Абай ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының
күшін жою туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабының 2 тармағына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңының 27 бабына, Қазақстан Республикасының 2019 жылғы 27 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы, мемлекеттік басқару жүйесін, бюджетаралық қатынастарды жетілдіру, кредиттеу және білім беру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңының 1 бабының 19 тармағының 4) тармақшасына сәйкес, Абай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
3) Абай ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 26 наурыздағы № 62 «Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған, адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 5592 тіркелген, 2018 жылдың 9 сәуірінде Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерін Эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған).
1) осы қаулының аумақтық әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін Абай ауданының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялануын қамтамасыз ету;
3) ресми жарияланғаннан кейін осы қаулының Абай ауданы әкімдігінің интернет – ресурсында орналастыруы қамтамасыз етілсін.
Абай ауданының әкімі Ж.Б.Байсабыров