ЖОБА
Абай аудандық мәслихатының 2019 жылғы 18 маусымдағы № 36/2-VI «Әлеуметтiк көмек көрсетудiң, оның мөлшерлерiн белгiлеудiң және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тiзбесiн айқындаудың Қағидаларын бекiту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабының 2-3 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 «Әлеуметтiк көмек көрсетудiң, оның мөлшерлерiн белгiлеудiң және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тiзбесiн айқындаудың үлгiлiк қағидаларын бекiту туралы» қаулысына сәйкес, Абай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
көрсетілген шешіммен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидалары қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
|
Сессия төрағасы
Мәслихат хатшысы
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Абай аудандық мәслихатының |
||
Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – уәкілетті ұйым) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсету, «бір терезе» қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсетуге өтініштер қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған, жылжымайтын мүлікке құқықтарды оның орналасқан жері бойынша мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын заңды тұлға;
2) атаулы күндер – жалпы халықтық тарихи, рухани, мәдени маңызы бар және Қазақстан Республикасы тарихының барысына ықпал еткен оқиғалар;
3) арнайы комиссия – өмірде қиын жағдайдың туындауына байланысты әлеуметтік көмек көрсетуге үміткер адамның (отбасының) өтінішін қарау бойынша Абай ауданы әкімінің шешімімен құрылатын комиссия;
4) ең төмен күнкөріс деңгейі – Шығыс Қазақстан облысының статистика органдары есептейтін мөлшері бойынша ең төмен тұтыну себетінің құнына тең, бір адамға қажетті ең төмен ақшалай кіріс;
5) мереке күндері – Қазақстан Республикасының ұлттық және мемлекеттік мереке күндері;
6) отбасының (азаматтың) жан басына шаққандағы орташа табысы – отбасының жиынтық табысының айына отбасының әрбір мүшесіне келетін үлесi;
7) орталық атқарушы орган – халықты әлеуметтік қорғау саласында мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз ететін мемлекеттік орган;
8) өмірдегі қиын жағдай – азаматтың тыныс-тіршілігін объективті түрде бұзатын, ол өз бетінше еңсере алмайтын ахуал;
9) уәкілетті орган – жергілікті бюджет есебінен қаржыландырылатын, әлеуметтік көмек көрсетуді жүзеге асыратын «Абай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі;
10) учаскелік комиссия – әлеуметтік көмек алуға өтініш білдірген адамдардың (отбасылардың) материалдық жағдайына тексеру жүргізу және қорытындылар дайындау үшін Абай ауданы әкімінің шешімімен құрылатын комиссия;
11) шекті шама – әлеуметтік көмектің бекітілген ең жоғары мөлшері.
Әлеуметтік көмек бір рет жене (немесе) мерзімді ( ай сайын, тоқсан сайын, жартыжылдықта 1 рет) көрсетіледі.
6.Учаскелік және арнайы комиссиялар өз қызметін Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі бекітетін ережелердің негізінде жүзеге асырады.
2-тарау. Әлеуметтік көмек алушылар санаттарының тізбесін айқындау және әлеуметтік көмектің мөлшерлерін белгілеу тәртібі
Бұл ретте азаматтарды өмірлік қиын жағдай туындаған кезде мұқтаждар санатына жатқызу үшін мыналар:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген негіздемелер;
2) табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келтіру;
3) Абай аудандық мәслихатымен бекітілген ең төмен күнкөріс деңгейіне еселік қатынаста белгілейтін шектен аспайтын жан басына шаққандағы орташа табыстың болуы.
1) жетім балалар, және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар;
2) қадағалаусыз қалған, оның ішінде девианттық мінез-құлықты кәмелетке толмағандар;
3) арнаулы білім беру ұйымдарында, ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымдарында жүрген кәмелетке толмағандар;
4) туғаннан бастап үш жасқа дейінгі балалардың ерте психофизикалық дамуы мүмкіндіктері шектелген балалар;
5) дене және (немесе) ақыл-ой мүмкіндіктерімен байланысты организм функцияларының тұрақты бұзылуы бар адамдар;
6) әлеуметтік мәні бар аурулардың және айналадағыларға қауіп төндіретін аурулардың салдарынан тыныс-тіршілігі шектелген адамдар;
7) жасының егде тартуына байланысты, ауруы және (немесе) мүгедектігі салдарынан өзіне-өзі күтім жасай алмауы;
8) әлеуметтік бейімсіздікке және әлеуметтік депривацияға алып келген қатыгездікке ұшыраған адамдар;
9) баспанасыздар (белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдар);
10) бас бостандығынан айыру орындарынан босап шыққан адамдар;
11) пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар;
12) табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан зиян алған адамдар (отбасылар);
13) белгіленген шектен аспайтын өтініш жасалған тоқсанның алдындағы тоқсанда жан басына шаққандағы орташа табысы бар адамдар (отбасылар).
