің жекеменшік

                                       мектепке дейінгі ұйымдарында

                                                                     мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік

                                                                        білім беру тапсырысын орналастыру бойынша конкурс

 

 

Конкурс құжаттары тегін беріледі

 

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру

 

Жалпы ережесі

 

  1. Мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру үшін аудандық білім бөлімі балалар контингентін жасақтауды жүргізеді.

      Мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша балалар контингентін топтастыруда аудандық білім бөлімі кезектілік тізімін басшылыққа алады.

       Мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру аудандық білім бөлімі конкурс өткізеді.

      Мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру үшін аудандық білім бөлімі интернет-ресурстарда күні, уақыты және өткізілетін орнын көрсете отырып, он бес жұмыс күні мерзімімен конкурс өткізу туралы хабарландыру орналастырады.

      Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру үшін аудандық жергілікті атқарушы органдары Комиссия (бұдан әрі – Комиссия) құрады.

      Комиссияның құрамына мәслихаттардың, әкімдіктердің, аудандық білім бөлімінің, үкіметтік емес ұйымдардың және өңірлік кәсіпкерлер палатасының өкілдері кіреді. Комиссия мүшелерінің саны тақ болады. Комиссияның төрағасы аудандық білім бөлімі басшысы болып табылады.

  1. Мектепке дейінгі білім беру ұйымдары меншік нысанына қарамастан "Тиісті үлгідегі мектепке дейінгі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 30 қазандағы № 595 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17657 болып тіркелген) бекітілген Мектепке дейінгі ұйым қызметінің үлгілік қағидаларымен бекітілген мектепке дейінгі ұйымдар қызметінің нормалары мен қағидаларын сақтау кезінде мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру үшін мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту бойынша қызмет жеткізушілердің тізбесіне енгізіледі.
  2. Конкурсқа қатысуға өз қызметінің басталғаны туралы білім беру саласындағы уәкілетті органды хабардар еткен және мемлекеттік білім беру тапсырысын алуға өтінім берген мектепке дейінгі ұйымдар жіберіледі.

      Конкурсқа қатысу үшін жекеменшік мектепке дейінгі ұйымдар мынадай құжаттарды:

       1) осы Қағидаларға №2 қосымшаға сәйкес нысан бойынша комиссия төрағасының атына жазылған өтінішті;

2) заңды тұлғаны немесе дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманы немесе куәліктің көшірмесін, мектепке дейінгі ұйымдардың жарғысын, құжаттарды тапсырғанға дейін бір ай мерзімінен аспайтын банктен берілетін берешегінің жоқ екені туралы анықтаманы және салық органынан берілетін берешегінің жоқ екені туралы анықтаманы;

3) мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту ұйымдары үшін қолданылатын жылжымайтын мүлікке құқықты белгілеуші құжаттардың көшірмесін (жекеменшік немесе жалға алу);

4) "Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік қызметтер көрсетудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-336/2020 бұйрығымен бекітілген санитариялық-эпидемиологиялық қорытындылар беру жөніндегі мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларына (бұдан әрі - № ҚР ДСМ-336/2020 бұйрығы) мектепке дейінгі ұйымның санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытындының көшірмесін;

      5) медициналық кабинетке лицензиясының болуы туралы көшірмесін немесе тіркелген жерін ескере отырып емханамен жасалған қызмет көрсету туралы шартты;

       6) Заңға сәйкес тамақтандыруға жұмсалатын ата-аналар төлемақысының белгіленген мөлшерімен, тек қана республикалық маңызы бар қаланың, астананың білім басқармаларының, қалалардың (аудандардың) білім бөлімдерінің жолдамасымен мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша балаларды қабылдау туралы жеткізушінің міндеттемесін ұсынады. Жеткізуші Қағидаларға №3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша міндеттемелер нысанын толтырады;

      7) педагогикалық немесе кәсіптік білімі бар тәрбиешілердің білімі туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттарының көшірмелері.

      Конкурстық өтінімге кіретін құжаттар тігіледі, нөмірленеді, мектепке дейінгі ұйымның құрылтайшысымен қол қояды, мөрімен расталады және конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген тәртіппен ұсынылады.

  1. Ұсынылған өтінімдерді комиссия өз отырысында 5 (бес) жұмыс күні ішінде қарайды.

      Комиссия отырысынан кейін келесі ақпараттармен:

      1) олардан бас тарту себептерін егжей-тегжейлі сипаттай отырып, оның ішінде құжаттардың осы талаптарға сәйкес келмейтінін растайтын мәліметтер мен құжаттарды көрсете отырып, осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келмейтін мектепке дейінгі ұйымдардың тізбесі;

      2) алдын ала қарау хаттамасына сәйкес мектепке дейінгі ұйымдармен ұсынылған түзетілген және толықтырылған құжаттарды қайта қарау мерзімі көрсетілген конкурсқа қатысудың алдын ала талқылау хаттамасы құрылады.

      Алдын ала рұқсат беру туралы конкурстық комиссияның шешімі конкурстық комиссияның хатшысы 3 (үш) жұмыс күні ішінде республикалық маңызы бар қаланың, астананың білім басқарламасының, қаланың (ауданның) білім бөлімінің интернет-ресурсында орналастырады.

      Әлеуетті жеткізушілерге алдын ала рұқсат беру хаттамасы орналастырылған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күн ішінде алдын ала рұқсат беру хаттамасына сәйкес құжаттарды сәйкес келтіру құқығы беріледі.

      Комиссия конкурсқа қатысуға алдын ала рұқсат беру хаттамасының тізбесінде көрсетілген мектепке дейінгі ұйымдардың конкурсқа қатысуға өтінімдерін оларды сәйкес келтірудің толықтығы тұрғысынан қайта қарайды.

