ЖОБА
2021 жылға пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды,сондай-ақ
бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды
жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі Қылмыстық-атқару кодексінің 18-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қантардағы Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабы 1 тармағының 14-1) тармақшасына, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 9 бабының 7), 8) тармақшаларына, «Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 26 мамырдағы № 412 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13898 тіркелеген) бұйрығына сәйкес, Абай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін Абай ауданының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жолданылуын;
3) ресми жарияланғанынан кейін осы қаулының Абай ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Аудан әкімі Ж. Байсабыров
Аудан әкімдігінің
2021 жылғы «___» __________
№____қаулысына
қосымша
2021 жылға пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды, сондай-ақ
бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды
жұмысқа орналасыру үшін жұмыс орындарына квота
белгіленетін ұйымдардың тізбесі
|
№ |
Кәсіпорын атауы |
Жұмыскерлер-дің тізімдік саны |
Квота мөлшері |
Жұмыс орындар саны (адам) |
|
1 |
Шығыс Қазақстан облысының Абай ауданы әкімдігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Риза» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорыны |
50 адам |
1 % |
1 |