1) Ауғаныстан аумағынан әскерлерді шығару күні интернационалист - жауынгерлерді еске алу күні - 15 ақпан:
Ауғаныстанда немесе ұрыс қимылдары жүргізілген басқа мемлекеттерде әскери міндетін өтеу кезіндегі әскери қызметшілерге – 33,4 айлық есептік көрсеткіш;
Ауғаныстандағы немесе ұрыс қимылдары жүргізілген басқа мемлекеттердегі ұрыс қимылдары кезеңінде жараланудың, контузия алудың, зақымданудың немесе ауруға шалдығудың салдарынан қаза тапқан (хабар-ошарсыз кеткен) немесе қайтыс болған әскери қызметшілердің отбасыларына – 33,4 айлық есептік көрсеткіш;
2) Халықаралық әйелдер күні - 8 наурыз:
«Алтын алқа» алқасымен, I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен марапатталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған көпбалалы аналарға - 5 айлық есептік көрсеткіш;
«Күміс алқа» алқасымен марапатталған көп балалы аналарға - 5 айлық есептік көрсеткіш;
бірге тұратын төрт және одан көп кәмелетке толмаған балалары, оның ішінде орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беретін ұйымдарда, жоғары оқу орындарында күндізгі оқу нысанында оқитын балалары бар көп балалы отбасылар, балалары кәмелеттік жасқа толғаннан кейін олар оқу орнын бітіретін уақытқа дейін (бірақ әрі дегенде жиырма үш жасқа толғанға дейін) - 5 айлық есептік көрсеткіш;
3) Халықаралық радиациалық авариялар мен апаттар құрбандарын еске алу күні - 26 сәуір:
1986-1987 жылдары Чернобыль АЭС-індегі апаттын, сондай-ақ азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың зардаптарын жоюға қатысқан, сондай-ақ, ядролық сынақтар мен жаттығуларға тікелей қатысқан адамдарға – 34,282 айлық есептік көрсеткіш;
1988 - 1989 жылдардағы Чернобыль АЭС-дағы апаттың зардаптарын жоюға қатысушылардың, қоныс аудару күнінде құрсақта болған балаларды қоса алғанда, оқшаулау және көшіру аймағынан қоныс аударылғандардың (өз еркімен кеткендердің) және Қазақстан Республикасына қоныстанғандардың қатарындағы адамдарға – 34,282 айлық есептік көрсеткіш;
Чернобыль АЭС-iндегi апаттың, азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың, ядролық қаруды сынаудың салдарынан мүгедек болған адамдар, сондай-ақ ата-анасының бiрiнiң радиациялық сәуле алуы себебiнен генетикалық жағынан мүгедек болып қалған олардың балалары – 24 айлық есептік көрсеткіш;
4) Қазақстан халқының бірлігі мерекесі - 1 мамыр:
көру бойынша 1 топтағы мүгедектерге - 10 айлық есептік көрсеткіш;
5) Жеңіс күні - 9 мамыр:
Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларына – 342,818 айлық есептік көрсеткіш;
қорғанысына қатысу майдандағы армия бөлiмдерiнiң әскери қызметшiлерi үшiн белгiленген жеңiлдiк шарттарымен зейнетақы тағайындау үшiн еңбек өткерген жылдарына 1998 жылғы 1 қаңтарға дейiн есептелдi, Ұлы Отан соғысы кезiнде қалаларда қызмет атқарған әскери қызметшiлер, сондай-ақ бұрынғы КСР Одағы iшкi iстер және мемлекеттiк қауiпсiздiк органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдарына – 34,282 айлық есептік көрсеткіш;
Ұлы Отан соғысының қайтыс болған мүгедегінiң немесе жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне теңестiрiлген адамның екiншi рет некеге тұрмаған жұбайына (зайыбына) – 10,285 айлық есептік көрсеткіш;
Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбек мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен марапатталған адамдар - 10,285 айлық есептік көрсеткіш;
1941 жылғы 22 маусым - 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты ай жұмыс істеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен марапатталмаған адамдар- 10,285 айлық есептік көрсеткіш;».
6) Саяси құғын-сүргін құрбандарын еске алу күні - 31 мамыр:
саяси құғын - сүргін құрбандары болған азаматтарға – 4,285 айлық есептік көрсеткіш;
7) Қазақстан Республикасының Конституциясы күні - 30 тамыз:
16 жасқа дейінгі мүгедек бала асыраушы адамдарға – 4,8 айлық есептік көрсеткіш.
3-тарау. Әлеуметтік көмек көрсету тәртібі
1) жеке басын куәландыратын құжатпен;
2) адамның (отбасы мүшелерінің) табыстары туралы мәліметтермен;
3) өмірде қиын жағдайдың туындағанын растайтын актімен және/немесе құжаттыпен қоса өтініш береді.
Адамның (отбасы мүшелерінің) табысына қарамастан тағайындалатын әлеуметтік көмекті алу үшін адамның (отбасы мүшелерінің) табыстары туралы мәліметтер ұсынылмайды.
Ауылдық округ әкімі учаскелік комиссияның актісі мен қорытындысын алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде оларды қоса берілген құжаттармен уәкілетті органға жібереді.
Осы қағидалардың 17 және 18 тармақтарында көрсетілген жағдайларда уәкілетті орган өтініш берушіден немесе ауылдық округтің әкімінен құжаттарды қабылдаған күннен бастап жиырма жұмыс күні ішінде әлеуметтік көмек көрсету не көрсетуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.
1) өтiнiш берушiлер ұсынған мәлiметтердiң дәйексiздiгi анықталған;
2) өтiнiш берушi адамның (отбасының) материалдық жағдайына тексеру жүргiзуден бас тартқан, жалтарған;
3) адамның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысы әлеуметтiк көмек көрсету үшiн белгiлеген шектен артқан жағдайда.
4-тарау. Көрсетілетін әлеуметтік көмекті тоқтату және қайтару үшін негіздер
1) алушы қайтыс болғанда;
2) алушы Абай ауданы шегінен тыс тұрақты тұруға кеткен;
3) алушыны мемлекеттік медициналық-әлеуметтік мекемелерге тұруға жіберген;
4) алушы ұсынған мәліметтердің дәйексіздігі анықталған жағдайларда тоқтатылады.
Әлеуметтік көмекті төлеу көрсетілген жағдаяттар туындаған айдан бастап тоқтатылады.
5-тарау. Қорытынды ереже