Міне көптен күткен жазғы шомылу кезеңі де басталды. Оқу жылы аяқталып жаз басталысымен, суға түсуді сағынған балалар табиғатта демалып суға түсуді бастады.
2021 жылыдың суға түсу маусымы басталғаннан бері су айдындарында суға кетіп қайтыс болған адамдар саны қөбеюде, оның ішінде балалар да бар.
Өкінішке орай осының бәріне ең басты себеп болып табылатын - ол адам факторы. Ол біріншіден судағы қауіпсіздіктің сақталмауы және өзі мен жақындарына жауапсыз көз қарас.
Осыған байланысты, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігімен, 2015 жылдың 19 қантарында № 34 «Су айдындарындағы қауіпсіздік қағидалары» бұйрығы бекітілген. Осы су айдындарындағы қауіпсіздік қағидалары Қазақстан Республикасының су айдындарын пайдалану кезінде азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету тәртібін айқындайды.
Айта кетсек, осы қағидада балалардың судағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету тәртібі бекітілген:
1) кемені белгіленген нормадан артық жүктеуге;
2) 7 жасқа дейінгі балалардың серуендеуіне;
3) кемеден суға секіруге;
4) жеке құтқару құралдарынсыз серуендеуге;
5) шомылуға бөлінген акваторияға кіруге, сондай-ақ кеме жүретін ахуал белгілеріне жақындауға, оларға кемені арқандап байлауға және кеме жүретін жолда тоқтауға рұқсат етілмейді.
Құрметті ата-аналар! Судағы қауіпсіздікті сақтасақ, бәріміздің табиғаттағы демалысымыз жақсы және қауіпсіз өтеді.
Өзіміздің және жақындарымыздың өмірін сақтайық.
ШҚО ТЖД Абай ауданының ТЖБ бас маманы
азаматтық қорғау подполковнигі Тұрғали Дәурен Қуанышберұлы