2020 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында Абай ауданы бойынша 61973 мемлекеттік қызмет көрсетілді. Оның ішінде: қағаз нысанында – 173 (баламасыз), 0,27 % құрайды;
«Электрондық үкімет» веб-порталы және (немесе) Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілуі мүмкін құжаттар 416 (баламалы), 0,67 құрайды;
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы 1119 мемлекеттік қызметтер, 1,80 % құрайды;
Электрондық түрде 60265 мемлекеттік қызметтер көрсетілді (ЭҮП – 56047, ол 90,43 % құрайды; Е-лицензиялау – 361, ол 0,58 % құрайды; көрсетілген қызметті берушінің ақпараттық жүйелері – 3857, ол 6,22 % құрайды;) 97,24 % құрайды. 112 бас тарту тіркелді, барлығы негілделген.
Электрондық форматта 56408 мемлекеттік қызмет көрсетілді, бұл көрсетілген мемлекеттік қызметтердің жалпы санының 91,02 % құрайды.
2020 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында мемлекеттік қызметтер көрсету бойынша халыққа түсіндіру мақсатында 17 семинар (оның ішінде 7 бейне-байланыс арқылы) өткізілді, жергілікті «Абай елі» газетіне мемлекеттік қызметтер бойынша халықты ақпараттандыру мақсатында 19 мақала жарияланды.
Барлық ауылдық округтерде электрондық форматта және мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді халық арасында кеңінен насихаттау, түсіндіру жұмыстары жүргізіліп келеді.
Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызметтер туралы» Заңының 11 бабының 12) тармағына, «Мемлекеттік қызмет көрсету сапасына ішкі бақылау жүргізу қағидасы туралы» Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 8 желтоқсан 2016 жылғы № 78 санды бұйрығына сәйкес аудан әкімі аппаратында 2020 жылға арналған бақылау іс-шаралары жоспары бекітілді. 8 бақылау іс-шаралары жүргізілді.