      Комиссия отырыс күнінен кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде орын санын көрсете отырып, мемлекеттік білім беру тапсырысы орналастырылатын мектепке дейінгі ұйымдардың тізбесіне енгізу туралы шешім шығарады.

      Мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру үшін орындардың барынша мүмкін саны көрсетіле отырып, комиссияның шешімі хаттама түрінде ресімделеді.

      Комиссия мынадай:

1) жекеменшік мектепке дейінгі ұйымдарында мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру тізбесіне енгізу туралы;

       2) осы Қағидалардың 2 және 3-тармақтарына сәйкес келмеген жағдайда, жекеменшік мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру тізбесіне енгізуден бас тарту туралы шешімдердің біреуін шығарады.

  1. Жекеменшік мектепке дейінгі білім беру ұйымдары тарапынан мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша орын санына байланысты ұсыныстар саны артқан жағдайда жеткізушілерді Комиссия қосымша өлшемшарттар бойынша конкурс негізінде таңдап алады.
  2. Жеткізушіні конкурс арқылы таңдаудың қосымша өлшем шарттары:

1) жоғары және бірінші санатты тәрбиешілердің үлесі олардың жалпы санынан кемінде 10%;

2) тиісті бейіні бойынша кәсіптік білімі бар тәрбиешілердің үлесі олардың жалпы санынан алғанда кемінде 50%.

      Ашық дауыс беру жолымен комиссия мүшелері дауысының көпшілігімен шешім қабылданды деп есептеледі. Комиссия құрамының дауыстары тең болған жағдайда, Комиссия төрағасының даусы шешуші болып табылады.

      Хаттаманы хатшы ресімдейді, оған төраға және отырысқа қатысқан комиссияның барлық мүшелері қол қояды. Комиссия отырысы қажеттілігіне қарай өткізіледі, егер комиссия мүшелерінің жалпы санының жартысынан астамы отырысқа қатысса дұрыс деп есептеледі.

      Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру туралы шешім аудандық білім бөлімінің интернет-ресурстарында жарияланады.

      Аудандық білім бөлімінің өкілдері жылына бір рет мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру шартында көзделген міндеттемелердің орындалуы бойынша мектепке дейінгі ұйымдар қызметіне мониторинг жүргізеді және консультативтік көмек көрсетеді.

      Мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша орындар бұдан бұрын орналастырылған мектепке дейінгі ұйымдар отырыс хаттамасына конкурссыз енгізіледі.

  1. Жаңа және қосымша орындарға, сондай-ақ мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша орындар бұдан бұрын орналастырылған мектепке дейінгі ұйымдар филиалдарының орындарына мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру конкурс негізінде жүзеге асырылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                                                                                                       №2 Қосымша

                                                                           Абай ауданының білім бөлімінің жекеменшік

                                                                                                    мектепке дейінгі ұйымдарында

                                                                     мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік

                                                                        білім беру тапсырысын орналастыру бойынша конкурс

 

 

Өтініш нысаны (мектепке дейінгі ұйымның бланкінде толтырылады)

 

Мемлекеттік білім беру
тапсырысын орналастыру
бойынша комиссия төрағасына
____________________________
(төрағаның Т.А.Ә.
(бар болғанда))

Өтініш

      Жаңа орындарға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру үшін

      мектепке дейінгі тәрбие және оқу бойынша жеткізушілер тізбесіне

      _________________________________________________________________

      (мектепке дейінгі ұйымның атауы)

      қосуды өтінемін.

      Қосымша: конкурсқа қатысу үшін құжаттар _____ бетте.

      Мектепке дейінгі ұйымның басшысы _________________________

      (Т.А.Ә. (бар болғанда))

      ______________ М.О.

      (қолы)

      Толтырылған күні

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                         №3 Қосымша

                                                           Абай ауданының білім бөлімінің жекеменшік

                                       мектепке дейінгі ұйымдарында

                                                               мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік

                                                                   білім беру тапсырысын орналастыру бойынша конкурс

 

Еңбек нарығының
қажеттіліктерін ескере отырып,
техникалық және кәсіптік, орта
білімнен кейінгі, жоғары және
жоғары оқу орнынан кейінгі
білімі бар кадрлар даярлауға,
сондай-ақ жоғары және (немесе)
жоғары оқу орнынан кейінгі
білім беру ұйымдарында
дайындық бөлімдеріне, мектепке
дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға,
орта білім беруге және қосымша
білім беруге мемлекеттік білім
беру тапсырысын орналастыру
қағидаларына
2-қосымша

Міндеттеме нысаны (мектепке дейінгі ұйымның бланкінде толтырылады)

 

Мемлекеттік білім беру
тапсырысын орналастыру
бойынша комиссия төрағасына
____________________________
(төрағаның Т.А.Ә.
(бар болғанда))

Жеткізушінің міндеттемесі

 

      Осымен _________________________________________________________________

      (мектепке дейінгі ұйымның атауы)

 атынан

      ________________________________________________________________,

      (лауазымы Т.А.Ә (бар болғанда))

      "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес

      тамаққа кететін ата-аналардың төлемақы мөлшері белгіленген, тек қана республикалық

      маңызы бар қаланың, астананың білім басқармаларының, қалалардың (аудандардың)

      білім бөлімдерін жолдамасымен мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша

      балаларды қабылдау туралы міндеттерді орындауға кепілдік береді.

      Мектепке дейінгі ұйымның басшысы

      ____________________________ ____________

      (Т.А.Ә. (бар болғанда))       (қолы)

      М.О.

      Толтырылған күні

Дата публикации
01 июня 2021