«CHEECHAKO» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қауымдық cервитут белгілеу туралы

ЖОБА

 

 

«CHEECHAKO» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне

қауымдық cервитут белгілеу туралы

 

          Қазақстан Републикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы «Қазақстан Републикасының  Жер кодексінің» 69 – бабының 4 – тармағына және 71-1 – бабының 2 – тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 – бабының 1 – тармағының 10) тармақшасына сәйкес, Абай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Қоса берілген сызбаға сәйкес «CHEECHAKO» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне пайдалы қазбаларды барлау бойынша жұмыстарды жүргізу үшін Абай ауданы Саржал ауылдық округі аумағында орналасқан 05-236-004 есеп кварталының жалпы алаңы 670,0 гектар жер учаскесіне жер пайдаланушылардан алып қоймай, 2026 жылдың 4 маусымына дейінгі мерзімге қауымдық сервитут белгіленсін.
  2. «CHEECHAKO» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі пайдалы қазбаларды барлауды аяқтағаннан соң бүлінген жерлердің топырақ құнарлығын қалпына келтіруді жүргізсін.
  3.      «Абай ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіпте:

1) осы қаулыны Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы қаулыны Абай ауданы әкімдігінің интернет ресурсында орналастырылуын;

3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.

  1. Осы қаулының орындалуын бақылауды Абай ауданы әкімінің орынбасары Т. Есімжановқа жүктелсін.
  2.    Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Абай ауданының әкімі            

 

Абай ауданы әкімдігінің

2021 жылғы «___»_________

№______ қаулысына  қосымша

«CHEECHAKO»  жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне жер учаскесін шектеулі мақсатта пайдалану құқығын беру сызбасы

Масштаб 1:75 000

                                                                            

Дата публикации
01 апреля 2021