ЖОБА
Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке
оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған
шығындарды өтеу туралы
Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 11 шілдедегі «Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» Заңының 16-бабының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі «Қазақстан Республикасында мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы» Заңының 11-бабының 1- тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабының 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес, Абай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1) мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алуды мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды үйде оқу фактісін растайтын оқу орнының анықтамасы негізінде «Абай аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі жүргізеді;
2) үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу (толық мемлекеттің қамсыздандыруындағы мүгедек балалардан және оларға қатысты ата-аналары ата-ана құқығынан айырылған мүгедек балалардан басқа) отбасының табысына қарамастан мүгедек балалардың ата-анасының біреуіне немесе өзге де заңды өкілдеріне беріледі;
3) мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өтеу үшін қажетті құжаттар тізбесі Қазақстан Республикасы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрінің 2021 жылғы 25 наурыздағы № 84 «Әлеуметтік-еңбек саласында мемлекеттік қызметтер көрсетудің кейбір мәселелері туралы» бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 22394 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде 2021 жылдың 30 наурызында жарияланған) «Мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсаған шығындарды өтеу» мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларының 3-қосымшасына сәйкес ұсынылады;
4) шығындарды өтеу аудандық білім бөлімінің психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациясының қорытындысында белгіленген мерзім аяқталғанға дейін өтініш берген айдан бастап жүргізіледі;
5) шығындарды тоқтатуға әкеп соққан жағдайлар бар болғанда (мүгедек балалардың он сегіз жасқа толуы, мүгедек баланың қайтыс болуы, мүгедектікті алып тастау, мүгедек баланың мемлекеттік мекемелерде оқып жатқан кезеңінде) төлемдер сәйкес жағдайлар туындағаннан кейінгі айдан бастап тоқтатылады.
1) Абай аудандық мәслихатының 2016 жылғы 18 қазандағы № 6/6-VI «Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарды өтеу туралы» шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2016 жылы 3 қарашада № 4729 болып тіркелген, 2016 жылғы 10 қарашадағы Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған);
2) Абай аудандық мәслихатының 2019 жылғы 18 қазандағы № 40/4-VI «Абай аудандық мәслихатының 2016 жылғы 18 қазандағы № 6/6-VI «Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарды өтеу туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6243 болып тіркелген, 2019 жылғы 12 қарашадағы Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған).
Сессия төрағасы
Абай аудандық
мәслихатының хатшысы Е.Лдибаев